Проектная работа «Шет тілін үйретуде ойын элемнттерін пайдалану»

ЖОСПАР   І. Кiрiспе.   1.1. Шет тiлi сабағында ойын түрлерiн пайдалану   ІІ. Негiзгi бөлiм.   2.1. Ойын және оның түрлері   2.2. Ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану       әдістемесі және оның маңызы   2.3. Оқушыларды сөзге үйретуге арналған ойындар.   2.4. Тыңдап түсінуге арналған ойындар.   2.5. Фонетикалық ойындар.   2.6. Лексикалық ойындар.   2.7. Грамматикалық ойындар.     ІІІ. Практикалық бөлiм.   3.1. Ойын сабақ   ІҮ. Қорытынды   4.1. Қызыға оқу – қызықтыра оқыту   Ү. Пайдаланған әдебиеттер.   МАЗМҰНЫ   І. Кiрiспе.   1.1. Шет тiлi сабағында ойын түрлерiн пайдалану         3-7   ІІ. Негiзгi бөлiм.   2.1. Ойын және оның түрлері                                            8-9   2.2. Ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану       әдістемесі және оның маңызы                                     10-12   2.3. Оқушыларды сөзге үйретуге арналған ойындар.     13-14   2.4. Тыңдап түсінуге арналған ойындар.                         15-17   2.5. Фонетикалық ойындар.                                               18-19   2.6. Лексикалық ойындар.                                                  20-21   2.7. Грамматикалық ойындар.                                           22-26     ІІІ. Практикалық бөлiм.   3.1. Ойын сабақ                                                                27-29   ІҮ. Қорытынды   4.1. Қызыға оқу – қызықтыра оқыту                               30-32   Ү. Пайдаланған әдебиеттер.                                          33   Оқу процесiн жеделдетум
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


.



Тақырыбы:


«Шетел тілі сабағында қолданылатын ойындар»














ЖОСПАР


І. Кiрiспе.

1.1. Шет тiлi сабағында ойын түрлерiн пайдалану

ІІ. Негiзгi бөлiм.


2.1. Ойын және оның түрлері

2.2. Ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану

әдістемесі және оның маңызы

2.3. Оқушыларды сөзге үйретуге арналған ойындар.

2.4. Тыңдап түсінуге арналған ойындар.

2.5. Фонетикалық ойындар.

2.6. Лексикалық ойындар.

2.7. Грамматикалық ойындар.


ІІІ. Практикалық бөлiм.


3.1. Ойын сабақ

ІҮ. Қорытынды

4.1. Қызыға оқу - қызықтыра оқыту

Ү. Пайдаланған әдебиеттер.


МАЗМҰНЫ


І. Кiрiспе.

1.1. Шет тiлi сабағында ойын түрлерiн пайдалану 3-7

ІІ. Негiзгi бөлiм.


2.1. Ойын және оның түрлері 8-9

2.2. Ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану

әдістемесі және оның маңызы 10-12

2.3. Оқушыларды сөзге үйретуге арналған ойындар. 13-14

2.4. Тыңдап түсінуге арналған ойындар. 15-17

2.5. Фонетикалық ойындар. 18-19

2.6. Лексикалық ойындар. 20-21

2.7. Грамматикалық ойындар. 22-26


ІІІ. Практикалық бөлiм.


3.1. Ойын сабақ 27-29

ІҮ. Қорытынды

4.1. Қызыға оқу - қызықтыра оқыту 30-32

Ү. Пайдаланған әдебиеттер. 33

Оқу процесiн жеделдетумен байланысты шет тiлдерiн оқытуда жаңа әдiс - тәсiлдердi қолданбау керек деген пiкiр тумайда. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негiз салады. Атап айтқанда, әртүрлi сөйлемдердi меңгерту, қайталату, текстердi жаттату, бiрнеше рет естерiне түсiрту тағы да басқа жұмыс түрлерi оқушыны жалықтырып шаршататыны мәлiм.

Сондықтан да шет тiлiн дамытуда ойын түрлерiн пайдалану, оқушының басқа тiлдi үйрене алмаймын деген сенiмсiздiгiн сейiлтiп, тiлдi үйретуге ынтасын арттырады. Мысалы: оқудың алғашқы кезiнде оқушы тiлдiк материалдарды жеңiл меңгерiп кетуi мүмкiн, ал бара - бар материалдың күрделенуiне байланысты оқушы әр түрлi қиыншылықтарға кездеседi. Ал бұған мұғалiмдер кезiнде көмек жасай алмайды.

