Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Қазақ әдебиеті Сатай мен Рабиға (6 класс)Сабақтың аты: Қазақ әдебиеті

Сынып: 6 «б»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан- жақты аша білу.

ә) дамытушылық: оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту.

б) тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке , шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, портрет, бағалау дөңгелекшелері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сыныпты түгендеу, сынып журналына тіркеу.

- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. "Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап" /үй тапсырмасын тексеру кезеңі/

1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?

2. Жазушының туған жері?

3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?

4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?

5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?

6. Қылау дегеніміз не?

ІІІ. Әңгіменің қомпозициялық құрылымы.

Оқиғаның басталуы

Ұйқы құшағындағы Сатай.

Оқиғаның байланысы

Әке тапсырмасы.

Оқиғаның дамуы

Сатайдың Рәбиғамен кездесуі

Шиеленісі

Балалар арасындағы әңгіме.

Шарықтау шегі

Сатайдың қорқынышы

Шешімі

Рәбиғаның сыйлығы.

Сөздікпен жұмыс:

Қылау - қыста сілбіреп жауатын ұлп, майда қар.

Шәугім - су қайнататын темір ыдыс.

Ішік - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.

Зират - дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.

Венн диаграммасы

Сайын Мұратбековтың Ұқсастығы Бердібек

Соқпақбаевтың

«Қылау» әңгімесіндегі «Менің атым Қожа» повесіндесі

Сатай бейнесі Қожа бейнесі


Ширату сұрақтары. /оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру/

1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неге жағымсыз естілді?

2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?

3. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?

4. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?

5. Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы оның батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?

6. Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?

"Ой жинақта, түйінде, жоспарла" /әңгіме бойынша жоспар құру/

1. Баланың жолға жиналуы

- Зират тұсынан өткендегі баланың ойы.

- Қорыққанға қос көрінген бұта.

2. Сатайдың Рәбиғамен кездесуі

- Балалар арасындағы әңгіме

- Жол кесіп өткен қасқыр

3. Баланың аттың басын кері бұруы

- Сатайдың қорқынышы

- Қыз сыйлығы.

Талдау- табыс кілті. Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасау.

1. Әңгіменің авторы- Сайын Мұратбеков.

2. Тақырыбы- Қылау

3. Кейіпкерлер- Сатай, Рәбиға, әкесі.

4. Теңеу- найзадай шаншылып

5. Тұрақты тіркес- зәресі ұшу, тіл- жағы байлану.

6. Идеясы- балалар арасындағы достық

7. Тәрбиелік мәні- бір-бірімен адал дос болуға, адамгерешілікке үндейді.

Кейіпкерлерге мінездеме беру.

ақылды досқа берік

Сатай

әңгімешіл қамқор мейірімді

ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқушыларға шығармашылық тапсырма беремін.

Ол достық туралы өлең құрастыру.

Ү. Үйге тапсырма.

Сатай мен Рабиғаға мінездеме жазу

ҮІ. Бағалау.


© 2010-2022