Тейквандомен шұғылдану

урок по казахскому языку для школ с русским языком обучения.Сынып 7 Сабақтың тақырыбы: Тейквондомен шұғылдану. Сабақтың мақсаты: 1.     Оқушылардың  спорт түрлері туралы білімдерін  жетілдіре отыра, оларға тейквондо  туралы баяндау. 2.     Сөздік қорларын байыту, танымын кеңейту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. 3.     Салауатты өмір салтының негізі – спортқа баулу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі:  аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, жазылым, оқылым. Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, слайдтар. Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңдері: 1.Ұйымдастыру . 2.Сабақтың мақсатымен таныстыру. 3.Өткен материалды еске түсіру. 4.Жаңа сабақ. 5.Бекіту. 6.Үйге тапсырма. 7.Бағалау.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тейквандомен шұғылдануТобыл орта мектебі









Тақырыбы:

Тейквондомен шұғылдану








Орындаған: Балахмет Гүлім Мұратқанқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

2013 жыл

Сынып 7

Сабақтың тақырыбы: Тейквондомен шұғылдану.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың спорт түрлері туралы білімдерін жетілдіре отыра, оларға тейквондо туралы баяндау.

  2. Сөздік қорларын байыту, танымын кеңейту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Салауатты өмір салтының негізі - спортқа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, жазылым, оқылым.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

1.Ұйымдастыру .

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3.Өткен материалды еске түсіру.

4.Жаңа сабақ.

5.Бекіту.

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Амандасу. Оқушыларды түгендеп, олардың сабаққа даярлығын қадағалау. Назарларын жаңа сабаққа аудару.

ІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда біз тейквондо деген спорт түрімен танысамыз. Алдымен өткекн тақырыптарды еске түсірейік.

ІІІ. Өткенді қайталау.

  • Ырықсыз етіс дегеніміз не? Оның жасалу жолдарын атаңдар.

  • Ырықсыз етіске қай кезде өздік етістің -ын, -ін,-н, жұрнақтары жалғанады?

  • Еріндік дауыстылар ненің қатысыумен жасалады?

  • Еріндік дауыстылардың саны қанша? Атаңдар.

  • Әшекей бұйымдар жасайтын шеберді қалай атайды?

  • Сурет салу үшін қандай құралдар қажет?

  • Екі оқушы тақтаға шығып талдау жұмыстарын жасайды.

  • 1) фотосуретші - сөзін жіктеу жекеше түрде; 2) фотосурет- сөзін тәуелдеу жекеше түрде.

  • Ас дайындау барысында қандай тұрмыстық техникалар қажет?

IV. Жаңа сабақ.

-Балалар сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?

Оқулықтың 157 бетін ашыңдар.2 тапсырма. Берілген мітінді оқып орыс тіліне аудару қажет. Ол үшін алдымен бізге мәтінді аударуға көмектесетін жаңа сөздермен танысайық. Сөздік дәптерлеріңді ашып, тақтадан жаңа сөздерді көшіріп жазыңдар.

Жаңа сөздерді есте сақтау үшін бірнеше жаттығулар өткізу.

А) мұғалім орыс тілінде жаңа сөздерді оқиды, ал оқушылар баламасын қазақ тілінде хормен айтады.

Б)Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

Мысалы: Ертең ресми кездесу болады. Арман ұстамды оқушы. Біздің жаттықтырушымыз жарысқа кетті.

2- тапсырма бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей, 1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1)Жау шабуылынан қорғайды, денсаулығын, денесінің шынығуы мен ұстамдылығын жақсартады.

2)Қазіргі таңда тейквондомен шамамен 150 млн адам шұғылданады.

3)Тейквондоның «штаб пәтері» Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында орналасқан.

2. Реттік сан есімдерді табу.

Мәтінде кездесетін реттік сан есімдер: мың тоғыз жүз жетпіс бесінші, екі мыңыншы.

ІІ деңгей.

Спортқа қатысты термин сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құрау.

А)тейквондо, жаттықтырушы, нұсқаушылары, Олимпиадалық.

Ә) Тейквондо - Кореялық спорт түрі. Біздің жаттықтырушымыз жақсы адам. Мен Олимпиадалық ойындарға қатысқым келеді.

V.Бекіту.

-Сонымен, балалар біз бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-қандай спорт түрімен таныстық?

- Бұл спорттың Отаны болып қай ел саналады?

-Нешенші жылы ресми түрде қабылданыд?

-Алғаш рет нешенші жылы Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілді?

- Реттік сан есім қалай жасалады? Қандай сұраққа жауап береді?

VІ.Үйге тапрсырма.

-Ереже, жңа сөздерді жаттау. Алмастың төртінші сыныпта Жұлдыз есімді қарындасы оқиды.- сөйлемге морфологиялық талдау жасау.

VІІ.Бағалау.

-Сабақ барысында белсенді жұмыс істеген оқушыларды бағалау.


© 2010-2022