Демек оқушы тiлдiң түрлi құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келедi. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерiн пайдалану арқылы оқушының көзiн жеткiзуге болады. Ол үшiн мұғалiммен бiрге, оқушы да ойынның шартын, ережесiн жақсы меңгеруге тиiс. Ойын түрлерiн дұрыс қолданып өткiзiлген сабақта оқушының шет тiлiн үйренуге деген ықыласы, сол тiлде сөйлеп үйренуге деген ықыласы артып, сол тiлде сөйлеп үйренуге, оның тiлiн бiлуге қызығады. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының бiлiм алуға деген ықыласы белгiлi бiр дағдылар мен қабiлеттiлiктi қажет етедi.

Сондықтан да сабақ процесiнде белгiлi дағды мен қабiлет қалыптасуарқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Тнымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда: активиiк процестен құралады. Сондықтанда оқушының танымдық қызығушылығы екi түрлiжолмен бiрi - дамыта оқыту, екiншiсi - тәрбиелiк қызмет арқылы қалыптасады. Дамыта оқыту белгiлiзатты танып бiлу, ал тәрбиелiк қызмет - оқыту процесi арқылы затты танудағы өзгерiстiк қатынастар. Оқыту процесiнiң әр түрлi сатысында ойын түрлерiде танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелiгiне қарай түрлi формада қолданылады.

Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түрiне қызығушылар басым келедi.

Көрнектi педагог М. Амонашивилидiң тiлдерiнше, «бастауыш кезеңде оқушылардың қатесiн үнемi көрсете бермей, қайта олардың өзiндiк дара қабiлетiн дамыту керек» (7,52). Демек, ол кiсi бастауыш кезең оқушыларын қызықтыру үшiн әртүрлi әдiс - тәсiлдердi ұсынады. Сабақ үстiнде түрлi ойын түрлерi арқылы осы әдiс - тәсiлдердiң iске асуын қажет деп санайды. Мысалы, мұғалiм тақтада бiр сөздi әдейi қате жазады: pleap. Ал оны оқушылар түзейдi. Яғни сөздi дұрыс жазып көрсетедi. Мысалы: apple.

12-14 жастағы оқушыларға танымдық қабiлеттi меңгеруде өзiндiк психологиялық ерекшелiктерi болады. Демек бұлар да әлi де болса заттың сыртқы белгiлерiне, түсiне қызығушылық басым келедi. Методистер бұл жастағы оқушыларға өз бетiнше iздендiру мақсатындағы жұмыстарды берiп ойын түрлерiн творчествалық мәнде ұйымдастыру пайдалы екенiн атап көрсетедi.

Жоғары кезең оқушыларды әртүрлi творчествалық жұмыстар жасап үйренгендiктен, олардың бойында бiлiм алудың активтiформаларықалыптасып, дамиды. Олай болса, бұл кезеңдерде ойын түрлерi творчествалық мәнде, маөсатта жүргiзiледi.

Адамның психологиялық ерекшелiктерiне талдау жасағанда, танымдық қабiлетi оның жас ерекшелiгiне ғана емес, оның жеке басына да тiкелей байланысты болатындығын айтады. Сондықтан мұғалiм сабақта ойын түрлерiн пайдалануда осы мәселеге де көңiл аударуы қажет.

Тәжiрибелi мұғалiмдердiң айтуынша 13-14 жастағы оқушының өзi оқып отырған пәнiне қызығушылығы барған сайын төмендейдi. Ал психолог М.Ф.Строкиннің айтуынша бұл жағдайды үдемелi берiлген информация әсерiнен деп қарап, оқушыларға әр уақытта жаңадан бiлiм алуға ынтасын арттыру керектiгiн, еш уақытта да бiлiмдi дайын, даяр кезiнде қабылдаудан сақтандыру. Ал, оқыту процесiнде ойын түрi бұл жағдайды болдырмайды. Бүкiл сабақ бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмендеуi мынадай есептерден болады:

  1. Ойлау процесiне, миына көп салмақ түсiруден;

  2. Сабақты бiрыңғай, бiрсарынды жүргiзуден;

  3. Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс әлсiз жүргiзуден;

  4. Нашар оқитын оқушыға көбiрек көңiл бөлiп, сабақты созып жiберуден./2.86-88/

Демек оқушының шаршауын сейiлтiп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтерi болып саналады.

