Разработка урока на тему: Қаламыздағы қонақ үйлер

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі 11- сынып

Сабақтың тақырыбы: Қаламыздағы қонақ үйлер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың демалыс, туризм, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;білім деңгейін көтеру; жаңа сөздер меңгерту;

Дамытушылық: Оқушылардың оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын дамыту; сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің әсемдігі мен сұлулығына сүйсіндіре отырып, отансүйгіштікке баулу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі,

Негізгі әдіс: ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: кеспе, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі: тарих, жағрафия, мәдениеттану

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І дидактикалық кезең

Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы

Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады. Суреттегі ғимараттар атауын атап, олардың қай жерде, қай көшеде орналасқанын айта отырып, бүгінгі лексикалық тақырыпты тауып шығарады.

1.Сыныппен амандасу

2.Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім

3.Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІ дидактикалық кезең

«Қайталау - оқу анасы»

Міндеті: Лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастырып, сөйлемдер құрап, етістікті әр түрлі формада қолдана алатындарын көрсетеді. (Оқушыларға интерактивті тақтада суреттер беріледі, сол суреттер арқылы етістік тақырыбына тоқталып, оның шақ, жақ, рай категорияларын естеріне түсіреді.

Атқарылатын жұмыс түрі: Берілген етістіктердің жұрнақтарын анықтап, түрлеріне бөлу

ІІІ дидактикалық кезең

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл!»

Міндеті: Оқушыларға зат есімдер жазылған кеспелер таратылады және олар сол сөздерді қатыстырып, қонаққа келген адамдардың келу мақсатын анықтау)

Атқарылатын жұмыс түрі: : (саяси жұмыстар, іссапар, саяхат, гастрольдік сапар, ресми сапар, мәдени шара, өндірістік мәселелер)

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: Мо Хай өндірістік сұрақтарды шешу үшін, Екібастұз қаласындағы «Екібастұз» қонақүйіне ұшақпен ұшып келді.

ІV дидактикалық кезең

«Көп ойлан, жақсы сөйле - пайдалы болсын»

Міндеті: өз туған қалаңның мәдени ошақтарын білу қажеттілігін көрсету

Атқарылатын жұмыс түрі: Мәтінмен жұмыс

"Екібастұз" қонақ үйі Екібастұз қаласының жайлы да жасыл көшесінде ... . Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен ... .

"Екібастұз" - Екібастұз қаласында қонақ үй бизнесінен лайықты ... . Бұл қонақ үй қаламызға келетін шетелдік қонақтар арасында ерекше белгілі. Мұнда тамаша демалуға және іскерлік кездесулер өткізуге барлық жағдайлар ... . "Екібастұз" қонақ үйінің жаңашыл үлгідегі 5 қабатты ғимараты мен жайлы нөмірлері қала қонақтарына қолайлы сервис ... . Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай ... . Ғимараттың орналасқан мекен-жайы: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшес., 54 үй.

-Мәтінді өзім мәнерлеп оқимын

- оқушылар кезекпен бір-бір сөйлемнен оқиды және аударады, мазмұнын түсіндіреді

- тікелей сабаққа қатысты сөздермен жұмыс: берілген етістіктерді аударып жазу...

Орналасқан - расположен

Қарсы алады- встречает

Орын алады - занимает место

Ұсынады - предлагает

Жасалған - созданы

(мәтінді өзім оқимын, оқушылар көп нүктенің орнына қажетті етістіктерді естеріне түсіре отырып жазады)

-мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы мәтінді аудару

-мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу:

V. дидактикалық кезең

«Артық болмас білгенің...»

Міндеті: грамматикалық тақырыпты пысықтау

Атқарылатын жұмыс түрлері: Мәтінде берілген грамматикалық бірліктерге талдау жүргізу.

1- тапсырма:Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін тауып, оларға талдау жүргіз,

2- тапсырма :Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады. Сөйлемге СКТТ технологиясы бойынша синтаксистік талдау жаса.

3-тапсырма: орналасқан, ұшып келу етістіктерін 3 жақта жекеше, көпше түрінде жікте

4-тапсырма: Етістікке морфологиялық талдау жасау.

• Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай туғызылған.

1. Етістік

2. Не істелген?

3. Ту - түбір, ғыз - өзгелік етіс тудырушы жұрнақ, ыл - ырықсыз етіс тудырушы жұрнақ, ған - бұрынғы өткен шақ жасайтын жұрнақ

4. Тұлғасына қарай: негізгі

5. Мағынасына қарай: негізгі

6. Объектіге қатысына қарай: салт

7. Нәтижесіне қарай: болымды

8. Құрамына қарай: күрделі:құранды

9. Синтаксистік қызметі: баяндауыш, екі сызықпен сызылады.

VІ дидактикалық кезең

«Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»

Міндеті: Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, бірізділеу, жазу.

Атқарылатын жұмыс түрі: Қонақүй қызметінің шартты белгілерін көрсете отырып, оларға түсініктеме беру

VІІ дидактикалық кезең

«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»

Міндеті:Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту

Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру 1.Жалпысыныптық жұмыс түрі:

1."Қонақүйде өткізген бір күнім.." шағын шығарма жаз

2.Жекелей жұмыс түрі: "қонақүйге тоқтадым" сөз тіркесін 3 жақта жекеше және көпше түрде жікте.

VІІІ дидактикалық кезең.

«Бағалау - мақсатқа жету жолы» Міндеті: Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Атқарылатын жұмыс түрі: Алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.


«Екібастұз» қонақ үйі

"Екібастұз" қонақ үйі Екібастұз қаласының жайлы да жасыл көшесінде орналасқан . Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады .

"Екібастұз" - Екібастұз қаласында қонақ үй бизнесінен лайықты жабдықталған . Бұл қонақ үй қаламызға келетін шетелдік қонақтар арасында ерекше белгілі. Мұнда тамаша демалуға және іскерлік кездесулер өткізуге барлық жағдайларжасалған. "Екібастұз" қонақ үйінің жаңашыл үлгідегі 5 қабатты ғимараты мен жайлы нөмірлері қала қонақтарына қолайлы сервискөрсетуде. Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай ұйымдастырылған . Ғимараттың орналасқан мекен-жайы: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшес., 54 үй.

Орналасқан - расположен

Қарсы алады- встречает

Орын алады - занимает место

Ұсынады - предлагает

Жасалған - созданы

Тапсырмалар.

Мәтінді мәнерлеп оқы, жетекші сұрақтары арқылы мәтінді аудар.

1- тапсырма:Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін тауып, оларға талдау жүргіз,

2- тапсырма :Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады. Сөйлемге СКТТ технологиясы бойынша синтаксистік талдау жаса.

3-тапсырма: орналасқан, ұшып келу етістіктерін 3 жақта жекеше, көпше түрінде жікте

4-тапсырма: Етістікке морфологиялық талдау жасау.

• Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай туғызылған.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті қонақ үйім» тақырыбында шағын эссе жазу.

© 2010-2022