Урок по казахскому языку Жазғы демалыс күндерім

                         Қазақ тілі          8 сынып   Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс күндерім.    Сабақтың мақсаты: :    I. Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының ең қымбаттылығын, денсаулық – бағалы байлық екендігін түсіндіру және ол үшін адам дұрыс демалу жолдарын іздеу қажеттілігін көрсету.   II.Дамытушылық: Ойландыру, тыңдау, сөйлесу, оқылым, тілдесім, жазылым іс-әрекеттері арқылы таным қабілеттерін дамыту, дұрыс сөйлеу, аудару дағдыларын жетілдіру.   III.Тәрбиелік: Бірінші байлық де...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс күндерім.

Сабақтың мақсаты: :

I. Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының ең қымбаттылығын, денсаулық - бағалы байлық екендігін түсіндіру және ол үшін адам дұрыс демалу жолдарын іздеу қажеттілігін көрсету.

II.Дамытушылық: Ойландыру, тыңдау, сөйлесу, оқылым, тілдесім, жазылым іс-әрекеттері арқылы таным қабілеттерін дамыту, дұрыс сөйлеу, аудару дағдыларын жетілдіру.

III.Тәрбиелік: Бірінші байлық денсаулық екенін, күту қажеттігін еске салу, денсаулықтың қадірін ұғынуға тәрбиелеу, спорты сүюге , қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейту;

  • Өз беттермен ізденуге баулу;

  • Тілдің өмірге қажеттілігін саналарына жеткізу;

  • Мақалдың мағынасының тереңдігін ұғындыру.

Қолданылатын әдістер:

Шығармашылық жұмыстар,деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап,әңгімелеу, аудару әдістері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

(Амандасу, оқушылар назарын сабаққа аудару)

1. Қызығушылықты ояту.

Компьютерден судың сарқыраған ағысы, құстар әуендері естіліп тұрады.

  • Балалар, сендер көздеріңді жұмып, осы әуендерге байланысты әсем табиғатты көз алдарыңа елестетіңдерші.

Мұғалім осы уақытта тақтада жабық тұрған «Табиғат» суретін ашады. Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы жұмыс істеймін.

  • Балалар, кімнің көз алдына елестеткен табиғат бейнесі осы суретке ұқсас болды?

  • Сендерге судың сарқыраған дыбысы, құстар әуендері әсер етті ме? (Оқушылар жауап береді)

2. Ой қозғау.

Урок по казахскому языку Жазғы демалыс күндерім


- Балалар, «Табиғат» сөзін естігенде не естеріңе келеді? Табиғаттың бір бөлшегі кім?

- Адам. Адамға өмір сүруге, өмірін ұзартуға керекті не? Денсаулық....

- Денсаулықты молайту үшін, өмірді ұзарту үшін адам не істеуі керек?

- Демалу.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін:

  1. Тіл дамыту жұмысын жүргізе отырып, сабақтың тақырыбын анықтап алу.

2. Тақырыпқа қатысты жаңа мәтіннің түйінін шешуге жағдай жасау)


3. Тыңдалым. (мәтінді компьютерден тыңдайды)

Артек.

Биік таудың етегі теңізге тіреледі. Бұл көрікті жерде Артек орналасқан. Артек - әлемге әйгілі балалар демалатын орын. Артек маңы көгілдір шыршаға толы. Лагерь көп жерді алып жатыр. Мұнда жыл сайын мыңдаған балалар келіп демалып қайтады.

Артек қай жерде орналасқан?

Естігенді ауызша жеткізу, түсіндіру, мазмұнын айту, сұраққа жауап беру.

4. Жазылым.


Белсенді тақта қосылады - Белсенді тақтамен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

  1. Берілген сөздердің жалғауларын сәйкестіру.

Жидек... мен

Шөп... тен

Өзен... дың

Қармақ... де

Жаңбыр... ға

Жайлау... ты

Гүл... ті

Белсенді тақтаның мүмкіншілігі бойынша тексеру.

