Ағылшын тілінен сабақ, тақырыбы «Жыл мезгілдері – Seasons»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, №11 "Балапан" балабақшасының

ағылшын тілі мұғалімі Өркен Айтқалиев

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері - Seasons»

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ағылшын тілі арқылы тілін дамыту, балаларға табиғат және оның әсемдігі туралы түсінік бере отырып, табиғатқа қатысты сөздіктермен тіл байлығын байыту, балалармен сұрақ - жауап арқылы диалог орнату. Балаларға тақпақтар мен әндер айтқызып, олардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Балаларды ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.

Алдын - ала жұмыс: әңгімелеу, суреттермен жұмыс

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын, интерактивті тақтамен жұмыс, ғажайып, сергіту сәттері.

Көрнекі құралдар: Компьютер, жыл мезгілдерінің суреттері.

Үштілділік компоненттері

Күз - осень - autumn

Қыс - зима - winter

Көктем - весна - spring

Жаз - лето - summer

Қызыл - красный - red

Көк - синий - blue

Сары - желтый - yellow

Жасыл - зеленый - green

Қара - черный - black

Ақ - белый - white

Аққала - снеговик - snowflake

Қар - снег - snow

Гүл - цветы - flower

Алма - яблоко - apple

Organization moment - Greeting - Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бүгін менің көңіл - күйім тамаша, ал көңіл - күйі көтеріңкі адамның қолынан барлығы да келеді. Сондықтан мен осы тамаша көңіл - күйімді сендермен және де келген қонақтарымызбен бөліскім келіп тұр. Ол үшін балалар, орнымыздан тұрып, қонақтарымызбен амандасайық. Stand up!

- Good morning, children!

- Good morning, teacher!

- Good morning, Good morning,

Good morning to you

Good morning, Good morning,

We are glad to see you!

- Thank you, sit down, please.

- Let's begin our lesson. Балаалр, біз бүгін «Жыл мезгілдері - S e a s o n s» тоқталатын боламыз.

- Дайынбыз ба, балалар? Are you ready? - Yes!

- How many seasons in the year? Бір жылда қанша мезгіл болады?

- Four. Төрт мезгіл.

- Дұрыс. Ендеше, жыл мезгілдерін атайықшы: Қыс, Көктем, Жаз және Күз.

- Балалар, барлығың тақтаға назар аударыңдар. Тақтада 4 мезгіл сандардың артында жасырынған. Сандарды ағылшын тілінде айтып беру арқылы мезгілдерді анықтайтын боламыз. Бір санын ағылшынша қалай айтамыз?

- One. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

- Қыс мезгілі. Оны қалай білдіңдер? Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

- Күн аязды, боранды, суық болады. Адамдар қалың киімдерін киеді.

- Қыста не жауады? - Қар.

- Қардан балалар не жасайды? - Аққала.

- Дұрыс. Енді осы қыс мезгілін, аққаланы және қарды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Қыз мезгілін ағылшынша winter, аққаланы - snowflake, қарды - snow деп айтады. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: winter, snowflake, snow.

- Келесі қандай сан? - Екі саны.

- Екі санын ағылшынша қалай айтамыз?

- Two. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

- Көктем мезгілі.

- Дұрыс. Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Оны қалай білдің дер? Көктемнің қандай ерекшеліктері болады?

- Бұл кезде күн жылынып, қар еріп кетеді. Айнала әдемі гүлдерге толады. Жаңбыр көп жауады. Ал жаңбырда қолымызға не нәрсе ұстаймыз? - Қолшатыр.

- Жарайсыңдар. Енді көктемді, гүлді және қолшатырды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: көктем - spring, гүл - flower, қолшатыр - umbrella.

- That's OK. Келесі қандай сан? - Үш саны.

- Үш санын ағылшынша қалай айтамыз?

- Three. Дұрыс. Енді мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? - Жаз.

- Жаздың қандай ерекшеліктер болады?

- Жазда күннің көзі жарқырап жайма шуақ болады.

- Жазда доппен ойнаймыз ба? - Ия.

- Ендеше, балалар, жазды, күнді және допты ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. жаз - summer, күн - sun, допты - ball.

