Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеуде Абай даналығының маңызы статья

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас ұрпақты рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегі

Абай Құнанбайұлы даналығының маңызы.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге

С. Торайғыров

Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ол педагогикалық псилогияның қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса құнды пікірлер айтты. Сөйтіп ұлы ойшыл өз халқаның педагогикалық ой-парасаты ақыл тезі, жүрек қылынан өткізі келе, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді. Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек, оның бүгінгі заман талап-тілектерімен жан-жақты астасып жатқанын байқаймын. Абай ең алдымен жастардың алдында тұрған басты міндет-ғылым, білім үйрену жолы екенін атап көрсетті. Адам бойындағы қазынаны үлкен, әрбір жігерлі жастың талпынатын ғылым болуы керектігін ашып айтты. "Дүниенің кілті өнер мен ғылымда тұр. Соны мақсат қылып ғылым табу керек өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз тұтқан ораза қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды дейді оныншы қара сөзінде". "Үш ақ нірсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" дей келе ақын. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз ғылым сол үшеуінің тілін білмек, - деп ғылымды аса жоғары бағалайды. Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға: Адам көңілі мейірленсе білім ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Ғылымды үйренгенде ақиқатты мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Басқасына бола үйренбе..." - деп ескерту жасайды. (32 қара сөз). Абай адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат, білім-ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады. "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, німез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық",-деген қорытынды жасайды. (18 қара сөз). Бұл Абайдың айтып отырған педагогикалық ой толғамдары, келер ұрпаққа беріп отырған кеңесі болатын. Абай жастардың адам болу үшін жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды."Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп мал ізде" - деп ақыл береді.Ұлы ойшыл өзінің өмірден көрген білгенін, түйгенін екшей келіп"Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол,

Адам болам десеңіз " , - деп санап шығады:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз...

Сөйтіп, Абай бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін ажыратып, келешек ұрпағына тағылымы мол өсиет қалдырды. Абайдың ойынша тәрбиеге көнбейтін, тәртіпке бағынбайтын, түзелмейтін адам болмайды. "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім",-дейді.(37 қара сөз). Абай Құнанбаевтың жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан, ғылым-білім, қанағат-инабат, әділет-шапағат, шынайы достық қай дәуірде болсын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Ұлы ақылгөйдің терең толғаныстарынан туған ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын мәңгі жоймайды.

Пайданы көрсең ,бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Азапқа қалма езбеден,- деп, жастарға насихат айтады. Оларға күншілдіктен аулақ жүріп, бос мақтанға салынбау керектігін ұқтырады, пайданы ойлап ардан безу адамдықты аздыратын қылық екенін. Толық адам болғысы келген әрбір жастың алдына мақсат қойып, соған жету үшін талпынуы, ізденуі, ерінбей еңбек ету керектігін ескертеді. « Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе,күніне бір мәртебе , болмаса жұмасына бір, не болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал»-дейді. Ұлы ғұлама надандықты, еріншектікті, зұлымдықты «күллі адам баласын қор қылатынкеселдер» деп есептейді. (38-ші қара сөзінде )

3-ші қара сөзінде еріншек, жалқауға мынадай сипаттама береді: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады.Әрбір қайратсыз қорқақ мақтаншақ келеді.Әрбір мақтаншақ қорқақ , ақылсыз,надан келеді. Әрбір арсыз жалқаудан тойымсыз, тыйымсыз,өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. «Залымдық- адам баласының дұшпаны»- дейді Абай. Алдау, арбау, қулық, екіжүзділік, жалақорлық, күншілдік мінездерді залымдық деп қатаң сынайды.Данышпан ақын жастардың осындай адам баласын қор қылатын, адамдықтың дұшпаны болып табылатын кеселдерден аулақ болуын көксейді.Әрбір саналы жастың пайдалы іспен айналысып, өнер үйренуін талап етеді. 33-ші қара сөзінде «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.Мал жұтайды,өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерші -қазақтың әулиесі» - дейді.

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын,-дей отырып еңбекті сүймеушілік,жұмыссыздық адамды теріс жолдарға түсіріп бұзатындығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта да жұмыссыз сандалып, жеңіл жүрісті кәсіп еткен жастардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Абай адал еңбекті адамның барлық рахатының көзі санайды. « Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық»- дей келе еңбекті сүйген адамның жан қасиеті ізгі болатындығын дәлелдейді.



© 2010-2022