План урока: Ұлы еліміздің жетістіктері

Тақырыбы:     Ұлы еліміздің-ұлы жетістіктері.  Мақсаты: 1. еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. 2.   Өнерге, елге , жерге деген патриоттық сезімдерін ояту  3. Отанын   құрметтей   білетін ,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу                      Көрнекілігі: Астана қаласының көрністері,суреттер және даталар. Сабақтың әдісі: іздену сабағы                                                      Барысы:   ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ұлы еліміздің-ұлы жетістіктері.

Мақсаты: 1. еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

2. Өнерге, елге , жерге деген патриоттық сезімдерін ояту

3. Отанын құрметтей білетін ,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу

Көрнекілігі: Астана қаласының көрністері,суреттер және даталар.

Сабақтың әдісі: іздену сабағы

Барысы:

Мұғалім:- Біз қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

- Осылай деп кім айқан еді?

- Қаз дауысты Қазбек би.

Иә, осылай деп тебіренген, қазақ елінің қамын ойлаған Қазбек би болатын.

  • Егемендік алғалы Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды.Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көптеген беделді ұйымдарға мүше болды.

Олай болса, егемендік алғалы жеткен жетістіктерімізге тоқталайық

1-оқушы.

Қазақстан барлық елдермен достық қатынасты нығайтты,демократия мен заңдылық, құқық тәртібі жетілді.

2-оқушы

Осы тәуелсіздік алған аз уақыт ішінде елімізде 1993-1995 жылдары екі бірдей Конституция қабылданды.

3-оқушы

Еліміз Президенттік басқару жүйесіне өтті,биліктің барлық бұтақтары Конституцияға сай қызмет атқаруда. Мемлекетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар, кодекстер,заңнамалар қабылданып,мемлекеттік құрылыстың өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатыр.

4-оқушы

Елімізде халықтар достығы нығайды, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының өркениетті қағидалары толық жүзеге асырылды.

5-оқушы

Қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды.Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды.

6-оқушы

Қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тартты,ядролық шикізат бейбіт өнім өндіру затына айналды.

7-оқушы

Қазақстан аумағында елдің,жердің тұтастығын сақтау мақсатында жаңа АСТАНА салынды.

Мұғалім :

-Қазақстанның астаналарын еске түсіріп көрейік.

8-оқушы

-1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды.

9-оқушы

-1925жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Қызылорда қаласының бұрынғы атауы Ақмешіт болды.

10-оқушы

-Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылы, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.

11-оқушы

1997жылы 20 қазанда Президент жарлығымен

Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланды.

Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
-1991жылы 16желтоқсанда республикамыз егемендік алды

-1992жылы 4 маусымда Қ.Р.рәміздері бекітілді.

-1993жылы 28 қаңтарда «Қ.Р.алғашқы Конституциясы туралы» Заң қабылданды.

-1993жылы 15қарашада Ұлттық валюта тенгенің енгізілуі.

-1995жылы 30 тамыз жаңа Конституция қабылданды. -

Қ.Р. астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

-1997жылы 10 қазанда Қазақстан-2030».Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауының шығуы.

-1998жылы-халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

-1999 жылы-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

-2000 жылы - Мәдениет жылы.

-2001 жылы Денсаулық жылы.

-2002 -2005жж. Ауылды дамыту жылдары.

-2010 жылы Елбасы Назарбаевтың «Жаңа он жылдық жарыққа жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланды.

-2011 жылы- Алматы мен Астана қалаларында 7 қысқы Азияда ойындары өтті.

-2012 жылы Қ.Р.Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Қорытынды

Аз ғана уақыт ішінде елімізді,халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім-байтақ Қазақстан»деп маң-маң басатын болды.Еліміз өркениетті замана ағысына қосылды

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді ата-бабаларымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Достық пейіл-татулықтың тірегі,

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан,

Елордамыз-Еуразия жүрегі

© 2010-2022