Білім беру саласы: Қоршаған ортамен танысу

Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы : Табиғат құбылыстары  Мақсаты : Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру . Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту . Табиғатты қорғап аялай білуге тәрбиелеу . Әдіс - тәсілдері : көрсету , түсіндіру , сұрақ - жауап , әңгімелесу , ойын . Көрнекілігі : Табиғат құбылыстарының суреттері : бұлт , күн , қар  . Сөздік жұмыс : Күн , бұлт . Биллингвальды компонент : Күн - солнце , қар - снег .Әңгіме жүргізу . Балалар , бүгін ауа райы жылы күн ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Таным

Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы : Табиғат құбылыстары

Мақсаты : Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру . Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту . Табиғатты қорғап аялай білуге тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдері : көрсету , түсіндіру , сұрақ - жауап , әңгімелесу , ойын .

Көрнекілігі : Табиғат құбылыстарының суреттері : бұлт , күн , қар .

Сөздік жұмыс : Күн , бұлт .

Биллингвальды компонент : Күн - солнце , қар - снег .

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар , бүгін ауа райы қандай болып тұрса да , біз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық .

Балалар шеңбер болып отырады . Терезеге қарап , ауа райының өзгерісін айтады .

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Әңгіме жүргізу .

Балалар , бүгін ауа райы жылы күн шығып тұр .

Ауа райы әртүрлі болады . Бірде күн ашық болады , бірде жаңбыр немесе қар жауады .

Жұмбақ жасыру .

Ақ сандығым ашылды ,

Ішінен жібек шашылды .

Қолымыздан ұстап дөңгелене ұстайық . Біз қазір неге ұқсадық ?

Балалар қалай ойлайсыңдар бізге күн не үшін қажет ?

Күн барлық әлемге жарық беріп , шуағын шашады .

Балалар біз немен тыныс аламыз ?

Біз ауамен тыныс аламыз . Ауасыз бізге тіршілік жоқ . Таза ауа тыныстау үшін керек .

Егерде аспанда бұлт болса онда жаңбыр , қар жауады .

Сөздік жұмыс .

Күн , бұлт .

Биллингвальды компонент :

Күн - солнце , қар - снег .

Сергіту сәті .

Күн төккен нұрынан ,

Биік болып өсеміз .

Денемізді тік ұстап ,

Дөңгелене билейміз .

Балалар қыс мезгілінде не жауады ?

Қыста , қар жауады , жел тұрады , күн суық болады . Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады .

Ойын : "Күн мен түн".

Шарты : Балаларға "күн" дегенде , олар қолдарын ашып , дөңгелек жасайды , ал "түн" дегенде , олар ұйықтаған болады .

Тәрбиешінің айтқандарын қайталайды .

Күн

Балалар әр түрлі жауап береді .

Балаларға ой тастау .

Балалар жауап беруге тырысады .

Қайталайды .

Балалар қайталап айтады .

Қолдарын жоғары созады , бір орында тұрып билейді .

Балалар суретке қарап жауап береді .

Балалар қызыға ойнайды .

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалар , бүгінгі оқу іс - әрекетімізді жақсы тілекпен аяқтайық . Әрқашан күн сөнбесін ! Ауамыз әрқашанда таза болсын ! Суымыз тұнық болсын !

Балалар бірге қайталап тілектерін айтады .

Күтілетін нәтиже

Біледі : Табиғат құбылыстарын (бұлт , қар , жаңбыр)

Игереді : Тақырыпқа сәйкес берілген жұмбақтың шешуін тауып , ойын шартын орындай алу дағдыларын .

Меңгереді : Жыл мезгілдеріне сай табиғат құбылыстарының өзгешіліктері туралы .

© 2010-2022