Дегенменде, ойын сабақты бүкiл өң бойын алуға тиiс емес, онда ол оқушыны жалықтырып жiберуi мүмкiн. Шет тiлiн оқытуда ойын түрлерiне мынадай мақсаттарда қолдану тиiмдi:

  1. Алфавиттiдұрыс меңгерту;

2. Орфографияны дұрыс оқыту;

3. Бұрыс оқыту дағдысын қалыптастыру;

4. Лексиканы меңгерту;

Грамматикалық структураны меңгерту;

Оқушының ойын дамыту, яғни дұрыс оқи бiлу дағдыларын қалыптастыру.

Ойын түрлерiнiң шартын меңгеру аса қажет, оны екi түрлi түсiндiруден аулақболу қажет. Оқушы ойынның үстiнде, не соңында өзiнiң белсендi қатысуына әртүрлi бағаалуы мүмкiн. Мұғалiм оқушыға ойында жеңген оқушыға жануардың суретi бар, ал жоғарғы кезең оқушылары үшiншар тәрiздi белгiлердi тапсыруға болады. Оны оқушы дәптерiне немесе әр оқушының фамилиясының тұсына белгi ретiнде жапсырып қояды. Ендi сабақта қолданылатын ойын түрлерiне тоқталайық.

Сөздi дұрыс жаз ойыны.

Ойынға қажеттi материал тақтаға екi сөз жазылып қойылады: bank swim.

Ойынның мақсаты: әр команданың жетекшiсi әр әрiптiң астына сөздi жазады. Команда мүшелерi жетекшiлерiне жәрдем, көмек берулерiне де болады. Кiмде-кiм сөздi көп тауып жазса, сол жеңген болып саналады. Мысалы:

1 команда 2 команда

bank swim

ball, apple, not son, well, in, mother.

"Мақал - мәтел жаңылтпаштарды есiне түсiр" ойыны

Ойынның мақсаты: мұғалiмнiң айтқан мақал - мәтел жаңылтпаштарын есттерiне түсiру: For example: Friend, A friend in need is a friend indeed.

Ойынның варианты текст iшiнен жаттауға қажеттi сөйлемдi табу. Екiншi топтағы ойынға қатысушылар алдыңғы ролiн атқарады. Өйткенi олардың өздерiнiiң алдарына қоййған мақсаты бар.

" Қай сөз дұрыс " ойыны.

Ойынға қажеттi материал: карточкада дұрыс және қате жазылған сөздер берiледi: down, badly, cook, book, school, left.

Ойынның мақсаты: алдымен дұрыс жазылған сөздердi жазу. Бұл ойын ттүрi оқушының зейiнiн, қабiлетiн дамыту үшiн өте пайдалы деп айтуға болады. Осындай ойын түрлерi шет тiлiнен тиянақты бiлiм беруде, оқушының барлық назарын аударуға себебiн тигiзедi. Сондай ойынның бiрi - крассвордтар.







Тiл - тәрбие құралы

Қазiргi мектептiң алдына қойылып отырған мақсат жан - жақты дамыған жаңа адамды тәрбиелеу. Мұндай жан - жақты мәдениеттi жоғары адамды тәрбиелеу басқа ұлт халықтарына деген құрмет, оның тiлiмен мәдениетiн, өнерiн қастерлеп, тану арқылы ғана қалыптасады.

Сондықтан да осындай қасиеттердi (мақсаттарды) iске асыруда шет тiлдерiн үйренудiң маңызы зор. Демек "Тiл тек қана қатынас құралы ғана емес, халық пен халықтың бiр - бiрiмен түсiнiсiп, қарым - қатынас жасаудың да басты факторы" деп саналады.

Олай болса, шет тiлiн оқып үйренудiң тәрбиелiк мәнi зор. Сондықтан да мектепте шет тiлiн саналы меңгертiп, оны практикада творчествалық пайдалану iске асыруға тиiс. Яғни берiлетiн бiлiм мен тiрбие қатар жүргiзiлгенде ғана идеялық жағынан шыққан, сенiмдi тұрағы адамды тәрбиелеуге болады.

