М. Әуезов “Көксерек-түз тағысы”

Сабақтың мақсаты: 1.Жазушының табиғат тақырыбы мен адамдар тағдырын қатар суреттеген  “Көксерек” әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автордың көзқарасына бойлау; 2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, мағынаны тануға,түсініп  оқуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу; 3. Табиғатты қорғауға, табиғаттың әрбір перзенттінің орны ерекше екенін айтып түсіндіріп, табиғат пен адам қарым-қатынаста болатынын түсіндіру; Сабақтың типі: қайталау сабағы Сабақтың түрі: білімді жинақтау,бекіту сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілі:  “СТО” технологиясының “Модульдік оқыту”,  “Кубизм стратегиясы”элементтері. Сабақтың көрнекілігі: Жазушы суреті, Табиғат аясындағы қасқырдың суреті.   Кесте, кеспе қағаздар, кітап көрмесі Пәнаралық байланыс: Экология ,география, биология Сабақтың барысы. І.  Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.  Еске түсіру. (миға шабуыл) ІІІ. Түсіну. (Әңгіме бөлімдеріне ат қойып,мазмұнын баяндау) ІV. Талдау. (Шығарманың композициялық құрылымы) Ү. “Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар) VІ. “Пікір алысу” (қорытынды) VІІ. Бағалау   Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. І слайд Миға шабуыл. (сұрақ-жауап)
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов "Көксерек-түз тағысы"

Сабақтың мақсаты: 1.Жазушының табиғат тақырыбы мен адамдар тағдырын қатар суреттеген "Көксерек" әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автордың көзқарасына бойлау;

2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, мағынаны тануға,түсініп оқуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу;

3. Табиғатты қорғауға, табиғаттың әрбір перзенттінің орны ерекше екенін айтып түсіндіріп, табиғат пен адам қарым-қатынаста болатынын түсіндіру;

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: білімді жинақтау,бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: "СТО" технологиясының "Модульдік оқыту", "Кубизм стратегиясы"элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы суреті, Табиғат аясындағы қасқырдың суреті. Кесте, кеспе қағаздар, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: Экология ,география, биология

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Еске түсіру. (миға шабуыл)

ІІІ. Түсіну. (Әңгіме бөлімдеріне ат қойып,мазмұнын баяндау)

ІV. Талдау. (Шығарманың композициялық құрылымы)

Ү. "Кім кінәлі" (проблемалық сұрақтар)

VІ. "Пікір алысу" (қорытынды)

VІІ. Бағалау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І слайд

Миға шабуыл. (сұрақ-жауап)

1. М.Әуезовтің туған жері

(Қазақстан шығысындағы Семей өңірі Шыңғыстау етегі.)

2. М.Әуезовтің есімі берілген басты кешендер?

(Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтына,Қазақтың мемлекеттік драма театрына)

3.1919 жылы қай жердегі мұғалімдер семинариясын бітірді? ( Семейдегі)

4.Шығарманың тақырыбы дегеніміз не?, идеясы дегеніміз не? (Шығармадағы автор көтерген басты мәселе тақырып деп аталады. Сол тақырыпты танытудағы жазушының ойы мен көзқарасы шығарманың идеясы болады.)

5.М.Әуезов ұлы Абайға арналған еңбегі үшін қандай атаққа ие болды?

(КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Лениндік сыйлықтың лауреаты атағын алды.)

6. Мұхтар Әуезовтың әңгімелері

7. Алғашқы жазған хикаяты «Көксерек» повесті

8. Шығарманың жазылу себебі (Валентина )

Әңгіменің мазмұны

Шығарманы құрылысына талдау.

Композициялық элементтер

Композициялық жоспар

тәсілдері

1)Шығарманың жазылу себебі

Қабырға күнтізбесіндегі қысқы түнде жортқан қасқыр суреті. Жазушының бала кезіндегі аңшылардан естіген әңгімесін еске түсіруі.

жазу

2) Оқиғаның басталуы

Қасқырлар мекені, тағылар тағдыры.

