Ашық сабақ: Ұлыбританияның халқы

9 сынып   Жасушалардың бөлінуі. Митоз. Сабақтың мақсаты. Танымдық: жасушалардың  бөлінуі, митоздық бөліну фазалары  әр фазаның ерекшеліктері туралы толық түсінік беру. Дамытушылық: митоздық бөлінудің биологиялық мәні туралы  түсініктерін кеңейту. Тәрбиелік: митозды бөліну қандай ағзада жүретінін білуге баулу. Сабақтың типі:    Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың түрі:    Дәріс сабақ. Сабақтың  әдісі:  Баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру. Сабақтың барысы.      Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабаққа шолу. 1....
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып


Микроэволюция. Түр.

Түрдің популяциялық құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

Танымдық: Оқушылар микроэволюция, түр оның критерийлері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Түр оның критерийлерінің ерекшеліктерін талдау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Салыстыра білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба, ақпараттық технология.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. 1-топ Салыстырмалы анатомиалық дәлелдемелер.

  2. 2-топ Эмбриологиялық дәлелдемелер

  3. 3-топ Палеонтологиялық дәлелдемелер

  4. 4-топ Биогеографиялық дәлелдемелер

Жаңа сабақ

Микроэволюция. Түр. Түрдің популяциялық құрылымы.

Жаңа сабақ мазмұны

  • Микроэволюция

  • Түр және оның критерийлері

  • Түрдің популяциялық құрылымы.

Микроэволюция деп эволюциялық әрекеттер мен процестердің бастапқы кезеңдерін айтады. Мұндай процестер популяциялық - түрлік деңгейде байқалатын кішігірім тұқым қуалайтын өзгерістердің қалыптасуымен басталады. Пайда болған өзгерістер табиғи сұрыпталу нәтижесінде бейімделушілікке байланысты нығая келе жаңа түрлердің түзілуіне себеп болады.

Түр және оның критерийлері. Түр деп құрылысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығын айтады.

ТАшық сабақ: Ұлыбританияның халқыАшық сабақ: Ұлыбританияның халқыАшық сабақ: Ұлыбританияның халқыАшық сабақ: Ұлыбританияның халқыАшық сабақ: Ұлыбританияның халқыүр критерийлері



морфологиялық физиологиялық биохимиялық

генетикалық экологиялық - географиялық


Морфологиялық критерий- бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы құрылысының ұқсастығын сипаттайды.

Физиологиялық критерий - бір түр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің ұқсастығын көрсетеді.

Биохимиялық критерий - кез келген түр дараларының клеткаларында олардың өздеріне ғана тән арнайы нәруыздар синтезделетінін анықтайды.

Генетикалық критерий - әр түрдің өзіне ғана тән хромосомалар жиынтығын және ДНҚ - дағы нуклеотидтер құрамын сипаттайды.

Экологиялық - географиялық критерий - түрдің тіршілік ететін аумағын анықтайды.

Түрдің популяциялық құрылымы. Кез келген түр даралары, негізінен, өз аумағына біркелкі таралмай, кішігірім топтар құрып, аумақтың жеке бөліктерін мекендейді.

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру.§22 оқу.






10 сынып

Мейоз

Сабақтың мақсаты:

Танымдық: Оқушыларды көбеюдің ерекше түрі мейозбен таныстыру, мейоздың биологиялық маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: мейозды митозбен салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығына көз жеткізу.

Тәрбиелік: Салыстыра білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба, ақпараттық технология.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не?

  2. Көбею дегеніміз не? Көбеюдің қандай түрлері бар?

  3. Жыныссыз көбею қалай жүреді?

  4. Митоз дегеніміз не? Оның қандай маңызы бар?

  5. Профазада қандай процес жүреді?

  6. Метафазада қандай процес жүреді?

  7. Анафазада ше?

  8. Телофазада қандай процеспен аяқталады?

Жаңа сабақ Мейоз.

Жаңа сабақ мазмұны:

1 Мейоз - жыныс жасушаларының бөлінуі.

2 Бірінші мейоздық бөліну Редукциялық бөліну.

(хромосома саны екі есе азаяды)

3 Екінші мейоздық бөліну Эквациялық бөліну.

(жас жасушаның пайда болуы)

4 Мейоздың митоздан айырмашылығы.


© 2010-2022