Мектете шетел тiлiн ең алдымен сөйлеу құралы ретiнде үйрету қажет. Шетел тiлiн үйрену оқушыға заттар мен құбылыстардың бiр бiрiмен байланысы мен қарым- қатынастарын жаңа тұрғыда ойлады қажет етедi. Ол үшiн оны ауызша немесе жазбаша түрiнде бiлу керек. Мектепте шет тiлiн үйрету үшiн тақырыбы анықталады. Сол оқушыға шетел тiлi пәнi оқу жоспарындағы мiндеттi пән болғандықтан мұғалiм әр сыныпта сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу түрлерiн нақты көрсетуi тиiс.

Шетел тiлiн оқытудың бастапқы кезеңiнде оқушы мұғалiмнiң аузынан шыққан және тақтаға жазылған алдын - ала өтiлген материалдарды қамтитын және нақты жаңалық болып табылатын, яғни, табиғат сұлулығы жан - жануарлар, адамдар, бiлiм бұлағы кiтап, музыка жәнет.б. туралы текстердi (мәтiндердi) түсiне алады. Бұл жұмыс сонымен қатар диофильм түрiнде жасалады. Бұл кезеңде оқушы өзi туралы өзiнiң кiм екенiн, қайда тұратынын, қайда оқитыны, жанұясындағы мүшелерi, олардың немен шұғылданатыны, оларды суреттеу, мектебi, үйi, көшесi, қаласы, ауылы туралы сұрақ қойып жауап бере алады. Сонымен қатар бiрге амандасу, қоштасу, келiсу, кешiрiм сұрау, келiспеу, өтiнiш жасау, туған күнiмен құттықтау, мархабат ету т.б. қолдана бiледi.

Мектепте шет тiлiн оқытудың соңғы (жоғары) кезеңiнде осыған дейiн өтiлген сөздер мен сөз тiркестерiн пайдаланып өздерiнiң жас ерекшелiктерiне қарай ауыз екi сөйлеу жұмыстарына көп мән берiледi.

Мысалға алып қарағанда мамандықтаңдау ғылым техникалық прогресс аспан әлемi, космос, қоршаған орта бейбiтшiлiк үшiн күрес т.б айта кететiн бар жәйт жоғарғы сыныптарда белгiленген сағаттың аздығына байланысты ауызша сөйлеу жұмыстарына көп уақыт бөлiнбейдi. Соған қарамастан алдыңғы кезеңдерде оқушы өз деңгейiнде бiлiм алған болса онда ол әрi қарай көтеруiне болады.

Шет тiлiн оқудың орта кезеңiнде сөздiк қорды онан әрi молайтып және оны сөйлем жасау арқылы белгiлi бiр тақырып төңiрегiнде қолдана бiлудi қарастырады, бұл кезеңде оқушы ауа рай, жыл мезгiлдерi мейрамдар және оларрды өткiзу, спорт мектеп iшiнде өткiзетiн жұмыстар туралы айтып беруi тиiс. Сонымен бiрге бұл кезеңде оқуға көп талап қойылатын оқулықта оқуға арналған текстерге қоса, оның соңында үйдегi оқуға арналған 130 беттiң мiндеттi текстер (мәтiндер) берiледi.

Қазiргi кезде жалпы орта бiлiм беру кезiнде ғалымдар, әдiскерлер оқушылардың ана тiлi мен қоса шетел тiлiн оқытып үйрету мақсаттарын үш топқа бөледi:

  1. Балалардың шет тiлiне қызығушылығын ояту

  2. Тiл арқылы қарым - қатынас жасау қызметiнiң барлық түрлерiн (тыңдау, оқу, сөйллеу, жазу) меңгеру тәсiлдерiн қолдана бiлуге үййрету.

  3. Тiлдiк құбылыстарды талдап, олардың мәнiн ажырата бiлу дағдыларын қалыптастыру.

