Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар-ұят туралы» (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:___________________________ Джумагалиева Б.М /Жармуханов А.К

Күні: 09.03.2016

Сынып: 5 «а» «ә»

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар - ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясы, сын тұлғасынан ойлау,

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау ,ұжымдық, проблема туғызу, алты ойшыл қалпақ, бес жолды өлең, топтастыру, ойын әдісі, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, музыка, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Үш топқа бөліп отырғызу.

4. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қ. Аманжолов өмірбаяны туралы түсінік

2. «Жамырап күнде жас өмір» өлеңді жаттау.


  • "Сандар сыр шертеді ойыны" ойнатылады .Интербелсенді тақтаның көмегімен алты сұрақ беріледі. Оқушылар сол сұраққа жауап қайыра білуі керек

  1. 1911-1955 өмір сүрген жылдар

  2. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды.

  3. 1924-1927ж Ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда тәрбиеленеді.

  4. 1943 жылғы "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма дүниеге келеді.

  5. 1949-1952 жылдары "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.

  6. 1938 жылы Тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.


ІІІ.Жаңа тақырып. Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»


  • Сабағымыздың тақырыбы: "Ар-ұят"туралы.

Өлеңдегі түйінді ой?

Өлеңнен үлкенді сыйлауда ар-ұяттың адам өміріндегі маңызын,пайымдауға үйрену жайнда сөз болады. Оқиға Шал мен жігіттің арасындағы диалог арқылы өрбейді. Екеуінің арасындағы ерегес пен басталып ұяттың адам бойындағы маңызы көрінісі суреттеледі.

Автор өлеңді жазу арқылы, оқып шыққан оқырманға ұятсыздық адамға жақсылық ,аброй әкелмейтіндігін , ұяттың адам өміріндегі ең маңызды мінез екеніне көз жеткізе білген.

Жоспар.

1.Кіріспе:

Шал мен жігіттің ерегесі;

2.Негізгі бөлім

Ар-ұят туралы ақынның сөзі

3.Қорытынды.

Ар-ұят-кісілік белгісі.

Жоспарды дәптерге жазып. Түсініп оқып. Әңгімелеп береді.

  • «Жуан-жіңішке сұрақтар»

  1. Оқиға да жалпы қандай адамдық қасиеттер әңгімеленеді?

  2. «Ар-ұят» дегеніміз не?

  3. Кейіпкерлер кімдер?

  4. Ар-ұят,адамгершілік,намыс туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • «Кейіпкерлер» стратегиясы

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Мінезі:

Ар ұят туралы мақал-мәтелдер.

Шал

Өлсең де ожданна ,ұяттан безінбеу керектігі, ар-намысты сақтап, ұятыңды білу туралы жігітке ұғындырды.

Ар-намысты,

Ожданды,

Адамгершілікті,

т.б.

Ажалдан әркім-ақ бір өлер,

Ұяттан бір емес,күнде өлер

Ұят-өлімнен күшті

Жігіт

Шалмен ерегесіп ұятыңды нан қылып езіп же деп, өзінің ұятсыз қылығын танытты

Арсыз,ұятсыз, бойында намысы жоқ

Қоянды қамыс өлтіреді,

Жігітті намыс өлтіреді.

«Бес жолды өлең» «Ар-намыс» туралы

1

Зат есім .Кім ? не?

Жігіт, Шал

2

Сын есім .Қандай?

Намысты, ұятсыз

3

Етістік .Не істеді?

Шал мен жігіт ерегесті,

4

Синоним .

Ар,намыс, ұят,ождан

5

Сөйлем (1 сөйлем)

Қоғамдағы ең бағалы адам - ол әдепті адам


  • «Алты ойшыл қалпақ әдісі»

Осы өлеңдегі қарт пен жігіттің арасындағы ұят пен ұятсыздыққа байланысты өздеріңнің алты түрлі ойларыңды білдіріңдер.


Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Ақ қалпақ
Ақынның «Ар-ұят туралы» өлеңінде жалпы не жайында айтылған?

Қандай ақпарат ала алдың? Өз ойыңмен «Ұят» деген ұғымға қандай түсінік бере аласың?

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Қызыл қалпақ
«Ар -ұят туралы» деген өлеңдегі шал мен жігіттің бойында қандай қасиеттерді байқадың? Ол қасиеттердің қайсысынан аулақ болып,қайсысын өз бойымызға сіңіруіміз керек?

