Баяндама Дарындылықты анықтау және дамыту

Бұл баяндама қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің оқушылармен жұмыс барысында оқушылардың дарындылығын анықтауға және дамытуға арналған әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. оқушылардың дарындылықтарын анықтау арқылы олардың қазақ тіліне деген бейімділіктерін байқап, қай бағытта жұмыс істеуге жұмылдыру жолдары ұсынылады. Баланың бойындағы қабілетті аша білу, оны дамыту ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті.  Елбасымыз  жолдауында: «Біз ең дарынды, талантты, қабілетті оқушыларды оқытып, тәрбиел...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж.Ж. Тайгулова

«Экономикалық мектеп лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы





Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқушылардың дарындылықтарын анықтау және оны дамыту

жолдары

Баланың бойындағы қабілетті аша білу, оны дамыту ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті. Елбасымыз жолдауында: «Біз ең дарынды, талантты, қабілетті оқушыларды оқытып, тәрбиелеуіміз қажет. Олардан еліміздің бақытты болашағы, біздің байлығымыз - болатын жастар өседі»- деген.

Бүгінгі күні мен сіздермен Дарынды оқушыларды қалай анықтап, дарындылықтарын дамыту жолында қандай жұмыстар жүргізіп жатқаным туралы өз тәжірибеммен алмаспақпын. «Дарындылық» ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғы шартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі" Дарынды оқушылардың қабілеттерін анықтау туралы Қ.Ж.Акменбетовтың «Дарындылықтың теориялық негіздері», М.Б.Бекжанованың дамытудың негізі және түсінігі туралы айтылған «Дарынды балалармен жұмыс - заман талабы» еңбектерімен таныстым. Осындай ғалымдардың еңбектерін өз жұмысымда қолданамын.

Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - оқушылардың қабілеті мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.

Бірінші категория - ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория - мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория - дарындылық күш - қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Ата-аналарымен әңгімелесу, есте сақтау, логикалық ойлау психологиялық ерекшелігін анықтау, әр түрлі үйірме түрлерін ұйымдастыру, олимпиадаларға, ғылыми - зерттеу жұмыстарға қатыстыру дарынды баланы анықтайды.

Баяндама Дарындылықты анықтау және дамыту

Пән мұғалімдерінен, сынып жетекшісінен, балаға берген мінездемесі

Баяндама Дарындылықты анықтау және дамытуБаяндама Дарындылықты анықтау және дамыту

Әке-шешесімен әңгімелесу, отбасымен танысу Баланың жас кезінен бастап дамуы туралы мәлімет алу













Үйірме

жұмыстарын ұйымдастыру.

Баяндама Дарындылықты анықтау және дамыту

Баяндама Дарындылықты анықтау және дамыту

Баяндама Дарындылықты анықтау және дамытуБаяндама Дарындылықты анықтау және дамыту

Интеллектуалдық -танымдық ойындар, олимпиадаларға, ғылыми зерттеу жұмыстарға қатыстыру


