Открытый урок: «Балам, білім ізде!»

Сабақты талдау           Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әдеб...              Мұғалім бұл сабақты өте жүйелі, аса тартымды,қызықты өткізді. Сабақта оқушыларды білімді болуға шақыра отырып, білімнің оның болашағына тигізетін әсерін өте сенімді дәлелдеді. Тұрақты сөз тіркестерінің жасалу ерекшеліктерін оқушылардың жақсы игергендіктері көрініп тұр. Оны бірнеше мысалдармен дәлелдеді. Оқушылар үй тапсырмасына да тыңғылықты дайындалған. Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласының бірі фонетика болғандықтан, дыбыстарды талдауға аса қатты көңіл бөлінетіндігі көрініп тұр.             Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұн тұрғысынан алғанда да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитеттің тілдегі ерекше мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал-мәтелдер қазақ этносына тән дүниетаным мен тарихи сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімнің, өркениетінің, мәдениетінің — барша болмысының бұлағы болғандықтан, білім туралы мынадай мақал мысал ретінде келтірілген.   Білім – теңіз, Мектеп – кеме. Осы мақалды оқып түсініп, қарамен жазылған дыбыстардың қандай дыбыс екендіктерін тауып, фонетикалық талдау жасады. Білім туралы басқа да мақалдар айтылды.           Тіл дамытуда  «Тіл мерекесі» туралы әңгімелесті. Бірнеше сұрақтар қойылды. «22 қыркүйек – Тілдер күні» деген сөйлемді бірнеше тілде айтып шықты.          Жаңа сабақты бастамас бұрын, бізді  білім алуға  шақырып, өлең жазған кім екендігін сұрай отырып, Ы.Алтынсариннің қазақ балаларына жасаған жақсылықтарын айтқызып, оның «Кел, балалар, оқылық!»өлеңін жатқа сұрады. Сөздікпен жұмыс жасады, балалар сөздерді игерді.           Содан кейін мәтінмен жұмыс жасалынды. Жақсы маман иесі болу үшін білімді болу керектігін айта отырып, әлемде 40 мыңнан астам мамандық  бар екендігін айтып өтті. Слайдтың көмегімен бірнеше мамандықтармен таныстырды. Мәтінді сұрақтар арқылы бекітті. Білімділік дағдысын қалыптастыру үшін тапсырма орындалды.            Грамматикалық тапсырманы орындау үшін бір сөйлемге синтаксистік талдау жасалды.             Үй тапсырмасы берілді. Мәтінді әңгімелеу, жаңа сөздерді жаттау.               Сабақты қорытындылау үшін тақтадағы  кестені толтыртты. Бірнеше сұрақтар қойып, «Ұстазым» әнімен аяқтады. Оқушыларды бағалап, рақмет айтып қоштасты.               Сабақ өз мақсатына жетті.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып

Уақыты _____________ Сыныбы _________________________________

Сабақ тақырыбы: Балам, білім ізде!

Сабақ мақсаты:

білімділік: Оқушыларды білім тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету, тұрақты сөз тіркестерін игерту;

дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау, еске сақтау мүмкіншіліктерін, сөйлесу дағдысын, танымдық қабілеттерін дамыту, оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.

тәрбиелік: оқушыларды еңбекке баулу, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру түрі: мәтін, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: мәтін, сюжетті суреттер


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: 2'

Білімділік міндеттері: Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау. Сабақ кезеңінің мазмұны: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін аударуды ұйымдастыру. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу.

2. ӨЗЕКТІЛІГІ. 6'

Білімділік міндеттері:

Мектеп оқушысының оқу мотивациясын қамтамасыз ету. Сабақ мақсатын анықтауда оқушымен бірлескен іс-әрекеттерді қамтамасыз ету. Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру (жеке ойы, тірек білімі және іс-әрекет тәсілдері, құнды қарым-қатынасы).

Сабақ кезеңінін мазмұны: Сабақ тақырыбын хабарлау. Сабақ мақсатын оқушылармен бірге тұжырымдау. Оқылатын материалдың практикалық және әлеуметтік маңызын көрсету. Оқушылар алдына оқу мәселесін қою. Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілендіру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Үйге не тапсырма берілді?

