Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау. Мақсаты: ·         Білімділік: етістіктің шақтары туралы алған білімдерін қорытындылау. ·         Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, жадын дамыту, ауызекі сөйлеу және өткен  материалдарды қайталап, талдай білуін дамыту. ·         Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігін ояту. Әдістемелік тәсілдер: Сабақтың жабдықталуы: табиғат көріністері, слайд, карточкалар, оқулық. Сабақтың түрі: қайталау сабағы. Сабақтың барысы: І. ... Осы шақ Келер шақ Өткен шақ             Ал, балалар, сабақта өздеріңнің жұмыстарыңа разы болдыңдар ма? Қай тапсырма сендер үшін қиын болды? Сабақ басында қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? «Адам мақсатқа, ең алдымен өзін – өзі жетілдіру арқылы жетеді», сондықтан оқып – білуден ешқашан жалықпаңдар дегім келеді. Үйге тапсырма:  «Туған жер» тақырыбына шығарма жазып келу   Бағалау.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау.

Мақсаты:

  • Білімділік: етістіктің шақтары туралы алған білімдерін қорытындылау.

  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, жадын дамыту, ауызекі сөйлеу және өткен материалдарды қайталап, талдай білуін дамыту.

  • Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігін ояту.

Әдістемелік тәсілдер:

Сабақтың жабдықталуы: табиғат көріністері, слайд, карточкалар, оқулық.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалім:

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбын атамай тұрып, алдымен табиғат көріністерін тамашалай отырып, мәтінді тыңдаңыздар. (Табиғат көріністері туралы слайд көрсетіледі)

Туған жердің табиғаты.

Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне таң қаласың.

Туған жер! Мен үшін сенің әрбір аң - құсың, әрбір гүлің ыстық, әрі қымбат, мен үшін сенің көк аспаның қымбат. Алысқа кетсем сені сағынамын, көруге асығамын.

Мен сенің гүлдеген көктеміңді, жасыл жазыңды, сары алтын күзіңді, ақ мамық қысыңды сүйемін. Сол себепті мен туған жердің табиғатын көркейтуге, оны қорғауға көмектесемін.

  • Бұл мәтінде не туралы айтылған?

  • Суреттен таныс жерлерді көрдіңдер ме?

  • Мәтінде қандай етістіктер кездеседі?

ІІ. Жаңа сабақ.

Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбына көңіл аударайық. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап, тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Сабағымызда бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп, білім шыңына шығуларыңызға тілектеспіе. Сонымен, бүгінгі сабаққа әрқайсысың қандай мақсат алар едіңдер? (оқушылардың жауабы)

Бүгінгі сабақтың эпиграфы ретінде ұлы ғалым «Адам мақсатқа, ең алдымен, өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген сөзін алсақ деймін. Сонымен, іске сәт!

1 - тапсырма.

Мақсаттарың орындалу үшін, бірінші кезеңде бәріміз білім ордасына аукционға барамыз. Бүгінгі аукционда білім өте бағалы, өмімізге қажетті. Лоттарды сатып алуға қатысып, ұпай жинаңыздар. (Аукцион ойыны ойналады. Слайдта көрсетіледі).

№1 лот - етістіктің ережесі.

№2 лот - етістіктің сұрақтары.

№3 лот - етістіктің шақтары деген не?

№4 лот - етістіктің шақтарын ата.

№5 лот - нақ осы шақ деген не?

№6 лот - мақ, - мек, -бақ, -бек, -пақ, - пек қай шақтың жұрнағы?

№7 лот - келер шақ деген не?

№8 лот - болжалды келер шақ деген не?

№9 лот - өткен шақ деген не?

№10 лот - ауыспалы келер шақтың жасалуы?

(Дұрыс жауаптарға жетондар беріліп отырады)

2 - тапсырма.

Балалар, қандай ақын, қандай жазушыны алсақ та, өз туған жерін жырламағаны кем де кем. Қазақтың ақыны С. Мәуленов аталарыңды барлығың да білесіңдер. Ол кісі Ұлы Отан соғысына қатысқан, көптеген жыр - кітаптарының авторы. Сырбай аталарыңның туған еліне арнаған «Менің Республикам» атты тамаша өлеңі бар. Ендеше, сол өлеңге назар аударайық.

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.

Менің байтақ Республикам даласы,

Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

(өлеңнен етістіктерді тауып, сөз құрамына талдау)

3 - тапсырма.

Балалар, етістіктің шақтарының түрленетінің барлығымыз да білеміз. Олай болса, етістіктің шақтары қалай түрленеді екен? (барлық оқушыларға карточка таратылады)

№1

Етістіктерді ауыспалы келер шақта жікте. (Сыйла)

№2

Етістіктерді болжалды келер шақта жікте. (бар)

№3

Етістіктерді мақсатты келер шақта жікте. (сөйле)

№4

Етістіктерді жедел өткен шақта жікте. (кел)

№5

Етістіктерді бұрынғы өткен шақта жікте. (айт)

№6

Етістіктерді ауыспалы өткен шақта жікте. (көр)

№7

Етістіктерді нақ осы шақта жікте. (отыр)

№8

Етістіктерді күрделі осы шақта жікте. (оқып отыр)

№9

Етістіктерді ауыспалы осы шақта жікте. (ойна)

№10

Етістіктерді бұрынғы осы шақта жікте. (оқы)

4 - тапсырма

Енді барлығымыз оқулықтың 97 - бетіндегі 156 - жаттығуға назар аударайық. Мақал - мәтелдерді оқып, етістіктерді шақтық мағынасына қарай бөліп жазыңдар.

5 - тапсырма.

Оқушыларды екі топқа бөліп, өздері білетін жаңылтпаштарды жарыстыра айтқызу, бірінші топ айтқан жаңылтпаштағы етістіктерді екінші топ табуы керек.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Берілген етістіктерді топтарға бөліп жаз:

(алдымен жеке орындау, одан кейін жұппен орындау)

Күзетеді, сыңғырлады, салып жатты, гүлденді, тұрды, сөйлемек, жатыр, жүгіріп бара жатыр, отырады, алып жүреді, оқымақшы, қарайды, жауап берген, алыппын, сұрайтынсың, ойла, жауап берген, жуын, ашпақшы, көрер.

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ









Ал, балалар, сабақта өздеріңнің жұмыстарыңа разы болдыңдар ма? Қай тапсырма сендер үшін қиын болды? Сабақ басында қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? «Адам мақсатқа, ең алдымен өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді», сондықтан оқып - білуден ешқашан жалықпаңдар дегім келеді.

Үйге тапсырма: «Туған жер» тақырыбына шығарма жазып келу

Бағалау.






© 2010-2022