Урок по казахскому литературу на тему А. БайтұрсыновӨгіз бен бақа (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Құндылықтар 3-бөлім 5-сынып

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Т/А 4 Астарлы мағынаны ажыратып айту

Пән: қазақ тілі

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Мерзімі:

Мұғалімі: Танатарова Ж.Т.

Сынып:

Оқушы саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

А.Байтұрсынов "Өгіз бен бақа"

Оқу мақсаты

Тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтайды, сөздердің астарлы мағынасын түсінеді және тілдік нормаларды сақтай отырып айтады.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады. Мультфильм қарайды. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне, көңіл-күйіне баға береді.

Оқушылардың көпшілігі істей алады. Мультфильм туралы пікір алысып, астарын ашады.

Кейбір оқушылар істей алады. Өз көзқарастарын жазбаша көрсетеді.

Тілдік міндеттер

Көрсеқызар, мақтаншақ, сабырлы, бақа, өгіз, тойымсыз, өзен, жануар,

Алдыңғы білім

Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді сипаттап жазу

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Ресурстар

Басы

(Ұйымдастыру кезеңі) 5 минут











Қызығушылықты ояту

"Сәлемдеме жіберіңіз"

Оқушылар әуен ойнап жатқан кезде, оралған қағазды бір-біріне жалғап береді, музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Кейбір қабатқа тақырыпқа қатысты мәтелдер беріледі, сол мәтелдердің астарлы мағынасын ашып айту арқылы, тақырып ашылады.

"Көп түкірсе көл"

"Қызым саған айтам, келінім сен тыңда"

"Оқу инемен құдық қазғандай"

"Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады"

Сабақтың тақырыбы:

Т/А 4 Астарлы мағынаны ажыратып айту

Мақсаты: Тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтау, сөздердің астарлы мағынасын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып айту.

Күтілетін нәтиже - Жетістік критерийлері

Жетті:

Мәтіндегі астарлы мағынаны дұрыс анықтайды, тілдік нормаларды сақтай отырып айта алады.

Талпынады:

Мәтіндегі астарлы мағынаны анықтауда қателер жібереді, тілдік нормаларды сақтауда қиналады.

Әуен, қағаз

Ортасы

(Негізгі бөлім)

20+10 минут

"Бинго"әдісі

Мақсаты: 3х3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар сәйкес түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді бірінші болып анықтаған оқушы жеңіске жетеді.

Миға шабуыл

"Бақа мен өгіз" мультфильмін көрсету

Топтық жұмыс:

"Мазмұндаңыз. Ажыратыңыз. Өзгертіңіз. Құрыңыз. "

Жұптық жұмыс:

"Тоғыз гауһар тас"стратегиясы /құндылықтар тізімін жасау/

Бұл мультфильмде қандай астарлы ой жатыр?

Осы оқиғадан кейін қандай тұжырым жасауға болады?Қоғамға қандай адам керек?

Жеке жұмыс:

"Еркін микрофон" стратегиясы

"Соңғы сөзді мен айтамын..."

/Бақа сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?/

Плакат, қағаз, видеоролик

Соңы

5 минут

Бірін-бірі бағалау "Екі жұлдыз, бір ұсыныс"

Мәтінге талдау жасайды.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім?

Стикер, қағаз

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту-топта әр оқушы өз деңгейіне сай тапсырма жасайды. Мұғалім оны бақылайды.

Бағалау-бірін-бірі бағалау



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз

(оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



© 2010-2022