Шетел тiлiн оқыту кезiнде балаларды оқу мен жазуға үйрету мiндетiн ғана

қоймай, оқушылардың ссол тiлде дұрыс сөйллеуге үйрету керек. Шет тiлiн оқытудағы басты мiндет - бұл оқушылардың сөйлеу қабiлетiн жетiлдiру, оқушыны ауызша сөйлеуге тарту және жазбаша жұмыс арқылы осы оқып жатқан тiлде сөйлету. Сөйлеу қабiлетiн жетiлдiру принциптерiн грамматикалық құбылыстарды енгiзу кезiнде ситуацияны дұрыс таңдай бiлуi керек. Сол ситуация арқылы ненi аййту керек, ненi бiлу керек соны айтып түсiндiру керек.

Оқушыларды белсендi сабаққа қатыстыру үшiн оқушылардың өздерiн белсендi қатысуға ұйымдастыру керек, әрқашан сабақта оқушылардың сөйлеуiне, тыңдауына, оқып тұруына жағдай жасау қажет.

Шетел тiлiн оқытуға қазақ тiлiнiң оқыту принципi сияқты бұл тiлде де саланың принципi меңгерiлетiн материалды оқушы саналы түрде түсiнiп, тәжiрибе жүзiнде iске асыра алатындай дәрежеде болуын қамтамасыз етуге құрылады. Оқыған материалды меңгерту үшiн мұғалiм көп жұмыс атқаруы тиiс.

Бiрiншi мұғалiм берiлетiн бiлiм мазмұнының, ғылыми сипатын, тәрбиелiк дамытушылық мақсатын анықтап, негiзгi назар аударатын бөлiгiн жабуы керек. Екiншiден,берiлетiн бiлiмдi жеткiзе бiлудiң тиiмдi әдiс - тәсiлiн тауып, бiрнеше жаттығу түрлерiн анықтауы керек.

Үшiншiден, оқушылардың сабаққа қызығушылық белсендiлiгiн арттыратын әдiстер болуы керек.

Төртiншiдеен, әр оқушының сезiмталдық қасиетi ескерiлуi керек. Мысала қандай да бiр жаңа тақырып өткенде, мұғалiм алдымен сол тақырып жайлы жалпы түсiнiк берiп, оның жалпы анықтамасы оқушыларға түсiнiктi болатындай етiп айтылуы керек. Жаңа тақырып түсiндiруде оқытудың көрнекiлiк принципi үлкен орын алады. Осы көрнекiлiк принциптi қолдану арқылы бiз оқушыны нақтыдан дерексiз образды ойлауға үйретемiз. Оқу процесiнiң барлық кезеңiнде тиiмдi түрде пайдаланылған көрнекiлiк оқушыны байқағыштыққа, ой мен топшылауға жаттықтырады, логикалық ой қорытындысын шығаруға көмектеседi. Көрнекiлiктiң екi түрi бар: механикалық және механикалық емес. Механикалық көрнекiлiктерге: могнитафон, компьютер, видеозапистер кiредi. Ал механикалық емес көрнекiлiктер: плакаттар, карточкалар, суреттер, альбом, ойыншықтар т.б.

Шетел тiлiн оқытудағы негiзгi мақсаты бұл екi ел арасындағы тiлдiк қарым - қатынасты байланыстыру. Оқушылардың осы тiлге деген қызығушылығын ояту, сол тiлде жазып оқуға үйрету.

Шет тiлiн оқыту программасында оқушыны тәрбиелей оқытуға басты орын берген. Мұғалiм программалық материалды оқушыға түрлi методикалық әдiстермен меңгерте отырып, тәрбиелiк мәнi зор материалдардың қайсысын класта, қайсысын кластан тыс (үйiрмелерде) жұмыстарында пайдалану керектiгiн таңдап алады. Мысалы 4-5 кластарда фонетикалық ойындар ретiнде ағылшын тiлiндегi өлеңдерi жаттауға, айтқызуға болады.

Rain, rain go to spain

Come again another day

Wittle Johny wants to play

One, two, three, four, five

I've caught a fish alive.

Six, seven, eight, nine, ten

I've let it go again.

Мұғалiм бұл өлеңдердi Англияда тұратын балалардың айтатындығын, жаңбыр жаумаса екендiгiн тiлейдi, -деп түсiндiредi немесе мына ойын түрiн ұсынуға болады:

Eena, deena, dina, duss,

Kalta, weena, wina, wuss,

Spit, spot, must be done,

Twiddlum, twoddlum, twenty - one,

Out spells - out!