Дарындылық адамға табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Дарындылық тегінен, тұқымқуалағыштықтан да қалыптасады. Ақынның баласы ақын, әншінің баласы әнші болып жатады. Дарындылық балада сәби кезінен сезіле бастайды. Сәби кезінде баланың білуге деген құштарлығы оянады. Абайдың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі, ішсем, жесем, ұйықтасам, деп туады, екіншісі, көрсем, білсем деп туады» делінген. Көзі көріп, құлағы ести бастаған бала құстар қалай ұшады, қар неге жауады ? Мынау не? Анау не ?- деп өзін толғандырған сұрақтарға жауап алуға тырысады. Ал ата-аналар баланың қызыға қойған сұрағына қысқа-шолақ жауап қайтарамыз. Мысалы: шаршап тұрмын, көп сөйлемеші, өзі сондай болады, т.б. Өз сұрағына дұрыс жауап алмаған баланың айналасына деген қызығушылығы төмендей бастайды. Қытай әйелдері балаларын 6 жасқа дейін емізеді екен, ал балаларының тілі 9 айдан соң шыға бастайды. Өйткені бала құрсақта жатқаннан бастап анасы баласымен сөйлесе бастайды.Тез сөйлейтін халықтардың бірі екенін білеміз. Қазақ халқында «Емшек көп емген баланың тілі жай шығады» деп баланы ерте омыраудан шығарады. Сонда да балаларымыздың тілдері алды біржарым жастан соңы үш жасқа келгенде сөйлейді. Неге? Өйткені біз баламен сөйлеспейміз, ымдап, сақау тілмен сөйлесеміз. Жүресің бе? дегенді тәй тәй боласың ба? Тамақ жейсің бе дегенді «Нәм-нәм» жейсің бе? Ап де, піш боласың ба? т. б. деп. Кішкентай кезінде еркелетіп: құлыншақ, күшігім, торсығым, еркеш дейміз т.б. Содан баламыз өсе келе ғана өз атының Марат, Ержан екенін біледі.

Ойыншықпен ойнауға жасы жеткен балаға ойыншық берсек бірінші аузына салады, дәмін көреді, тістейді, сындырады. Ұл балаға мәшине ойыншық берсек сындырып, ішінде не бар екенін тексеріп, дөңгелегін бір алып, бір салады. Ал қыз бала қуыршағының көзін шұқып, аяқ қолын, шашын жұлып әп-әдемі қуыршақтан құбыжық жасап ойнайды. Өйткені балаға мұның барлығы қызықты, алғашқы жаңалығы. Бұл кезде ата-аналар не істейміз. Тағы ойыншығын сындырды, жарақаттанып қалмасын, дөңгелегін жұтып қоймасын деп абыр - сабыр боламыз. Сынған ойыншықтарды тығып әуре боламыз. Ал Жапонияда ата-ана баласына сынған ойыншығын жөндетіп, не болмаса сынықтардан басқа ойыншық жасап шығаруға баулиды екен. Бала кезінен еркіндік беріп, дарындылығын анықтайды екен. Сондықтан да ең дамыған мемлекет болып отыр.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарымның мақсаты:

Жан-жақты дамыған, білімді де білікті жеке тұлғаны анықтап , қалыптастыру.

Міндеттері:

Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану;

Ауызша, жазбаша тілдік қорларын арттыру.

Шығарма, ой-толғау жаза білуге дағдыландыру;

Оқушыларды ғылыми жоба жазуға, пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мынандай жұмыс түрлерін қолданамын:

1. Дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау;

2.Оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;.

3. Шығармашылық тапсырмаларды іріктеу;

4. Дарынды оқушылардың білім деңгейлерін жүйелі түрде тексеріп отыру;

5. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстарға жоспарлы түрде қатысу.

6.Оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушы қабілеттерінің әр түрлі екендігін сыныпта отырған оқушылардың әр пәнді, әр деңгейде қабылдайтындарынан көруге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлауы тез, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда көру, ажырату белгілері басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:

- дарынды бала өзгеше шапшаң ойлайды,

- көлемді білім меңгереді

- түсінік - танымы жоғары болады

- қиялшыл, ізденімпаз болады,

- шығармашылық қабілеттері басым болады,

- алдына қойған мақсатына жетуге тырысады,

Осы ерекшеліктерді негізге ала отырып дарынды оқушыларға мынандай талаптар қоямын:

  • оқушы өзінің ойын жүйелі жеткізе білуі керек,

  • әңгімелер мен шығармалар жаза білуі,

  • Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуі,

  • ойын әдеби тілде жеткізе алуы,

  • баспасөзде көрініп, түрлі сайыстарға, олимпиадаларға, марафондарға қатысуы.