- Келесі қандай сан? - Төрт саны.

Төрт санын ағылшынша қалай айтамыз?

- Four. Дұрыс. Олай болса, мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? - Күз

- Күзде күн қандай болады? Балалардың жауабы.

- Тағы қандай ерекшеліктері бар?

- Жеміс - жидектер піседі?

- Біз қандай жемістерді білеміз? Атайықшы.

- Алма, шие, бана, алмұрт, апельсин, ананас.

- Дұрыс. Олай болса, күзді, алманы және жүзімді ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. Алма - apple, күз - autumn, жүзім - grape

- Жарайсыңдар, балалар.

Сергіту сәті

- Балалар, бойымызды бір сергітіп аламыз ба? - Ия.

- Олай болса, орнымыздан тұрайық. Stand up, please.

Hello! Hello!

How are you? How are you?

I am happy! I am happy!

Hello! Hello!

How are you? How are you?

I am fine! I am fine!

That's OK. Sit down, please.

Ғажайып сәт «4 мезгіл ханшайымдары»

Есік қағылады. Ішке «Қыс ханшайымы» кіреді.

- Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Қыс ханшайымы!»

Қош келдіңіз, Қыс ханшайымы! Welcome to, Snow Prince!

Қыс ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Кім маған қыс туралы тақпақтар айтып береді?

1 бала: -------- 2 бала:

Snow is falling ------------- Spring is green

From the sky --------- Summer is bright

Snow is falling ----------- Autumn is yellow

Let's make snowflake ----------------- Winter is white

Қ. х: - Балалар, маған тақпақтарың ұнады. Рахмет сендерге.

- Қыс ханшайымы, Сізге де рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз

(Тағы да есік қағылады. Ішке «Көктем ханшайымы» кіреді)

- Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Көктем ханшайымы!»

Қош келдіңіз, Көктем ханшайымы! Welcome to, Spring Prince!

Көктем ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған гүл мен қолшатырды ағылшын тілінде айтып беріңдерші және оларды компьтерден көрсетіңдер.

- гүл - flower, қолшатыр - umbrella (оларды компьютер көрсетеді)

- Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге!

«Көктем ханшайымы», сізге де рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз

(Тағы да есік қағылады. Ішке «Жаз ханшайымы» кіреді)

- Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Жаз ханшайымы!»

Қош келдіңіз, Жаз ханшайымы! Welcome to, Summer Prince!

Жаз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған барлық түстерді қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып беріңдерші. Балалардың жауабы:

- Көк - синий - blue

- Сары - желтый - yellow

- Жасыл - зеленый - green

- Қара - черный - black

- Ақ - белый - white

- Жапайсыңдар, балалар. Келесі тапсырмам - допты және күнді ағылшын тілінде айтып беріңдер және оларды компьтерден көрсетіңдер. Тапсырма орындалады.

- Дұрыс таптыңдар. Рахмет сендерге.

Жаз ханшайымы, Сізге де көп рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз

(Тағы да есік қағылады. Ішке «Жаз ханшайымы» кіреді.)

- Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Күз ханшайымы!»

Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Welcome to, Autumn Prince!

Күз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып беріңдерші. Алма мен жүзімді ағылшын тілінде айтып беріңдер және оларды компьютерден көрсетіңдер. Балалардың жауабы: Алма - apple, жүзім - grape

Күз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы орындап шықтыңдар! Мен сендерге күзде пісетін алмаларды сыйлыққа алып келдім. (Таратып береді).

Қорытынды:

- Сонымен балалар, біз бүгін немен таныстық? - Жыл мезгілдерімен

- Балалар, біздерге қонаққа кімдер келді?

- Қандай тапсырмалар сендерге ерекше ұнады?

- Бүгінгі оқу іс - әрекетінен алған әсерлерің қандай?

- Жарайсыңдар, балалар. Сонымен ашық оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Қонақтарымызбен қоштасайық.

- Good bye, teachers!

Нені білді: ағылшын тілінде жыл мезгілдерінің атауларын, ауа - райын, жыл мезгілдеріне байланысты түстерді біледі.

Нені игерді: жаңа сөздерді игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шыншыл, қамқор болуға дағдылану

© 2010-2022