5-тапсырманы тексеру.

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді бір топқа, адам бойындағы жаман қасиеттерді екінші топқа бөліп жазғандарын тексеру. Өздеріне оқыту, талдау. Осы тапсырмадан тұрақты сөз тіркесін табыңдар. (Көзіңнің қарашығындай сақта, біреудің ала жібін аттама.)

Фонетикалық жұмыс:

Білім - теңіз,

Мектеп - кеме

Осы мақалды оқып түсіну, қарамен жазылған дыбыстардың қандай дыбыс екендіктерін тауып, фонетикалық талдау жасау.

Білім туралы тағы қандай мақал білесіңдер?

Тіл дамыту:

Тіл мерекесі туралы әңгімелесу.

Балалар, біз осы аптада қандай мерекені тойламақшымыз?(Тіл мерекесін).

Яғни, ҚР-да қанша ұлттың өкілдері тұрады? (жүз отыздан астам).

Біздің мектебіміздің өзінде көптеген ұлт өкілдері оқиды. Біздің топтың өзінде қандай ұлт өкілдері оқиды екен? (қазақ, орыс, ұйғыр, курд). Енді «22 қыркүйек - Тілдер күні» деген сөйлемді әркім өз тілінде айтып шықсыншы. Сендер мектепте ағылшын және неміс тілін де оқисыңдар. Бұл сөйлем осы тілдерде қалай айтылады екен?

3. ЖАҢА САБАҚТЫ ОҚЫП-БІЛУ КЕЗЕҢІ 18'

Білімділік міндеттері: 1. Оқушының оқу материалын қабылдауын, түсінуін, алғашқы есте сақтауын қамтамасыз ету. 2. Оқушының белгілі бір мазмұнды қорытындылауға мүмкіндік беретін құралдарды меңгеруіне әсер ету. 3. Оқушының оқылған материалды есте сақтау әдісін меңгеруді қамтамасыз ету.

Сабақ кезеңдерінің мазмұны:

1. Оқушының сабаққа назарын аударуды ұйымдастыру.

2. Оқу материалындағы негізгі ойды хабарлау (ереже және т.б.).

3. Оқу ісіндегі мазмұнды нәтижелерге жеткізген әдіс-тәсілдерді, құралдарды, зерттеу әдістерді, оқушылардың ойлауын қамтамасыз ету.

Бүгінгі тақырыбымыз: «Балам, білім ізде!» Бізді білімге шақырып, өлең жазған қай ақын-жазушы еді? (Ы.Алтынсарин). Ы.Алтынсарин кім? Қазақ балалары үшін не істеді? Дұрыс. Енді осы Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінен кім үзінді оқып бере алады?

Сөздікпен жұмыс:

Жасық - робкий, боязливый мәнді - значимый

Абырой-атақ - авторитет сыбырлап - шепотом

Міңгірлеп - невнятно көмескі дауыс - тихий голос

Мәтінмен жұмыс:

4 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Балалар, биыл сендер 9 сыныпта оқисыңдар. Көбің колледждарға кетіп, өздерің қалаған маман иесі боласыңдар. Қалай ойлайсыңдар, ол үшін не керек? Әрине, білім керек. Әлемде қанша мамандық бар екенін білесіңдер ме? 40 мыңнан астам. Суреттердің көмегімен мамандықтарды атап шығамыз. Бірнеше оқушыдан қандай маман иесі боғысы келетіндіктерін сұраймын.

Сұрақтар:

  1. Білім бізге не үшін керек?

  2. Білімсіз адам қандай болады?

  3. Білімді болу үшін не істеу керек?

  4. Қандай мамандықтарды білесіңдер?