Осындай талаптарды оқушыға орындату үшін мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

- сабақ беретін пәнін стандарт деңгейінен жоғары білу;

- оқушы дарындылық моделін құра білу;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білу;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

- оқушы дарындылығын дамытуда зерттеу жұмыстарын жүргізе алу;

- оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік ете білуі керек;

Оқушымен қандай да болмасын жұмысты орындауда, бақылау жұмыстары, олимпиада т.б болса да психологиялық көмек : «Сен дұрыс жаза аласың, қабілеттісің, жақсы жауап бересің» деп баланың өз күшіне сенім білдіріп кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап отырамын.

Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда қазақ тілі сабақтарымда мынандай жаттығулар жүргіземін.

Мысалы: Есте сақтау қабілетінің дамуына байланысты:

  1. «Сөздер тізбегі», өткен тақырыптар бойынша сөздер айтамын, сөз арасы жарты секунд. Әр сөз тек бір рет айтылады. Мысалы: мәдениет, достық, елбасы, сәукеле, шолпы, дәстүр, азамат, болашақ, табиғат, көктем.

  2. «Көзбен көріп, есте сақтау»,

Мысалы: бақыт, өмір, ғашық, ғимарат, мұражай, астана, қала, ұстаз, оқушы, шәкірт. 30 секунд көрсетіп, алып тастаймын. Қанша сөз есте сақтай алуларын тексеремін.

Ойлау қабілетін дамыту.

  1. «Бір буынды немесе көп буынды ұзын сөзді табу»

Мысалы: көмек, көзілдірік, балапан, аң.

4. «Адасқан жалғаулар» ойыны.

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген жалғауларға түбір жалғау.

-Ым,- лар. -қа, - нің т.б

5.«Шашылған дыбыстар» немесе шашылған сөздер ойыны.

Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, сөздерден мәтін құрастыру, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Мысалы: 1 топқа: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады: ай, күн, үй, т.б.

2 топқа: б,л,а,ұ,а,л,ы,қ, бала, ұл, қыз,.

6. «Басы бар аяғы жоқ» ойыны.

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.

А) Еңбек етсең ерінбей А) елі бай

Ә) Жері байдың Ә) тояды қарның тіленбей

Б) Досы көпті Б) ертеңі бітпес

В) Еріншектің В) жау алмас

8.«Кім тез» ойыны.

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Кестеге әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Келді, оқыды, алма, бес, жасыл, адам, ертең т.б.

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан есім

Есімдік


Берілген сөйлемдерден сөздерді сөйлем мүшелерінге ажыратып жазу.

М: Оқушылар кеше қалалық мұражайға барды.

Бастауыш

Баяндауыш

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш


Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда мынандай жұмыстар жүргіземін.

Мысалы:

  1. Берілген мақалға мәтін құрастыру.

  2. Суретке байланысты шығарма жазу.

  3. Ертегіні өз бетінше аяқтау.

  4. Тірек сөздерді қолданып өлең құрастыру.

  5. Шығармадағы кейіпкерге мінездеме беру.

  6. Жоспар бойынша мәтін құрату, образға кіру, талдау т.б.

І. «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. М: Мен теледидармын. Менің жауым бар. Ол компьютер. Ол келгелі мені балалар, да үлкендер де ұмытты. Менімен ойнамайды, маған көңіл бөлмейді. Бір оқушының әңгімесі: Мен-Қайыңмын. Мен жерде өсемін. Мен аққудай сұлумын. Маған ауа, су, жылу, жарық қажет. Мен адамдарға күн ысығанда көлеңке ұсынамын. Жазда әдемі көйлек киемін. Күзде күндей сарғаямын. Қыста жалаңаш қаламын. Қыста маған суық. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп сөздік қорлары дамиды.

ІІ. «Талдау »

6 сынып оқушыларымен Ы.Алтынсариннің Асан мен Үсен әңгімесін өткенде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

-Әңгіме кім жайында? - Екі балаға қандай мінездеме бересіңдер? т.б сұрақтар. Оқушының ой-санасын, қабілетін дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді.- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Асан

Мейірімсіз, қатыгез, жаман, әдепсіз, бай баласы, жалқау, қорқақ

Үсен

Қайырымды, қамқорлы, жақсы, пысық, жаны ашитын, батыр, кедей баласы.