Есептеп үйрету үшiн сабақты жаттықтыру мақсатында мына әңгiменi жаттауға болады:

One, two, three, four

Many at the cottаge door,

Five, six, seven, eight

Out spells out!

Бұл әңгiме ойынның бас жағында пайдаланылады. Сабақ үстiнде оқушылармен 5 минуттық денешынықтыру кезiнде саусақтар жөнiндегi тақпақты пайдалануға болады. Өлеңдi оқу саусақтарды қимылдатып көрсету қажет.

Dance, Thumbkin, dance

( keep the thumb in motion )

Dance, yet merry man, every one.

( All fingers in motion)

Thumbkin, he can dance alone,

( The thumb only moving)

Thumbkin, he can dance alone,

( Ditto)

Dance, Foreman, dance

( The first moving)

Dance, yet merry man, every one,

( The whole moving)

But, Foreman, he can dance alone,

Foreman, he can dance alone.

( And so on with the others, naming the second finger " Long man ", the third finger " Ring man " and the fourth " Little man").

5-6 класс оқушыларымен кластан тыс жұмыстарда ағылшын әдебиетiмен таныстыру да пайдалы. Мысалы: " Қаздың қаласы " деген өлеңдi жаттауқажет:

Humpty Dumpty, sat on a wall,

Humpty Dumpty, bad a great fall,

All the King's hoarse and all the King's men

Cannot set Humpty Dumpty up again.

Мына өлеңдi де пайдалануға болады:

What are little boys made of,

What are little boys, made of?

" Snaps and snails and puppy dog tails

And that's what little boys are made of "

" What are little girls made of, made of "

What are little girls, made of?

Sugar and spice and all that is nice,

And that is what little girls are made of, made of!

Оқушылар бұл өлеңдердiң негiзгi мазмұнын түсiндерген соң, өлеңдi Маршактың аударғанымен салыстырады.

Яғни балалар орыс поэзиясы мен ағылшын поэзиясын ерте кезден-ақ бiр-бiрiмен байланыс жасағандығын, сондай-ақ орыс халқы мен қазақ халқынық да поэзиясы жанрында үлкен байланыстылығы, қарым-қатынасы барлығын аңғарады. Бұған қоса жоғарғы кластардағы әдебиетпен байланыстылықты да айта кеткен орынды.










I Ойын сабақ

The theme: She has a … on

The aims of the lesson: to teach pupils with new structures type and new words.

Visual aids: pictures, cards.

The content of the lesson

  1. Organization moment

Good-morning, good-morning!

Good-morning to you.

Good-morning, good morning

We are glad to see you.

T: Thank you take your sits.

Who is on duty today?

Who is absent?

  1. One, two, three

Who is she (he)? She is a girl (boy)

One, two, three

What is she (he)? She is a pupil (doctor)

Checking up homework.

Ал,балалар, өткен сабақты еске түсiрейiк. Қандай сөздер алдық? Кiмнiң есiнде қалды? Мысалы: юбка, шалбар, ботинка т.б. Ендi осы сөздерге байланысты, қазақтың ұлттық ойындарымен ойнап қорытындылайық, қазақтың қандай ұлттық ойындарын бiлесiндер? Мысалы: "Қыз қуу", "Ақ сүйек", Жамбы ату" т.б. Бiз "Қыз қуу" ойынын ойнайық. Бұлойынның шартын бiлесiндер. Мақсатымыз өткен сабақта алған сөздердi қалай меңгергенiмiздi тексеру.

IV. To take new structure tupe and new words. He (she) has a shirt on and nice,beautiful.

Бiз өткен сабақтарда "I have a book. Ihave a shirt on" деген сөйлемдерде қандай етiстiктiалып отырмыз?

To have етiстiгi.

To have етiстiгi нешiншi жақта айтылып тұр? - I - жақта.

Ендi to have етiстiгiнiң III - жақта қалай қолданылады?

Осыған тоқталайық. Мысалы:

I have skirt on. She has a skirt on. To have етiстiгi III - жақта has болып өзгертiлiп тұр. Ендi осыған бiрнеше мысалдар келтiрейiк.

V. Conclusion.

Осы алған сөздерге байланысты қазақтың ұлттық ойындарының бiрi "Жамбыату" ойынын ойнайық. Мен бiрнеше тиынды iлiп қоямын. Тиынның келесi бетiнде ер баланың немесе қыз баланың киiм киiп тұрған суретi бар. Кiм алса сол суретке қарап to have етiмтiгiнiң III-жағына қойып айтып бередi.