Суреттеу,

3)Оқиғаның байланысы

Бөлтіріктерге жасаған адамдар қаталдығы.

Баяндау

4) Оқиғаның дамуы

Қарадыр еліндегі мазасыздық

Әңгімелеу

5) Оқиғаның шиеленісуі

Көксеректің адамдардан көрген жәбірі.

Суреттеу,баяндау

6)Оқиғаның шарықтау шегі

Көксеректің сатқындығы, Құрмаш қазасы.

Суреттеу

7)Оқиғаның шешімі

Аққасқаның Көксеректі өлтіруі, Көксеректің жазасы.

Суреттеу , баяндау

.

1-топ . Әңгіменің І,ІІ, ІІІ,ІҮ бөлімдерге ат қою.

І бөлім. Қасқырлар мекені, «Тағылар ұрпақ қамында»

ІІ бөлім. «Адамдар тағылығы», «Табиғатқа шабуыл»

ІІІ бөлім. «Көксерек ауылда»

ІVбөлім. «Ұяластарымен табысу»

2-топ. Әңгіменің V,ҮІ бөімдерге ат қою .

V бөлім. «Қасқыр қашанда қасқыр», «Көксеректің дүлей, жойқын күшке айналуы»

VІ бөлім. «Жауыздық», «Құрмаш өлімі», «Сатқындық»

3-топ. Әңгіменің VІІ бөлімі

VІІ бөлім. «Жаза», «Әже зары»

Талдау."Кім кінәлі" (проблемалық сұрақтар)

1. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма? Қалай дәлелдер едіңдер?

І топ Көксеректің портреті.

ІІ топ Құрмашқа мінездеме беру.

ІІІ топ Әжесіне мінездеме беру.

Көксеректің портреті. (.. Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.)

Құрмаш

Әже

«Қай сәт бейнеленген?» ойыны. Шығармадан үзінді оқылып қай сәт екенін сұрау.

«Көксерек» повестінің желісімен фильм де түсірілді. Осы киноға ұқсас тағы қандай қазақ киносын көрдіңдер? («Шал» киносы) Осы екі киноның қандай ұқсастығы бар.

Венн диаграммасын жасау.

«Шал» қазақ фильмі «Көксерек» фильмі

Баты кейпкері кішкентай бала, соңында бала Құрмаш өлім құшады, қайғылы оқиғамен аяқталады

Қазақ фильмі, басты кейіпкер адам мен қасқыр.Екеуінде де қасқырдың бөлтіріктері өлтірілгеннен кейін қасқырлар адамдардан өш алады.Ұқсастықтары Айырмашылығы


Қорытынды. Сұрақ-жауап

-Бұдан шығатын қорытынды не?

-Табиғатты аялауымыз керек, табиғат тіршіліктеріне зиянымызды тигізбеу керек.



Білгенге маржан

Қасқыр -жыртқыш аң.

Басқа атаулары: ит -

Сипаты

Қасқыр-қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы-оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді.

Қасиеттері

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хауан болып есептеледі. Олардың адамға көрінуі де сирек. Бөлтіріктерін өмір сүруге баулиды

«Көксерек әңгімесі» бізді неге үйретті?
Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі - табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.

"Пікір алысу" (қорытынды )

Шығарманың авторы, аты

Шығарма несімен ұнады?

Сүйікті кейіпкерің

Жасалған қорытынды

М.Әуезов "Көксерек"

Қызықты, тартымды. Шығарма Көксеректің ойымен баяндалады.

Құрмаш,Әжесі

Қасқырдың болымысы адам тәрбиесіне көнбейді екен. Түз тағысы да өмір сүруге құқылы. Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.

Ой түю стратегиясы. Менің көзқарасым.....

  1. Хикаятты оқығанда мені қызықтырғаны: ........

  2. Мен үшін ең аянышты жері: ..................

  3. Хикаяттан алған тәрбием: ...........................

Үйге тапсырма: «Табиғат және адам» тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау:

© 2010-2022