4. ҚОЛДАНУ. БІЛІКТІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 10'

Кезеңнің білімділік міндеттері: 1. Өзіндік жұмыс жүргізуге қажетті оқушылардың білім мен іс-әрекет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету. 2. Бекіту барысында оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейінің жоғарылауына, түсінудің тереңдеуіне жағдай жасау. 3. Білімді бекітудегі жеке өзіндік әдістерді ескере отырып, оқытылған жаңа материалды бекітуді қамтамасыз ету. Сабақ кезеңінің мазмұны: Оқытылған танымдық объектілердегі мәнді белгілерді есте сақтау үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Үлгі бойынша және өзгерген жағдайларда оқушылардың зерделенген әрекеттерін қолдануды қайта қарауды ұйымдастыру. Жаңа материалды оқыту әдістерін бекіту. Кезекті білім тексеру кезінде жауап беру жолдарын нақтылау.

6 - тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңдар..

Сауатты, білімді адамдар қай заманда да ... болған.

Балам, адамның білгенін адам біледі, тек ерінбей іздену керек, ... керек.

Адам ... өз бетінше ізденіп табады.

Грамматикалық тапсырма:

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Адам білімді өз бетінше ізденіп табады.

5. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТ БЕРУ КЕЗЕҢІ 3'

Кезеңнің білімділік міндеттері: Оқушыларға үй жұмысының мақсатын, мазмұнын орындау тәсілдерін түсіндіру.

Сабақ кезеңінің мазмұны: Үй жұмысы жайында мәлімет. Оқушылардың үй жұмысын орындауда іс-әрекет мотивациясы. Үй жұмысын орындау жайында ұсыныс. Үй жұмысын орындау тәсілін түсінгенін тексеру.

Мәтінді әңгімелеу, жаңа сөздерді жаттау.

6. САБАҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ КЕЗЕҢІ 3'

Кезеңнің білімділік міндеттері: Жеке оқушының және сыныптың жұмысына сапалы баға беру. Кезеңнің мазмұны: 1. Оқу жұмысының нәтижесін шығару

Білімділік міндеттердің орындалу көрсеткіштері: Кезеңнің қысқалығы, нақтылығы. Бүкіл сыныптың және жеке оқушының жұмысының нәтижелілігі мен процессуалды жағын бағалау.

5 - тапсырма. Мәтін бойынша мына кестені толтырыңдар.

Жақсы ақылдар

Жаман қасиеттер

Терең ойлан

білімсіздік

Білімді адам

жасықтық

Ерінбей ізден

қорқақтық

еңбектен

сыбырлап, міңгірлеп сөйлеу

Уақытты бағалай біл

Денсаулығыңды шынықтыр

1. Ненің жаман, ненің жақсы екендігін үйрететін, білім беретін кім?

2. Ұстаздар мерекесін қай күні тойлаймыз?

3. «Ұстазым» әнін айту.

7. РЕФЛЕКСИЯ КЕЗЕҢІ 3'

Кезеңнің білімділік міндеттері: 1. Оқушының жеке көңіл-күй жағдайын, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау. 2. Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.

Сабақ қалай өтті? Не істедік? Не білдік? Оқушыларды бағалау.






Ұстазым.

Қ-сы

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым

Сауатты, білімді адамдар қай заманда да абыройлы болған. Білімсіз адам жасық, қорқақ келеді. Ал білімді адамның жүзі жарқын, дауысы анық болады. Себебі, ол білгенін ел білсе екен деп,анық, дәлелді сөйлеп үйренеді. Білімсіз өзі түсінбей тұрған нәрсесін елдер де түсінбесін деп, көмескі дауыспен, сыбырлап, міңгірлеп айтады.

Балам, адамның білгенін адам біледі, тек ерінбей іздену керек, еңбектену керек. Бар болғаны - сол. Уақытыңды бағалай біл, жастық қуатың барда өзіңді аяма, еңбек ет, денсаулығыңды шынықтыр, бос жүріс пен пайдасы жоқ компьютердегі ойындарға алтын уақытыңды жіберме.

Қоғам қашан да сапалы мамандарға зәру болады. Адам білімді өз бетінше ізденіп табады. Ұстаз тек бағыттаушы, жөн сілтеуші. Ұстаздың тамшыдай білімінің түбін қазып, теңіз жасау - өзіңнің міндетің.