VI. Phonetic exercises.

I am a pupil

He is a pupil

She is a pupil

I am a pupil

You are pupil

We like teacher

VII. Giving marks.

Giving homework.

Үйге бүгiнгi алған to have етiстiгiнiң III-жақта жасалу формасына бiрнеше мысалдар келтiру.

IX. The end of the lesson.

  • All of you, stand up! The lesson is over! Good-bye, children.


II Сабақ

The theme: She (he) has a … an.

The aim: a) to teach pupils to understand given the question and to answer them.

Visual aids: pictures, cards.

The content of the lesson.

I. Organization moment.

Good-morning, good-morning.

Good-morning, to you.

Good-morning, good-morning!

We are glad to see you!

  1. Activity the materials of the last lessons.

There are many types of transport.

People can fly, drive, swim

We know a song about swimming.

Lets sing a song and meet the guests.

"The ship is sailing".

Now we and guests are.

  1. At the school, Let's begin our lesson.

Who is duty - I am

What date is it today? - Today is …

What day? - Today is …

Who is absent? - All are present.

  1. Let's name all days of the week.

- Monday, Tuesday, Wednesday, Thursday, Friday, Saturday, Sunday.

  1. Stand-up, please. What is your name?

  • My name is Dinara

  • What are you

  • I am a pupil

  1. Now, you stand up please.

  • Who is this. - This is a Seric.

  1. Arhyme: One, two, three

Who is this?

This is a boy.

One, two, three

What is he?

He is a pupil.

  1. Talgat, stand up, please.

Where are you? - I am in the classroom.

Are you at the desk? -Yes, I am.

Now, Saule, go to the door.

  • Where is Laura?

  • Who will count. How many desks are there in the classroom.

  • One, two, three … Fifteen.

  1. Let's sing a song I am a pupil

  1. " Now the guests are at home"

" Аулада " суретi суреттеледi.

What is this? Thisis a house.

Is this a big or small house?

This is a small house.

This is agarden yard.

The girl is in The garden too.

  1. A Rhyme: Roes are red.

Violrets are blue

And birds are too

White and blue

Take the flower

In front of you!

  1. A Game. Әрiптердi дұрыс тәртiппен қою ойыны. Қажеттi материалдар.

Тапсырылған не болса қолдан салынған суреттерi бар карточкалар және олардың жанына сол суреттердiң аттарын құрайтын әрiптердiң тобы берiледi.

  1. The end of the lesson.

The ship is sailing

The hand is waving

Good-bye my friend!

The lesson is over, Good-bye!






Қызыға - оқу, қызықтыра оқыту

Ойын арқылы үйрету жайлы бұрыннан белгiлi көптеген керемет педагогтар оқу процесiндегi ойынның ролi зор екендiгiне үлкен көңiл бөлген. Ойын үстiнде адамның кенеттен қабiлеттiлiгi пайда болады, оның iшiнде әсiресе баланың қабiлеттiлiгiн айтуға болады.

Ойын - ерекше ұйымдасқан iс-әрекет және ақыл күшiнiң эмоциалды күш әрекеттi қажет етедi. Олқандайiс-әрекет жасау керек, не айту керек, қалай жеңу керек? Бұл сұрақтарды шешуге деген құштарлық ойыншылардың iскерлiгiн аша түседi. Ал егер балалар мұнда шет тiлiнде сөйлесеме?Мұндаүлкен шет тiлiн үйретуге мүмкiндiктердiң сыры жатқанжоқ па? Бiрақ балалар бұл жайлы ойланбайды. Олар үшiн ойын ең алдымен қызықты iс-әрекет. Осымен де мұғалiмдердi өзiне тартады. Әсiресе шет тiлi пәнi мұғалiмдерiн ойын үстiнде бәрi тең. Ол нашар оқитын оқушылар үшiн де оңай.

