Қарсы мәндес сөздер қазақ тілі 4-класс

Мақсаты ● Сөздің қарама-қарсы мағынада қолданылуы, заттың сапа белгісін салыстыру үшін қажет екенін ұғындыру. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен жұмсауға үйрету. Сөз туралы білімдерін пысықтау жұмыстарын жүргізу. ● Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге  тәрбиелеу. ● Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмыстарын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру.     Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, т...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 4- класс

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардыға мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы

жалпы түсінік бере отырып, сөз және оның мағынасы туралы

білімдерін тереңдете түсу.

Сабақтың міндеттері:

● Сөздің қарама-қарсы мағынада қолданылуы, заттың сапа белгісін салыстыру үшін қажет екенін ұғындыру. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен жұмсауға үйрету. Сөз туралы білімдерін пысықтау жұмыстарын жүргізу.

● Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

● Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмыстарын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын түрлерін пайдалану, талдау, жинақтау әдісі, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі суреттер, кесте, жұмбақтар, «Қарама-қарсы қызық сөздер топтамасы»,

ойынға қажетті құралдар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы

І Психологиялық дайындық.

(Оқушыларды топқа бөлу , бір-біріне жақсы тілектер айтқызу)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Балалар, біздер қандай тарауды оқып жатырмыз?

  2. Сөз және оның мағынасы.

  3. Сөз неден жасалады?

  4. Сөздің мағынасы бола ма?

  5. Білдіретін мағыналарына қарай сөздің қандай түрлері болады?

●Кестемен жұмыс

Сөз

(мағынасына қарай)

Қарсы мәндес сөздер қазақ тілі 4-классҚарсы мәндес сөздер қазақ тілі 4-классҚарсы мәндес сөздер қазақ тілі 4-класс

Мәндес сөздер Қарсы мәндес сөздер Көп мағыналы сөздер

  1. Біз өткен сабақта қандай түрін өттік?

  2. Мәндес сөздер.

(Үйге берілген 203-жаттығуды орындату)

●Өткен тақырыпты пысықтау.

Мәндес сөздерді тауып жазу.

Қасқыр, ...

Екі, ...

Батыр, ...

Әдемі, ...

Адал, ...

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту.

-Сөздердің мағынасына қарай түрлерге бөлінуіне байланысты қарсы мәндес сөздердің болатынын айттық. Ендеше, бүгінігі сабағымызда қарсы мәндес сөздер туралы өтеміз. Сөйлегенде, жазғанда мағынасы қарама-қарсы сөздерді пайдалануды үйренеміз.

  1. Суретпен жұмыс (Әр топқа төмендегі мағынадағы сөздер бойынша суреттер тарату)

Күн-түн Биік-аласа

Ақ-қара Ескі-жаңа

- Не байқадыңдар? Бұл қандай сөздер?

- Бұл сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы.

- Ал, енді, мағыналары қарама-қарсы сөздерге мысалдар келтірейік.

(Оқушылар өздері айтады)

І топ (ақ) ІІ топ (қара) ІІІ топ (биік) ІҮ топ (аласа)

2. Оқулықпен жұмыс

205-жатттығу.

Жазылған сөздердің жұптарын оқыту, мағынасын түсіндіру.

206-жаттығу.

- Мақалды жатқа жазу

- Қарсы мәндес сөздерді табу, олардың мағынасын түсіндіру.

- Мақалдың мағынасын өз сөздерімен түсіндіру.

3. Топпен жұмыс

Әр топ қарсы мәндес сөздері бар бір-бір мақал айту керек.

( Бірінші топ мақалды айтады. Екінші топ мақалдағы қарсы мәндес сөздерді тауып айтады. Мақалдың мағынасын ашады.)

4. Оқулықпен жұмыс

  1. - жаттығу. Жаттығудағы мәтінді жақсылап оқиды.

Мәтін бойынша сұрақтар қою

  • Абай ата кім?

  • Атамыз нені жақсы көріпті?

  • Жұмбақтарды

  • Жұмбақтар нені қажет етеді?

