Внеклассное мероприятие по казахскому языку «Тілге құрмет-елге құрмет»

""Описание материала: "Тілге құрмет–елге құрмет Қатысушылар: 7-8 сыныптар Көрермендер: 5-6 сыныптар Іс –шараның мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосу. Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Топпен шығармашылық жұмыс жасап, үйренуге дағдыландыру; 2.Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, тапқырлығын ,сөйлеу мәнерін қалыптастыру, өз ойларын пысықтай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру; 3. Қазақстанның болашағына үлкен сеніммен жауапкершілікпен қарай б...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілге құрмет -елге құрмет


Қатысушылар:7-8 сыныптар

Көрермендер: 5-6 сыныптар


Іс -шараның мақсаты : Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосу. Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау . Топпен шығармашылық жұмыс жасап ,үйренуге дағдыландыру;

2.Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін ,тапқырлығын ,сөйлеу мәнерін қалыптастыру ,өз ойларын пысықтай білуге ,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3. Қазақстанның болашағына үлкен сеніммен жауапкершілікпен қарай білуге мемлекеттік тілді қадірлей білуге ,өз Отанының адал азаматы болып өсуге тәрбиелеу:

Көрнекілігі: сандықшадағы үлестірмелі сұрақтар,тіл туралы Ұлағатты сөдер,суреттер ,слайдтар.

Техникалық құрал: үнтаспа ,бейнебаян

Іс-шараның түрі : сайыс

Түрі: ұжымдық, топтық

Әдісі: сұра-жауап,баяндау.

Пәнаралық байланысы:тарих,орыс тілі ,география,ән күй

«Ақыл көркі-тіл,

Тілдің көркі-сөз».

(Ж.Баласағұни)

Көңіл -гүл,

Тіл-бұлбұл.

(Ескелді би)

Айтар сөзді алдымен ойлап ал.

(Қорқыт ата )

Іс -шараның барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі;

2. Іс -шарамызды бастамас бұрын ,әділ-қазылар алқасын таныстыра кетейік-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.Жарыстың шартымен таныстыру.


  • Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты -қазақ тілі пәні бойынша үйренгенімізді ортаға салу ,нені білетінімізді сайыс барысында ой елегінен өткізу;

Елімізді бүкіл әлем танығанда Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі болып табылады.Тәрбиенің негізгі құралы - тілі,ол әр ұлттың тарихи көрінісінің белгісі .

Алдымен бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінейік.Әрбір жауап бес ұпай жүйесімен бағаланады. Сайыс барысында ереже қатаң түрде сақталуы тиіс(тыныштық сақтау,бірі-бірі тыңдай білу,ойды нақты жеткізу).

Сүйемін туған тілді ,анам тілін ,

Бесікте жатқанымда -ақ берген білім ,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан ,

Құлағыма сіңірген таныс үнім-деп сайысымыздың бірінші шарты бойынша әр топ өздерін таныстырады.

І кезең: Топты таныстыру. Эмблемасы Газетті қорғау

І топтың аты: «Жұлдыз»

Топтың ұраны: «Жұлдыздц жарқыраймыз»

ІІ топтың аты :«Достық»

Топтың ұраны :«Әрқашанда біргеміз»

2 шарт бойынша әр топқа сұрақтар қойылады «Бәйге» ойыны . Қай топ тапсырманы бірінші орындайды , солар ұпай жинап отырады.

  1. Жырда айтушы адамды қалай айтатыны тап (жыршы)

  2. Қазақ тілінді неше дауысты дыбыс бар?Ата .(15)

  3. -Сиса көйлек үстінде ,

Тоқуменен табылған.

Өнер-білім бәрі де ,оқуменен табыған.

-өленді кім жазған ?(Ыбырай )

4. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

5. Үш бидің басын қосқан кім? (Абылайхан)

6. Мына сөздерді кім айтқан ?

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек :әуелі - надандық,екінші -еріншек ,үшінші -залымдық (зло).

(Абайдың қара сөзінен)

3 шарт бойынша шығармашылық өнерлерін тыңдау.Әр топ тіл тақырыбына қазақ ,орыс,ағалшын тілдерінде өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Жарнамалық үзіліс: Байгабулова Милананың орындауында Мағжан Жұмабаевтың «Күш кеміді» өлеңі сіздерге арналады .Қабыл алыңыздар!

4 шарт бойынша «Ойлаң,тап» ойыны (топпен жұмыс)

Жүргізуші сөздің бірінші буынын айтады ,балалар оны жалғастырады. Мысалы ,Ра (қат), Қо (раз),Ал(ма),Жа(ға),та(ға),Кі(тап)

Әріпті жұмбақтар сайысы:

Кірпіде бар ,құста жоқ,

Түлкіде бар,мысықта жоқ.(І)

Менде бар, сенде жоқ.

Ауылда бар,үйде жоқ.

Дауылда бар,күйде жоқ(Л)

Жаңада бар,ескіде жоқ.

Малда бар,елде жоқ (М)

Аңда бар ,ешкіде жоқ (Ң )

Сөз құрау : «Кім жылдам?» ойыны

  1. АОЙНТМ

  2. БЖАҚШС

Қай топ көп және жылдам берілген әріптерден сөздер құрайды.

5 шарт бойынша «Қазақстанның болашағы -балалар көзімен» тақырыбына суреттер сайысын өткіземіз .Құрметті сайыскерлер алдарындағы плакаттарға Қазақстанның болашағын қалай елестетесіңдер ( Как Вы представляете будущее Казахстана ?) Осыны сурет арқылы бейнелеңдер.

Ал осы 5 -7 минут сайыскерлер сурет салып жатқанда көрермендермен мақал -мәтелдер сайысы ойынын жүргізу.

1.Өнер алды .... (қызыл тіл)


2.тіл тас жарады,тас жармаса - (бас жармаса)


  1. Басқа пәле (тілден).


  1. Қазақстанның болашағы - (қазақ тілінде )


  1. Ойнеп сөлесең де - ойлап (сөйле)


  1. Әдепті бала- арлы бала ,

Әдепсіз бала - (сорлы бала).


7 .Ынтымақ түбі - (бірлік )


Туған тілім-тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы .

Өссе тілім мен де бірге өсемін ,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырып,әділқазы алқаларына қорытынды сөзді береміз. Әділқазылар алқасы оқушылардың білімін саралап салып жеңімпаз топты белгілейді.Сайыс қорытындысын жариялау.Дипломдармен марапаттау.



© 2010-2022