В дыбысы мен арпи

"Описание материала: Омарова Динара Тәліпқызы Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі Оқу-танымдық дағдыларын, көркем жазу, шапшаң оқу біліктерін жетілдіру; б) ұқыптылық пен тазалыққа баулып, жол ережесі тәртібін сақтауға тәрбиелеу; Көрнекілігі: суреттер, әріптер, слайд. Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, ойын. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - х дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдар (хат, асхана, Хасан сөздерінтақтаға жаздырып, дыбыстық талдау жасату) - кітап, ас сөздерінің келесі буындарын атаңдар - Жұмбақты шеш: Қос ішекке қонақтаған қаланы, Қара тұлпар алға сүйреп барады. (поезд) Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. - Оқулықпен жұмыс. «Алғашқы велосипед қандай болған?» мәтінін оқып беру, талдау. Оқушыларға хормен,топпен оқыту 4. Сергіту сәті. Ал, кәнеки, жас ұлан, Ыршып артқа түсейік Талапты бол жасыңнан. Оңға қарай бұрылыс, Қолға рулді ұстайық, Солға қарай бұрылыс. Велосипед ершігіне Бағдаршамға қарайық, Қарғып мініп алайық , Көзіне назар салайық Тіземізді бүгейік. Сәттіліктің ақ жолын Ыршып алға жүрейік, Біліммен іздеп табайық. Тапқышбек тапсырмасы: «Жұбын тап» ойыны ви-тамин ав-тобус вок-зал ва-гон трам-вай Осы сөздердің ішінде қай сөздер көлік атауларын білдіреді? « Көліктер» тақырыбында берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрап, әңгімелету, жұмбақтар шешу. Қанаты бар құс емес, аспанда ұшар қалықтап . (ұшақ) Қамшыласаң жүрмеймін, мініп алып тебінсең, кідіруді білмеймін.(велосипед) Дәптермен жұмыс. Тақтада в дыбысының жазу үлгісін көрсету. Үлгі дәптердегі жазуларды жазу. Ой-толғаныс. В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік? дауыссыз дыбыс велосипед В орыс тілінен енген дыыс барлық буында кездеседі 9.Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу арқылы қорытындылау.  Мінсең көлік , сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)  гон, -гон, -гон, Келіп қалды ---- (Вагон) Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп, қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.  Үй ішінде бөлме, бөлме іші көлде, Түрлі ұсақ балық жүзді сайран салып (Аквариум)  Поездға қай жерден мінеміз? (Вокзал)  Жолаушылар мінгізіп, барар жерге, асығады тез жетпекке. (автобус  Табанында жолы бар Төбесінде қолы бар (трамвай)  Суда жүзетін көлік (Қайық)  Ақ қарда тек тұрмадым Қос тақтаймен зырладым (шаңғы) Сөзжұмбақтың шеші...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласы

№211 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Динара Тәліпқызы

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға в дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбысы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету;

ә) баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, сөйлемді мағыналы түрде құру машықтарын, ой-өрісін, оқу-танымдық дағдыларын, көркем жазу, шапшаң оқу біліктерін жетілдіру;

б) ұқыптылық пен тазалыққа баулып, жол ережесі тәртібін сақтауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, әріптер, слайд.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, ойын.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Психологиялық дайындық.

1,2,3

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

2. Өткенге шолу.

«Мектеп асханасы» мәтінін тізбектей оқыту.

«Вагон құрастыру» ойынын ойнату.

Мақсаты: Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Шарты: Вагон терезесінің ретіне байланысты сұрақтарға жауап беру.

  • х дыбысы қандай дыбыс?

  • х дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдар (хат, асхана, Хасан сөздерінтақтаға жаздырып, дыбыстық талдау жасату)

  • кітап, ас сөздерінің келесі буындарын атаңдар

  • Жұмбақты шеш:

Қос ішекке қонақтаған қаланы,

Қара тұлпар алға сүйреп барады. (поезд)

3. Жаңа сабақ.

-Электронды оқулық

Жұмбақ шешу:

Қамшыласаң жүрмеймін,

Мініп алып тебінсең,

Кідіруді білмеймін. (велосипед)

- «Велосипед» сөзіне дыбыстық талдау жасап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Вдыбысы төменгі ерін мен жоғарғы тістің жуысуынан жасалатын дыбысты белгілейтін орыс тілінен енген таңба.

- Оқулықпен жұмыс.

«Алғашқы велосипед қандай болған?» мәтінін оқып беру, талдау.

Оқушыларға хормен,топпен оқыту

4. Сергіту сәті.

Ал, кәнеки, жас ұлан, Ыршып артқа түсейік

Талапты бол жасыңнан. Оңға қарай бұрылыс,

Қолға рулді ұстайық, Солға қарай бұрылыс.

Велосипед ершігіне Бағдаршамға қарайық,

Қарғып мініп алайық , Көзіне назар салайық

Тіземізді бүгейік. Сәттіліктің ақ жолын

Ыршып алға жүрейік, Біліммен іздеп табайық.

5. Тапқышбек тапсырмасы: «Жұбын тап» ойыны

ви-тамин ав-тобус вок-зал ва-гон трам-вай

Осы сөздердің ішінде қай сөздер көлік атауларын білдіреді?

6. « Көліктер» тақырыбында берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрап, әңгімелету, жұмбақтар шешу.

Қанаты бар құс емес, аспанда ұшар қалықтап . (ұшақ)

Қамшыласаң жүрмеймін, мініп алып тебінсең, кідіруді білмеймін.(велосипед)

7. Дәптермен жұмыс.

Тақтада в дыбысының жазу үлгісін көрсету.

Үлгі дәптердегі жазуларды жазу.

8. Ой-толғаныс.

В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік?

дауыссыз дыбыс велосипед

В

орыс тілінен енген дыыс барлық буында кездеседі

9.Сабақты қорытындылау.

Сөзжұмбақ шешу арқылы қорытындылау.

1.Мінсең көлік , сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)

2-гон, -гон, -гон,

Келіп қалды ---- (Вагон)

Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп, қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.

3. Үй ішінде бөлме, бөлме іші көлде,

Түрлі ұсақ балық жүзді сайран салып (Аквариум)

4. Поездға қай жерден мінеміз? (Вокзал)

5. Жолаушылар мінгізіп, барар жерге, асығады тез жетпекке. (автобус)

6. Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар (трамвай)

7. Суда жүзетін көлік (Қайық)

8. Ақ қарда тек тұрмадым

Қос тақтаймен зырладым (шаңғы)

Сөзжұмбақтың шешімі: Жарайсың

10. Оқушыларды мадақтау


© 2010-2022