Аққу – киелі құс

"Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағ- дыларын қалыптастыру мақса- тында талдау жұмыстарын жүр- гізе отырып, оқушы қажеттілігін, зерделілігін дамыту. Б)Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгаршілікке, ізгілікке, адалдыққа, қоршаған ортаны қорғап, аялай білуге тәр- биелеуҮй тапсырмасын бекіту  Поэманың тақырыбы не?  Поэма не туралы? Мұғалім: Олай болса поэманы талдауға арналған бүгінгі сабақтың тақыры-бы: Аққу – киелі құс.  Аққу туралы не білесіңдер?  Халқымызда аққудан басқа қандай нәрселерді қасиетті...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аққу – киелі құсАққу – киелі құсАққу – киелі құсАққу – киелі құсАққу – киелі құсАққу – киелі құсАққу – киелі құсАқтөбе қаласы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті

№ 1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оразбаева Бақыт Төкірқызы

8 класс, қазақ әдебиеті

Cабақтың тақырыбы: Аққу - киелі құс

Сабақтың мақсаты:

А) Білімдік: Поэманың негізгі кейіпкері ана

бейнесі арқылы көл еркесі аққуға

жасалған қиянаттың қайғылы

оқиғаға ұрындыру себебін таны-

ту, қоршаған орта заңдылықта-

рына қарсы келмеу қажеттігін

мәтінге сүйене отырып, нақты

дәлелдер арқылы түсіндіруге

жету

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағ-

дыларын қалыптастыру мақса-

тында талдау жұмыстарын жүр-

гізе отырып, оқушы қажеттілігін,

зерделілігін дамыту.

Б)Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгаршілікке,

ізгілікке, адалдыққа, қоршаған

ортаны қорғап, аялай білуге тәр-

биелеу

Сабақтың типі: қорытынды сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: оқиғалы суреттер, кеспелер, сызбалар

Пәнаралық байланыс: экология, бейнелеу өнері, тіршіліктану

Ұйымдастыру оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп,

дайындығын қадағалау.

Үй тапсырмасын сұрау поэманың ІІІ бөлімін мазмұндау, жоспар құру

Үй тапсырмасын бекіту

1. Поэманың тақырыбы не?

2. Поэма не туралы?

Мұғалім: Олай болса поэманы талдауға арналған бүгінгі сабақтың тақыры-бы: Аққу - киелі құс.

1. Аққу туралы не білесіңдер?

2. Халқымызда аққудан басқа қандай нәрселерді қасиетті деп есептейді?

Оқушылар: Аққу - киелі құс. Халқымызда киік, қыран, бүркіт, үкі, үш, жеті, тоғыз сандары қасиетті деп есептеледі.

1. Аққуға қаратылып айтылған қандай бейнелі, тыйым, нақыл сөдерді біле-сіңдер?

Бейнелі сөз Тыйым сөз Нақыл сөз

1. Аққудың көгілдіріндей 1. Аққуды атпа, 1. Аққу - құстың төресі

2. Қос аққудай Досыңды сатпа. Жалғыз жатып оттамас

3. Аққу мойын 2. Аққудай ақ бол,

Махаббатқа сақ бол.

2. Поэмаға сюжеттік композициялық жоспар құру

1. Оқиғаның басталуы: Жетімкөл табиғаты

2. Оқиғаның байланысы: Тәуіп шалдың сәуегейлігі

3. Оқиғаның дамуы: Ананың шешімі

4. Оқиғаның шиеленісуі: Қасиетке оқ атқан ана

5. Оқиғаның шарықтау шегі: Қарт жылқышының әңгемесі

6. Оқиғаның шешімі: Ана қасіреті

3. Поэмадан көркемдегіш құралдарды тапқызу

Теңеу: жаңбырдың тамшысындай, қайтқан құстай, қарабат қарақшыдай

Эпитет: қатыгез, сұрқай ой, ақша бұлт, сұм жүрек, бозала таң, қара орман, ақ мүсін.

Метафора: ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала, өмір - дария.

Кейіптеу: Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға.

Мөлдіреген жетімкөл көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тия алмай жүр.

4. «Образға ене аламыз ба?» (оқушылар қалаған поэмадағы ұнаған кейіп-кер бейнесін сомдайды)

5. Анаға топтастыру әдісі бойынша мінездеме беру.

шарасыз

құсалы аңғал

күйзелген Ана адасқан ана

батыл

аналық махаббаты күшті

6. Кеспелермен жұмыс

1-кеспе Мына сөздер кімнің сөзі екенін анықта (+)

Мәтіннен үзінділер

Тәуіп шал

Ана

Жылқышы

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым болмаса саусағыңды қанаттың ба?

«Аққумен баланы аластаңдар», -

Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...

Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,

Дүние-ау сен осындай керемет пе ең?!


2-кеспе Мына сөздер кімнің сөзі екенін анықта (+)

Мәтіннен үзінділер

Әке

Ана

Жылқышы

Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

- Солай, солай...

Аманат бір Құдайға...

Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға...

Жасымнан естігенім бартын еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...


3-кеспе

Мәтіннен үзінділер

Ой түйінің

1. Асығыстық оларда болмайтұғын,

Қомағай көкқұтандар секілденіп,

Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.

Аққудың басқа құстардан шоқтығы биік екендігі айтылған

2. Алаңсыз аққуларды атпасын деп,

Жатқа да дастарханды жайдым төрге.

Аққуға деген халық құрметі

4-кеспе

Мәтіннен үзінділер

Ой түйінің

1. Оралмады аққулар осы маңға

Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?

Қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу.

2. «Ошақ қасы, от басы , көрмеппін ғой,

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»

Табиғаттың адам сезіміне әсері

5-кесте

Мәтіннен үзінділер

Ой түйінің

1. Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана «Жетімкөл» жағасында

Өлі менен тірінің арасында

Көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыруы

2. Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.

Табиғат тыныштығын бұзбау

7. Ой толғау жазу

1-қатар Мұқағали рухымен сырласу (хат жазу)

2-қатар Ана махаббаты

3-қатар Жетімкөл аққулары

Сабақты бекіту

1. Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген қандай күш?

2. Көл неге Жетімкөл деп аталды?

3. Сен поэманы қалай аяқтар едің?

Мұғалім: - Міне, балалар, көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың соңы қазаға ұшырауына әкеп соққандығын поэманы оқып, талдай отырып көзімізді жеткіздік. Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы адам бойындағы ізгі қасиет сұлулықтың, тазалықтың, пәктіктің, нәзіктіктің, қайсарлықтың, ізгі-ліктің Табиғат-анадан даритынына көздері жетіп, қоғамдық, дүниетанымдық, адами қасиеттерінің молая түсетіні сөзсіз. Бұдан шыққан қорытынды таби-ғаттағы тепе-теңдікті сақтау, табиғат тыныштығын бұзбау, қоршаған орта мен оның қасиетін бағалай білу. Ағылшынның бір ғұламасы «Дүниеде бір ағаш, бір көл қалмай адам табиғаттың қадірін білмейді» деген екен. Ғұлама айтқандай халге жеткізбей-ақ табиғатты қорғай білейік.

Үй тапсырмасы: Поэмадан үзінді жаттап, оқиғалы сурет салу.

Бағалау Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.







© 2010-2022