Ортақ қасиеттері: екеуі де ұл бала, жастары бір, бойлары бір.

  1. Мәтінді, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. (сөздік қорлары, ойлау қабілеттері, сөз, сөйлемдерді дұрыс жазуға ынталары дамиды)

Мысалы: «Ешкі мен түлкі» ертегісін менің бір оқушым былай аяқтады. Ешкі апанда мұңайып отырғанда, бір ата келіп шығарып алады. Ешкіге айтады: алысқа неге кеткенсің, үйдің маңында жүрмей,-деп.

Тағы бір оқушы былай аяқтапты: Байғұс ешкі түнімен отырады, тоңады, жылайды. Таң ата түлкі келіп қараса ешкі апанда әлі отыр екен. Сонда түлкі ей, ақымақ ешкі, бұл саған сабақ болды. Көзіңмен көрмесең жақсылық бар дегенге сенбе деп, ешкіні шұңқырдан шығарып алады.

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттері мен тілге қызығушылықтарын дамытуда үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Мектептебімізде бастауыш буын сыныптар арасында «Айналайын», орта буын сыныптар арасында «Шығыстың үш шынары», жоғарғы буын сыныптарда «Білгенім- бір тоғыз, білмегенім - тоқсан тоғыз» атты үйірмелер ұйымдастырылған.

Үйірмелердің мақсаты: оқушыларды отаншылдық сезімдерге тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрлері туралы ұғымдарын кеңейту, қазақ ақын- жазушыларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру арқылы поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ғылыми ізденушілік, зерттеу әдістерін үйрету.

Мен 9-11 сыныптар арасындағы үйірме жұмысын ұйымдастырамын. Осы үйірмеде оқушыларды Абай, Махамбет, Оралхан оқуларына және ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындаймын. Үйірме мүшелерімен әр түрлі салт-дәстүрге байланысты көріністер көрсетеміз. Түрлі байқауларға қатысымыз. Оқушылардың түрлі көлемде мектепішілік өлең, шығарма жинақтары шығарылады. Бұл әдіс оқушыларды әрдайым ынталандырып, қызықтырып отырады және қалалық оқуларға әрдайым дайын болуға көмөктеседі.

Үйірме жұмысында оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдерімен, мазмұнына қойылатын талаптарымен, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырамын.

Зерттеу жолдары:

1.Жобаның тақырыбын анықтауға,

2.Материалдар табу, іріктеу, зерттеу қабілеттерін дамытуға,

3. Эксперимент жүргізуге,

4. Презентациясын жасау, көрнекілік материалдар дайындауға,

5. Қорытынды жасауға, жобаны қорғай білуге үйретемін.

Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді дегендей өз жұмысымның нәтижелерін көріп жүрмін. Жылда өтетін мектепішілік, қалалық олимпиадалардан, Абай, Махамбет оқуларынан, зияткерлік марафондардан, шығармалар сайысынан, ғылыми оқулардан оқушыларым жүлделі орындар алып келеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамытуда. Өз баяндамамды мына өлең сөздермен аяқтайын.


Алға ұмтылар арманмен жастар алды,

Ақ ниетпен жазылар дастан әлі.

Елімізде ғылымның туын тіккен,

Болашақта дарындар басқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ұстаздық шығармашылық.Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

2.Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту.

Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.

3.Что такое развивающее обучение.

Н.В. Репкина «Пеленг», 1993

4.Оқушыларға тілді меңгерту жолдары.

Алматы «Ана тілі», 1997 ж.

5. Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру. // Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4б.

6.Темірбаева С. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмысының маңызы. // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, 2009. №7-8, 11-12б.

7.Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие туралы, 2010. №6, 7-9б.










© 2010-2022