Асан Қайғының жерұйықты іздегені сабақ жоспары

Әдебиет. 5 сыныпТақырып: Асан Қайғының жерұйықты іздегеніСілтеме: Әдебиет оқулығы, деңгейлі тапсырмаларНегізгі мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгеруге ықпал ету, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Жоғары деңгейлі сұрақтар арқылы ой-өрістерін кеңейтуКүтілетін нәтиже: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені» тақырыбы бойынша «С»- оқушы сұрақтар қоя алады, «В»- оқушы төменгі, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыруға дағдыланады,«А» - оқушы Асан Қайғының барып қайтқан...
Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет. 5 сынып


Тақырып: Асан Қайғының жерұйықты іздегені

Сілтеме: Әдебиет оқулығы, деңгейлі тапсырмалар

Негізгі мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгеруге ықпал ету, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Жоғары деңгейлі сұрақтар арқылы ой-өрістерін кеңейту

Күтілетін нәтиже: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені» тақырыбы бойынша «С»- оқушы сұрақтар қоя алады,

«В»- оқушы төменгі, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыруға дағдыланады,

«А» - оқушы Асан Қайғының барып қайтқан өңірлерінің картасын салып, қорғай алады.

Түйінді идеялар: Тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіре алады. Берілген тапсырмаларды орындай алады. Қолданылған әдіс-тәсілдердің барлығы іске асырылды.

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың этаптары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңберге тұрғызады,


Асан Қайғының жерұйықты іздегені сабақ жоспары

Оқушыларды топқа бөлу. Түйе мен торсықтың қиынды суреттерін ұсынылады.

Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім берген жұмсақ ойыншықты (түйені) алып, еркелету қимылдарын көрсетіп, келесі оқушыға береді. Сөйтіп, шеңбер бойы көрсетеді. Оны болған соң, сол қимылдарды бір-біріне жасайды. Мысалы: сипау, маңдайынан иіскеу, арқасынан қағу т.с.с

Оқушылар түйе және торсықтың қиынды суреттерін жинау арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

«Диалогтік оқыту» тәсілі арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Асан Қайғының жерұйықты іздегені сабақ жоспары

Оқушылар екі қатарға қарама-қарсы жұптасып тұрып, бір-біріне сұрақтар қояды. Сөйтіп жылжып отырып барлығы бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.

Жаңа тақырыпқа шығу

1. «Асан Қайғының Жуалы жерін көруі» суреті таратылып сол бойынша «Сұрақ, жауап, толықтыру» карточкалары береді

Асан Қайғының жерұйықты іздегені сабақ жоспары

2.Өздерінің туған жерлерін жарнамалау.

3. Қазіргі заманның Асан қайғысы... ауызша ойларын айту.

4. Асан қайғының барып қайтқан өңірлерінің картасын салу.

Топтық жұмыс. Әр топ өз сұрақтарына жауап беріп, бір-бірімен алмасып, жауаптарын тексеріп, қосатыны болса толықтырады.

Әр топ өз туған жерлері жайлы жарнамалайды.

Әр топ өз ойларын айтады.

Асан қайғының барып қайтқан өңірлерінің картасын салады.

Асан Қайғының жерұйықты іздегені сабақ жоспары

Қорытынды

«Дұрыс, бұрыс» тәсілі арқылы тест.

Оқушылар тестік жұмыс орындайды

Бағалау

Бағдаршам суреті салынған қағаздар таратады.

Асан Қайғының жерұйықты іздегені сабақ жоспары

Оқушылар тақырыпты меңгергені болса қызыл бояумен, жартылай меңгергені болса сары бояумен, мүлде меңгермегені болса жасыл бояумен бояуы тиіс.

Кері байланыс

Жетістік ағашы

Оқушылар өздерінің ағаштың қай тұсында екенін белгілейді.










© 2010-2022