  • Тапқырлықты және ақылды

  • Атамыз айтқан сегіз батырды ата?

Қыс пен жаз I топ сөйлем құрау

Күн мен түн II топ сөйлем құрау

Тақ пен жұп III топ сөйлем құрау

Жақсылық пен жамандық IV топ сөйлем құрау

5. Жұмбақ ойын

- Абай атаға ұқсап біз де жұмбақтарды шешуді жақсы көреміз, иә, балалар, ол өте қызық ойын. Мен қазір әр топқа жұмбақ жасырамын

1. Бар ма, жоқ па білмеймін,

Ол жоқ жерде жүрмеймін. (ауа)

2. Аппақ дала, қара дән

Сепкен дәннін түсінуге жараған. ( әріптер)

3. Бірі ащы, бірі тәтті,

Екі ұнтақ, екеуі де ақ.

Біреуі майға ұнайды

Біреуі шайға ұнайды. (тұз бен шекер)

4. Қараңғыда жымыңдайды, жанады

Жарық түссе, бірден сөніп қалады (жұлдыз)

Мағынасы қарама - қарсы сөздер:

бар - жоқ, аппақ - қара, ащы - тәтті, қараңғы - жарық.

6. Оқулықпен жұмыс.

208 - жаттығу.

1. Жұмбақты оқу, шешуін табу.

2. Қарсы мәндес сөздерді табу.

3. Олардың қолдану себептерін түсіндіру.

- Қалай ойлайсыңдар, мұндай сөздер не үшін қолданылып тұр.

7. Топпен жұмыс.

М. Әлімбаевтың «Қарама - қарсы қызық сөздер» топтамасын пайдаланып «Сөз ойлау, тез ойлау» ойынын жүргіземіз. Тақтадағы көп нүктенің орнына сөз қойып жазу.

● Ыстық та туып та,

Шыдамаймыз …. (суыққа)

● Ащы терім ақты

Жеміс өсті …. (тәтті)

● Халқың үшін жаның сал

Қарғыс алма … (алғыс) ал!

● Ақылсыздар ұқпайды,

Аққа …(қара) жұқпайды.

● Еңбекші болсаң ерінбе,

Ауырдың өзін …(жеңіл) де.

● Сөздің де дұрысы бар …(бұрысы бар)

Әр кез дұрыс сөйлеуге тырысыңдар.

● Үлкенге кешіріммен қарағаны,

Кішінің …(үлкендікке) жарағаны.

● Жақсы істің ұсағын да … (ірідей) көр

Жақсыны ағадай көр інідей көр.

8. Сурет салу: (тақырыпқа байланысты)

- Балалар , енді, әр топ қарсы мәндес сөздерге байланысты сурет салады. Салып болған суретті топтап бір оқушы таныстырады.

9. Жақсы-жаман ойыны.

Оқушылар таныс зат таңдап алады. Оның жақсы - жаман қасиеттерін сипаттап, айтып шығу. Жауаптар бірін-бірі қайталамау керек.

I топ жақсы қасиетін → «Қарындаш»

II топ жаман қасиетін →

III жақсы қасиетін → « Сызғыш»

IV жаман қасиетін →

10. Үлестірмелі қағаздармен жұмыс. (Тест тапсырмалары жазылған)

№ 1 № 2

  1. Қорқақ - ? 2. Салақ - ?

(Қарсы мәндес сөзін тап) (Қарсы мәндес сөзін тап)

а) қайсар а) епсіз

ғ) батыр + ғ) олақ

б) шыдамды б) пысық+

IV Сабақты қортындылау.

  • Балалар, біз бүгін қандай сөздермен жұмыстар жүргіздік?

  • Қалай ойлайсыңдар, мұндай сөздер не үшін қажет?

  • Заттың сапа, белгісін салыстыру үшін қажет.

V Бағалау

Топтап бағалату

(Әр топ өздеріне қарама-қарсы топты бағалайды және неліктен олай бағалағанын түсіндіреді.)

VI Үйге тапсырма 209-жаттығу беріледі.

Игисинова Гулайм Қайырқызы

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Жабасақ орта мектебі


© 2010-2022