План урока по казахскому языку на тему

Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары (1 сабақ) Сабақтың мақсаты:  1. жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркес ,сөйлем құрастыруға үйрену,  етістікті, етістіктің шақтарын еске түсіру 2.  Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту  3.  тамақты қадірлеуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: сурет , кесте, интерактивті тақта  Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі  1.Сәлемәтсіңдер ме 2.Сыныпта кім жоқ? 3.Қазір қандай сабақ? 4.Қазақ тілі нешінші сабақ? 5.Қазақ тілі сабағында не істейміз?  ІІ. Тіл дамыту 1.    ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары (1 сабақ)

Сабақтың мақсаты:

1. жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркес ,сөйлем құрастыруға үйрену, етістікті, етістіктің шақтарын еске түсіру

2. Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту

3. тамақты қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: сурет , кесте, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемәтсіңдер ме

2.Сыныпта кім жоқ?

3.Қазір қандай сабақ?

4.Қазақ тілі нешінші сабақ?

5.Қазақ тілі сабағында не істейміз?

ІІ. Тіл дамыту

  1. сенің аты- жөнің кім?

  2. сен нешінші сыныпта оқисың?

  3. сенің жасың нешеде?

  4. сен қай мектепте, нешінші сыныпта оқисың?

  5. сенің досың қай мектепте оқиды?

  6. ол қай көшеде тұрады?

ІІІ. Үй жұмысын тексеру

Ережені жаттау

«Ұлттық тағамдар» тақырыбын қайталау

ІУ. Жаңа тақырып

  1. Жаңа сөздер

- сөздерді мұғалім айтады

- хормен қайталау

- сөз тіркес құрастыру

- сөздікке көшіру

- сызылған сөзге ауызша фон. талдау жасау

Сүт - молоко

Сүт тағамдары- молочные блюда

Май- масло

Қаймақ- сметана

Қымыз- кобылье молоко

Шұбат- верблюжье молоко

Құрт- курт

Айран - кефир

Ірімшік - творог

Балалар, сендер сүттен жасалған қандай тағамдарды білесіңдер?

Қымыз туралы не білесіңдер? Бүгін сабақта «Қымыз» деген мәтінмен танысамыз.

2. мәтінмен жұмыс

-оқу

-аудару

- сұрақтарға жауап беру

Қымыз-қазақ халқының сүйікті сусындарының бірі. Ол бие сүтінен жасалады. Қымыздың пайдасы өте зор.

Қымыз- әсірісе өкпе ауруына шалдыққан адамдарға пайдалы. Қымыз түрлері өте көп. Халқымыз жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз (мамыр), жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған. Қымызды арнайы ыдыста ашытқан. Ол ыдыстар- торсақ, саба, мес деп аталады. Қымызды ашыту- үлкен өнер.

3. Сұрақтарға жауап беру

1. Қымыз қандай сусын?

2. Қымыз ненің сүтінен әзірленеді?

3. Қымыздың қандай қасиеттері бар?

4. Қымыз ашытатын ыдыстарды атаңдар.

4. Берілген сөздерді ретімен құрастырып жазыңдар.

1. сусын, ең, қымыз, құнарлы.

2. дайындалады, бие, ол, сүтінен.

3. көп, қымыздың, пайдасы, өте.

4. даласында, кең, жылқы, жайылады, қазақтың.

5. Қымыз- сөзін септеу

6. Әзірлеу - етістігін келер шақта, өткен шақта жіктеңдер.

У. Қорытынды

Қымыз

УІ. Үйге тапсырма

  1. Сөздер жаттау

  2. Мәтін мазмұнын айту

УІІ. Бағалау


© 2010-2022