Сонымен қатар сабақта нашар оқушы ойын үстiнде бiрiншi орында болуы мүмкiн. Тапқырлық пен пайымдылық мұнда пәндi бiлуде маңызды болып келедi. Тепе-теңдiк сезiмi, көңiлдi қызықты кеңiстiк тапқырлығын сезiну бәрi оқушының ұяңдығын жеңуге, бөтен тiлдi еркiн меңгеруiне көмекберiп, оқуды үйретуге жақсы әсер етедi. Тiлдi материалды өзi байқамай меңгере отырып, баланың өзiне деген ризашылық сезiмiмен, бәрiмен бiрдей сөйлесе аламын деген ой пайда болады.

«Балалар» ойыны кең мағыналы сөз. Бұл кейiпкердiң орнында ойнау болу ойыны да, мысалы, өзiн ұшқыш есебiнде ойнайды. Ойынды алдын-ала қойған ережелер арқылы ойыншылар арасында өздерiнше жарыс жүредi. Мұндай ойындарда балалар бiр-бiрiне ережелер, мiндеттемелер қойып отырады. Мысалы: балалар бiр ойынды ойнай отырып жеңiлген адамға <<өлең айтасын - деп мiндет қояды. Мұндай ойындарды сөйлеу жаттығулары десе де болады.

Бiр жағынан,ойынды кiшкене ситуация ретiнде қараса да болады. Мысалы әр ойында драмалық сюжеттi шығармалар кейiпкерлердi және даулары бар ситуациялар. Ойын барысында ситуациялар бiрнеше рет ойналып, әәр ойын сайын жаңа варианттар ойналады. Бiрақ сол ситуациялық ойынмен бiрге - шынайлығы, ойынның негiзгi ережелерi - жарыстар арқылы анықталады. Жеңiп шығу құштарлығы ойыншылардың күш-қуатын және ойын жинақтайды. Ойынның анық ережелерiне және тiлдiк материал мiндеттi түрде кенеттiлiк болады. Мұнда оқушы не iстеу керек? Ойнаушы бiрден ойналады.

Ойындар маңызды әдiстемелiк жаттығуларды орындауға мүмкiндiк бередi.

Мысалы:

  • Балаларды сөйлеу қарым-қатынастың психологиялық тұрғыдан дайындайды.

  • Материалды мiндеттi қайталаудан өткiзу.

  • Тiлдiк ситуацияларға дайындықтар қажеттi тiлдiк материалды таңдауға көмек беру.





Пайдаланылған әдебиеттер


  1. 1. Мектепте ағылшын тiлiн оқытудың мәселелерi - әдістемелік нұсқау.

2. Обучающие игры на уроке английского языка. М.Ф.Строкин. /26-124 бет/

  1. Игры - песни на английском языке. М., 1965.

  2. Книга для чтения на английском языке в младших классах среднейшколы М., 1981.

  3. Денисова Л.Р. Использование игровых элементов на начальном этапе обучения английскому языку. Ин.з. в шк. № 5, 1984.

  4. Sen R. Happy reader. New - Delhi.

  5. Reading and writing. London. 1984.

  6. Қазақстан мұғалiмi журналдары.

  7. Iзденiс 2000 №2.

RECOMMENDED LITERATURES:


  1. Беспалова Г.М.: «Общение на английском языке с первых уроков», Иностранные языки в школе, 1978, № 2

  2. Елухина Н.В.: «Основные трудности аудирования и пути их преодоления», - Иностранные языки в школе, 1977, № 1.

  3. Егупов Н.К., Кузовлев В.П.: «Использование ситуаций для развития неподготовленной речи», - Иностранные языки в школе, 1977, № 1.

  4. Зимняя И.А.: «Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке», М., Просвещение, 1978, глава ІІІ-ІҮ.

  5. Рогова Г.В.: «Методика обучения английскому языку», М., Просвещение, 1983.

  6. Рогова Г.В.: «Устная речь как средство обучения», - Иностранные языки в школе, 1976, № 4.

  7. Ромашина С.Я.: «Речь учителя на уроке английского языка», - Иностранные языки в школе, 1978, № 5.

  8. Пассов Е.И.: «Основы методики обучения иностранным языкам», Москва, Русский язык, 1977, глава ҮІІ.

  9. Пассов Е.И., Волкова Т.А.: «Беседы об уроке иностранного языка», - Просвещение, 1975.

  10. Старков А.П.: «Обучение английскому языку в средней школе», Москва, Просвещение, 1978, глава ІҮ.

  11. Хэгболдт П.: «Изучение иностранных языков» М., 1963 с 92-109.


© 2010-2022