  1. Мына сызба арқылы жұмыс істеу.Белсенді тақтамен жұмыс.

СӨЗ - СӨЗ ТІРКЕСІ. СӨЙЛЕМ.

Тереді -

Бақбақ -

Көл -

Ыстық -

Секіреді -

Баяндауыш пен бастауышты тауып, астын сызу.

Белсенді тақтамен жұмыс. Контейнер.

( бұл әдіспен зат есімдерді бір бағанға жинақтау, етістіктерді екінші)


Зат есім

Етістік


Балық, секіреді, бақбақ, көл, аулаймыз, демалдым, дала , барып, өзен, күн.

4. Тілдесім

Топқа бөлу

Жағдаят .

Диалог «Өзенге барайық»

1-топ

-Сәлеметсің бе, Рамиль?

-Сәлем, Сергей.

-Бүгін күн ыстық, өзенге барып, суға түсейік!

-Жарайды, барайық!

-Сен қалай ойлайсың, Ертістің суы таза ма?

-Жоқ, адамдар керегі жоқ нәрсенің бәрін суға, судың жағасына тастайды.

-Дұрыс айтасың, зауыттар, фабрикалар, елді мекендер қалдықтарын суға жібереді, айналаны ластайды.

-Бұл дұрыс емес. Су - біздің байлығымыз. Сусыз өмір жоқ.

-Біз өзен жағасына барғанда ойнаймыз, шаттанамыз. Қоқым тастамаймыз. Табиғатты аялаймыз.

-Өте жақсы. Жағада кездесейік. Жалғастыр...



Диалог «Тұзды көлге барайық»

2-топ

-Сәлеметсің бе, Ардақ?

-Сәлем, Саша.

-Бүгін күн ыстық, тұзды көлге барып, суға түсейік!

-Жарайды, барайық!

-Сен қалай ойлайсың, тұзды көл адамға пайдалы ма,суы таза ма?

- Иә, адам денсаулығына өте пайдалы, бірақ адамдар керегі жоқ нәрсенің бәрін суға, судың жағасына тастайды, суды ластайды.

-Дұрыс айтасың,қаладан , елді мекендерден келген адамдар көлге қамқорлық жасамайды. айналаны ластайды.

-Бұл дұрыс емес. Су - біздің байлығымыз. Сусыз өмір жоқ.

-Біз көл жағасына барғанда ойнаймыз, шаттанамыз. Қоқым тастамаймыз. Табиғатты аялаймыз, себебі тұзды көлдің суында ерекшелігі бар, емдік қасиеті бар.

- Балалар, үлкендер, суды ластамайық, қорғайық, аялайық!

5.Оқылым.

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Күн ыстық. Жарқыраған жаз келді. Дала шөбі тез көтерілді. Шөп арасында неше түрлі гүлдер көрінді. Олар ақ, сары, қызыл, көк, жасыл түсті. Жұмысшылар шөп шабуға шықты. Балалар оларға көмектесті. Шабылған шөптің иісі қандай тамаша!Сосын біз балық аулауға бардық. Қармақпен сегіз шортан, он сазан ұстадық. Қатты қуандық. Дала көрінісі қандай тамаша!




Мәтіннің мазмұнын мына суретпен сәйкестіріңдер.

Урок по казахскому языку Жазғы демалыс күндерімУрок по казахскому языку Жазғы демалыс күндерімУрок по казахскому языку Жазғы демалыс күндерім



6. Айтылым.

Сурет бойынша жұмыс.

Көк жайлау. Ақша бұлттар. Бұрқылдап бұлақ ағып жатыр. Көк майса.

7. Сергіту сәтті.

8. « Мына көріністі кім сөйлетеді?»


9. Үй жұмысы беріледі. Жаз мезгілі туралы презентация даярлау.

Жаз туралы өлең шығару, жаттау.


© 2010-2022