Разработка урока по казахскому языку Киіз үй

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйРазработка урока по казахскому языку Киіз үйҚазақ тілі 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй

Сабақтың мақсаты: Киіз үй туралы білімдерін толықтыру, салыстыра білуге үйренеді.Халқымыздың қолөнерін,мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Өз ісіне талдау жасай алады.

2.Оқушылардың ой өрісі,дүниетанымы кеңейеді,шығармашылықпен жұмыс істей отырып,сөздік қорын молайтады,тіл байлығын арттырады.

3.Сатылай кешенді талдау бойынша білімдерін бекіту,тиянақтау.

Стратегиялары: топтастыру,кубизм,ББҮ стратегиялары

Сабақтың көрнекі құралдары: киіз үй макеті , үлестірмелер

Сабақтың барысы:


І.Қызығушылықты ояту.

Елестету (тренинг)

(көзімізді жұмамыз,еркін демаламыз)

Жаз.Жайлау.Көк шөп.Сарқырап ағып жатқан өзен.Жайылған мал.

Таза ауа.Самал жел.Киіз үй.

Топтастыру стратегиясы

Киіз үй

(суретін көрсетіп ,бұл туралы не білетіндерін алдарындағы қағаз бетіне,сызба,сурет не басқаша түрде салып не жазып , ол жұмысты топтан спикер шығып қорғайды)

ІІ.Мағынаны тану.

Кубизм стратегиясы

Сынып алты топқа бөлінеді ,әр топқа кубтың алты қырындағы тапсырмалар беріледі.Әр топ өзіне спикер сайлайды.

1 топ. Суреттеу.

Киіз үйді суреттеп айтады.

2 топ.Салыстыру.

Киіз үйді ,шым үймен салыстыру.

3 топ.Талдау.

Киіз үйдің неден істелгенін айту.

4 топ. Таңдау.

Киіз үй туралы ойларың.

5 топ.Қолдану.

Киіз үйден не істеуге болады?

6 топ.Бағалау.

Киіз үйдің жақсы,жаман жағын айтып баға беру.

Жазбаша жұмыс

Сыныпты үш топқа бөліп,сатылай-кешенді талдау жасау.

1 топ

Фонологиялық талдау.

КИІЗ

1.жіңішке буынды сөз,

өйткені құрамындағы

дауыстылар жіңішке

2. Ки- із ,АБ + ТБ

3.тасымалданбайды,дәлелдейді

4.киіз (екпін соңғы буынға түседі), дәлелденеді

2 топ

Дыбыстарға математикалық талдау (дыбыстық мінездеме)

ОТАУ

Берілгені: Отау - o=+∆

Шешуі: Отау сөзінде 4 o = 2  (о,а) + 2 ∆ (т,у)

2  (о,а) жуан ,ашық

2  (о,а) =

1  (о) еріндік , 1 (а) езулік

1 ∆ (т) қатаң

2 ∆ (т,у) =

1 ∆ (у) үнді


3 топ

Сөз құрамына,лексикалық мағынасына қарай талдау

ҚОЛӨНЕР

ҚОЛӨНЕР

1.бұл сөз екі құрамнан тұр: қол+өнер;

2.тұлғасына қарай - туынды (екі түбірден жасалған);

3.құрылысына қарай - күрделі, себебі біріккен сөз;

4. лексикалық мағынасы - өнерге берілген атау;

ІІІ.Ой толғаныс

ББҮ стратегиясы (Білемін.Білгім келеді.Үйрендім)

Әр балаға жеке кесте беріледі ,олар берілген уақытта оны толтырып шығып , топ атынан отаға шығарылатын үлкен қағазға ортақ шешім жазылады.

БІЛЕМІН


БІЛГІМ КЕЛЕДІ

ҮЙРЕНДІМ



Бағалау.

Үйге тапсырма: Киіз үйге ши не үшін керек?






© 2010-2022