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сары қалпақ
Шал мен жігіттің ерегесінен кейін қайсы кейіпкердің сөзі дұрыс, қайсы кейіпкердің сөзі бұрыс деп ойлайсың? Не үшін?Екеуінің артықшылығы мен кемшілігі бар ма?

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Қара қалпақ
Кейіпкерлердің жалпы адамзаттың басындағы осы ұят пен ұятсыздықтың пайдасы бар ма? Қандай түсінік бересің? Қайсы кейіпкердің іс-әрекеті аброй әпермейді?

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Жасыл қалпақ
Жігіттің ұятсыз мінезіне ,ерегесіне қандай ақыл , кеңестер айтар едің?

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Көк қалпақ
Болашақта ұят пен ұятсыздықтың қайсысынан аулақ болуымыз керек? Ақынның «Ар-ұят туралы» өлеңнен , айтпақ болған ойынан қандай ой түйеміз?

"Венн диаграммасы"

Кейіпкерлер

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Шал

Екеуі де пенде,адамның баласы

Шал ар -намысты, ұятын біледі.ожданы бар.

Жігіт

Жігіт ұятсыз, ар-намысы жоқ


  • Сабақты бекіту: «Сөзмаржан» ойыны

1.Ождан - ар,намыс сөздерінің баламасы

2.Зор парыз- үлкен жауапкершілік

3.Ғұмырлы болу- жасы ұзақ болу

4.Құлаққа құю- кішкентайынан айта беру

5.Тулау- бой бермеу

6.Адамдық- адамгершілік

  • Үй тапсырмасын беру.

1. Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттау
Рефлекция

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі


Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)


Жұбан. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»

Қазақ әдебиеті

(5 «а», «ә» сынып)

















09.03.2016 оқу жылы
























Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» (5 сынып)



Өткізілген сабаққа талдау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5 «а», «ә» сынып

Күні: 09.03.2016 оқу жылы

Кабинеті: Химя кабинеті.

Мақсаты:

Ж. Молдағалиев жайлы мәлімет беру, «Ар-ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен мазмұнын ұғындыру, тапсырмалар арқылы білімдерін кеңейту

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

  • «Топтастыру» стратегиясы, алты ойшыл қалпақ әдісі, бес жолды өлең, «сандар сыр шертеді» ойыны, «Кейіпкерлер кестесі», «Венн диаграммасы»

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығына көңіл бөлдім.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында Қасым Аманжоловтың «Жамырап күнде жас өмір» өлеңін жаттақа сұралды. Үй жұмысын алты оқушы жаттап келген өлеңдерін айту арқылы білімдерін танытты. Үй жұмысын бекіту мақсатында «Сандар сыр шертеді» ойыны ойнатылды. Ойын алты сұрақтан тұрды. Сұрақтар Қасым Аманжоловтың өміріне қатысты даталардың астына жасырылған елеулі оқиғалардан тұрды. Оқушылар сұрақтарға жауап қайыра білді.

Жаңа тақырып Жұбан Молдағалиевтің өмірі «Ар-ұят туралы» өлеңімен жалғасты. Тақтадан көрнекіліктер арқылы ақынның өміріне қатысты мәліметтердің барлығы айтылды. «Ар-ұят туралы» өлеңін жоспарлап мазмұнын оқушыларға оқыту арқылы аштырдым. Өлеңнің мазмұнын ,тақырыбын, түйінді ойды анықтау мақсатында «Кейіпкерлер кестесі» стратегиясын қолдандым, «Жуан-жіңішк сұрақтар» қойдым. «Бес жолды өлең» арқылы сөздік қорларына қор қостым.

«Алты ойшыл қалпақ» арқылы алты оқушыны тақтаға шығарып, ұтымды сұрақтар қойдым. Оқушылар өз білгендерін айтып сабаққа қатыса отырды. Ауызша түрде оқиғадағы шал мен жігіттің ұқсастығымен ,айырмашылықтарын сұрадым. Қиын сөздерді қаншалықты меңгергендігін,сабақты түсінгендігін бақылау мақсатында сабақты бекіте отырып, «Сөзмаржан» деп аталатын ойын ойнатып жібердім. Сабақ тақырыбы меңгерілді деп ойлаймын.



Пән мұғалімі: Ханов Ш.У



© 2010-2022