Сұрақтар:

  1. Білім бізге не үшін керек?

  2. Білімсіз адам қандай болады?

  3. Білімді болу үшін не істеу керек?

  4. Қандай мамандықтарды білесіңдер?

6 - тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді аяқтаңдар.

Сауатты, білімді адамдар қай заманда да ... болған.

Балам, адамның білгенін адам біледі, тек ерінбей іздену керек, ... керек.

Адам ... өз бетінше ізденіп табады.

Қажетті сөздер: абыройлы, еңбектену, білімді.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!»

Жақсы ақылдар

Жаман қасиеттер




1. Ненің жаман, ненің жақсы екендігін үйрететін, білім беретін кім?

2. Ұстаздар мерекесін қай күні тойлаймыз?

3. «Ұстазым» әнін айту.

Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізілу түрі

Өткізілу мерзімі

I тарау. Алматы қаласы ежелгі заманнан XV ғасырға дейін

8 сағат

1

Ежелгі тас және қола дәуіріндегі Алматы

2 сағат

лекция

04,11.09

2

Ежелгі темір дәуіріндегі Алматы

3 сағат

Лекция. Мұражайларға саяхат

18,25,02.10

3

Ортағасырлар кезеңіндегі Алматы

3 сағат

Кестемен жұмыс

09,16,23.10

II - тарау. Қазақ хандығы тұсындағы Алматы

7 сағат

4

Қазақ хандығы тұсындағы Алматы өңірінің этносаяси жағдайы

2 сағат

лекция

30,13.11

5

Алматы және Жетісу өңірінің жоңғарларға қарсы Отан соғысы

2 сағат

лекция

20,27.11

6

XV - XVIII ғасырлардағы Алматы мен Жетісу өңірінің әлеуметтік-экононмикалық жағдайы

2 сағат

лекция

04,11.12

7

Алматы мен Жетісу өңірінің XVIII - XIX

Ғасырдың бірінші жартысындағы рухани мәдениеті

1 сағат

лекция

18.12

III тарау. Алматы қаласы Ресей империясының құрамында

5 сағат

8

Верный бекінісінің салынуы

1 сағат

Тарихи деректермен жұмыс

25.12

9

Верный қаласы XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында

1 сағат

лекция

15.01.14ж.

10

Жетісу - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі ошағы

2 сағат

Реферат жазу

22,29.01

11

Орталық мұражайға саяхат жасау

1 сағат

Саяхат сабақ

05.02

IV тарау. Алматы қаласы Кеңес өкіметі тұсында

7 сағат

12

Алматы 1917-1940 жылдарда

2 сағат

лекция

12,19.02

13

Алматы Ұлы отан соғысы жылдарында

2 сағат

Зерттеу жұмыстары

26,05.03

14

Алматы соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1960жылдар)

1 сағат

лекция

12.03

15

1960-1980 жылдардағы Алматының әлеуметтік-эконоикалық дамуы

1 сағат

Деректі фильмдер көру

19.03

V тарау. Тәуелсіздік жылдардағы Алматы

16

Алматы қаласының қоғамдық-саяси өмірі

1 сағат

лекция

02.04

17

Алматы қаласының ерекше статусы

1 сағат

лекция

09.04

18

Алматы - ірі мегаполис

2 сағат

Топпен жұмыс

16,23.04

19

Алматы қаласының демографиялық портреті

1 сағат

лекция

30.04

20

Алматы - ірі мәдени, ғылыми және іскерлік орталығы

1 сағат

Реферат жазу

14.05

21

Алматы бойынша саяхат жасау

1 сағат

Саяхат сабақ

21.05

22

Қорытынды

1 сағат

21.05

Барлығы

34 сағат




Қазақ тілі пәні бойынша

«Алматытану» үйірме жұмысының

күнтізбелік - тақырыптық жоспары





Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сүлейменова У.О.




Алматы қаласы


2013 - 2014 оқу жылы


Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:









«Қазақтың дастарқаны»





Сынып: 9 «В»


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сүлейменова У.О.


8

© 2010-2022