Анықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Анықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпАнықтауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8-сыныпКүні: 31.10.15 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш. Дара, күрделі, үйірлі анықтауыштар.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік - анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

ә) дамытушылық - түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалары бар плакат, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: биология, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше ереже айтамын, егер дұрыс болса оқушылар орнында отыра береді, ал егер дұрыс емес болса орнынан тұруы тиіс.

  1. Толықтауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (тұрады).

  2. Толықтауыш кім? не? деген сұрақтарға жауап береді (тұрады).

  3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - бастауыш пен баяндауыш (отырады).

  4. Анықтауыш та тұрлаулы мүше болуы мүмкін (тұрады).

  5. Толықтауыш тура және жанама болады (отырады).

  6. Мен сені түсімде көрдім. Осы сөйлемде жанама толықтауыш бар (тұрады).

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан

болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Соған сәйкес сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Керімбаланың осы әніне орай қып, Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді. Оның әні - «Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса, матаса байланысады. Мысалы, Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әніне дегенде қабыса байланысқан.

Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады. Анықтауыштар құрылысына қарай

дара, күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар).

Анықтауыштар құрылысына қарай

Мысалдар

Дара

Құстар шыршалы орманды жақсы көреді

Күрделі

Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені - алып қарағай.

Үйірлі

Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.

Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

Анықтауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қысқа жіп - күрмеуге келмес.

Зат есімдер

Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.

Сан есімдер

Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

Есімдіктер

Есімше

Осы жылқы - жүйрік.

Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал май қарағайдың діңі жып-жылтыр.

Жаттығумен жұмыс: 49-жаттығу. Оқушылар түсініп оқиды, қарамен жазылған анықтауыштардың сұрақтарын қояды, олар бастауышты анықтап тұр ма, толықтауышты анықтап тұр ма, дәлелдейді. Мәтін бойынша түсінгендерін бір-біріне дәлелдейді (жұптық жұмыс).

Тұтанбаған темекі ғана зиянсыз


Темекі тарту Американы ашқаннан кейін ғана етек ала бастады. Еуропаға темекіні ХVІ ғасырдың әйгілі (қандай?) теңізшісі (бастауыш) Х.Колумб әкелді деген болжам бар. Алғашқы уақытта темекі адам денсаулығына пайдалы деп есептелінді. Дәрігерлер сырқаттарға темекі тартып немесе иіскеп емделуге кең түрде кеңес беріп отырған. Еуропадағы алғашқы (қандай?) темекіні (толықтауыш) өсіруші дәрігер Жан Нико болған. Сол Никоның аты-жөнімен темекінің негізгі (қандай?) әсер етуші (қандай?) улы (қандай?) заты (бастауыш) - никотин аталып кеткен.

Бірақ темекі салдарлары көп ұзамай байқала түсті. Жан қинаған (қандай?) көкжөтел (бастауыш), ерін, тіл, тамақ, өкпе (қандай?) аурулары (бастауыш) тарай бастады.

Темекіні жаңалап тартқан сайын түтінмен ішке баратын уытты заттар молайып, өмірлік (қандай?) маңызды (қандай?) мүшелерді (толықтауыш) үсті-үстіне уландыра береді. Темекінің соңғы үштен бір бөлігі аса қауіпті. Онда көміртек қышқылы - 5 есе, бензопирен - 4 есе, никотин - 3 есе, қара смола - 3 есе, аммиак - 46 есе көп. Сондай-ақ басқа (қандай?) да уытты заттардың (анықтауыш) қосындылары қан арқылы бүкіл өне бойды улап өтеді. Тыныс алу жолдары ерекше зардап шегеді. Созылмалы (қандай?) бронхит (бастауыш), трахеит, демікпе, өкпе, ерін, тіл, жұтқыншақ (қандай?) рагы (бастауыш) сияқты ауруларды туғызады. Темекі тартатындардың өкпе рагына шалдығуы тартпайтын адамдарға қарағанда он есе жиі кездеседі. Ракпен ауырған 100 еркек адамның 90-ы - темекі тартатындар. Сілекей арқылы кеңірдек пен асқазанға түскен (қандай?) никотин (бастауыш) жүректі айнытып, құстырады, соның салдарынан асқазан мен тоқ ішектің қабырғаларында ойық (қандай?) жаралар (бастауыш) пайда болады. Әрбір жарты сағат сайын тартылған (қандай?) темекі (бастауыш) салдарынан қан тамырлары үнемі әлсіз жұмыс істейді де, оттектің (ненің?) адам ағзасына таралуы (бастауыш) баяулап, жүрек шаншулары пайда болып, инфарктіге ұрындырады. Зерттеулерге қарағанда, темекі тартатындар миокард инфарктісіне бес есе, миға қан құйылып кету (қандай?) ауруына (бастауыш) 3-4 есе көп ұшырайды екен. Темекі аяқ тамырларының тарылуына, бұлшық еттерінің ауыр сырқаттарына әкеліп соғады. Тіпті ауру аяқты кесуге тура келетін (қандай?) кездер (бастауыш) де болады.

Шетел (қандай?) ғалымдары (бастауыш) никотин мен темекі түтінінің ысы аллергиялық аурулардың көбеюіне себепші болатынын дәлелдеді. Сөйтіп, темекінің адам ағзасына келтірер зияны өлшеусіз әрі өте-мөте залалды.

Ә.Нәлібаев

Шығармашылық жұмыс:

«Адамның жақсы, жаман болмағы - өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Анықтауыш сөйлемнің қандай мүшесі? (тұрлаусыз)

  2. Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің?

Ненің?)

  1. Дара анықтауышқа мысал келтіріңдер.

  2. Күрделі анықтауышқа мысал келтіріңдер.

  3. Үйірлі анықтауышқа мысал келтіріңдер.

  4. Анықтауыштың асты қалай сызылады? (ирек сызықпен)

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 50-жаттығу


© 2010-2022