Статья (из опыта работы по ЕНТ)

загружен файлОқушыларды  ҰБТ-ға дайындаудың                                                                      тиімді жолдарыЕліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Н.Ә. Назарбаев Елбасының бұл нақыл сөзінің түйіні терең мағынада, себебі ҰБТ-ға дайындық жасаған кезде мұғалімнің атқаратын рөлі өте маңызды. Оқушылардың білімдері тұрақты, терең болу үшін, мұғалім білім берудің тиімді формаларын іздеп, қолданысқа енгізгені жөн.  Бірнеше жылдан бе...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья (из опыта работы по ЕНТ)Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың

тиімді жолдары

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә. Назарбаев


Елбасының бұл нақыл сөзінің түйіні терең мағынада, себебі ҰБТ-ға дайындық жасаған кезде мұғалімнің атқаратын рөлі өте маңызды. Оқушылардың білімдері тұрақты, терең болу үшін, мұғалім білім берудің тиімді формаларын іздеп, қолданысқа енгізгені жөн.

Бірнеше жылдан бері, мектеп мұғалімдерінің басты мақсаты оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындау. Себебі, ҰБТ оқушыларға мектепті аяқтағаны жөнінде аттестат алумен бірге жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді. Мен өзімді тәжірибелі ұстаздың бірімін деп есептеймін, себебі ҰБТ-ға оқушыларды 2003 жылдан бастап дайындап келемін. Тест сұрақтары жылдан-жылға логикасы жағынан, мазмұны жағынан болсын өзгеріп келеді.ҰБТ оқушылар үшін алған білімдерін қорытындылайтын, өз мүмкіншіліктерін сынайтын тексерудің бір түрі.ҰБТ-да жинаған ұпайлары мемлекеттіктік грант алуға тікелей байланысты болғандықтан, оқушылардың ҰБТ-ға көзқарастары да өзгерді. Бірақ, мектеп оқушыларының білім деңгейлері бірдей емес екендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан, 10-шы сыныптан бастап оқушыларды топтастырып дайындауға болады. Ол үшін бірінші тестілеуде нәтижесін нақты шығарамын. Одан кейін оқушының білім деңгейі бойынша оларды 4 топқа бөлемін. Бірінші топты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үздік оқитын оқушылар құрайды, екінші топты жақсы оқитын оқушылар, үшінші топты орташа оқитын оқушылар құраса, ал төртінші топты үлгерімдері төмен деңгейдегі, мәліметті баяу қабылдайтын оқушылар құрайды. Осылай топтастырғанда оқушының оқу іс-әрекетінің өзгешілігі, өзіне тән ерекшеліктері айқын байқалады.

Біздің мектебімізде әр дүйсенбі сайын мектепішілік сынама тестілеу өткізіледі. Сол тестілеуде бірінші, екінші топтың оқушылары тест тапсырмасын орындауда еш қиыншылықты сезінбейді. Олар көбінесе 20-дан астам ұпай жинайды.Үшінші топтағы оқушылар 15 ұпайдан бастап 17 ұпайға дейін ұпай санын жинайтындар, соңғы топтағылар ережелерді дұрыс қолдана алмайтын оқушылар, себебі ережелерді жаттамайды. Сондықтан, бұл жағдайда қиындық тест сұрақтарынан туындап отырған жоқ, оқушының жалқаулығы мен жауапсыздығы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жақсы нәтижеге жету үшін сабақтарды, қосымша сабақтарды қызықты, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар беріп оқыту керек деп есептеймін. Бірақ, мына мәселелерге де көңіл бөлген жөн. Ұмытудың үрдісін азайту, есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек. Ал, денсаулығы мықты оқушы болу үшін, бала уақытында дем алып, дұрыс тамақтану ережесін ұстану қажет.

Қорыта келе, оқушыларға мынадай кеңес беруді тиімді деп санаймын:

1. Дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарындаштарыңды, барлық керексіз заттарыңды алып таста.

2. Бөлме интерьеріне таза ақшыл, сары мен жасыл жылы түстерді енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Ол үшін осы түстегі әдемі суреттерді іліп қою жеткілікті.

3. Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта, - «жапалақсың» ба, әлде «бозторғайсың» ба? Содан соң соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің.

4.Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда, дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.

5.Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал, егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты, әрі түсініктісінен баста. Мүмкін, осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.

6. Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп, сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

7. Бір пән бойынша неғұрлым әртүрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әртүрлі конструкциясымен таныстырады.

8.Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.

9.Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте.

10. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.

Қиындық тудырған сұрақтарды сыныпта мұғаліммен бірге талдап, шешімін табуға тырысатын шәкірттер жақсы дәрежеге жетеді. Осы әдіспен жұмыс істейтін оқушылар біршама жақсы нәтиже көрер деп ойлаймын.

№41ЖОБМ-ның ӘБ жетекшісі

Г.Ж. Жүсіпова

Статья (из опыта работы по ЕНТ)

© 2010-2022