Жаңбыр жаумаса, Жер көгермес Жаңа білім алмаса, Азамат өспес

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңбыр жаумаса,

Жер көгермес

Жаңа білім алмаса,

Азамат өспес - деген мақалмен бастағым келеді.

Менің мақсатым қазақ тілі сабақтарында, тиімді технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлік белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау

Слайд «Білім әуені»

Жаңбыр жаумаса, Жер көгермес Жаңа білім алмаса, Азамат өспесЖаңбыр жаумаса, Жер көгермес Жаңа білім алмаса, Азамат өспес



Сабақта қолданған әдістемелерді мен аспан аясы, жауған жаңбыр, өскен гүлдер ретінде көрсеттім.

Жаңбырдан кейін, өсіп шыққан гүлдер сияқты, мен, оқушылардың білімдерін жоғары деңгейге көтеру үшін және жан-жақты қалыптастыру үшін тиімді оқу әдістемелерін қолданамын.

Аспан-білім әуені. Бұлт сыни тұрғыдан ойлау модулін көрсетеді. Тамшылар сабаққа қолданатын әдістерді бейнелейді. Ал жаңбырдан кейін өсіп шыққан гүлдер оқушылардың білім деңгейін, білім нәрін алып жатқан кейіпті суреттейді.

Сабақтарда ассоцияция, интервью, Венн диаграмма, сұрақ қою, қайта сұрақ қою, білемін, білдім, білгім келеді, бесжолдың өлең стратегияларын қолданамын.

Ассоциация - оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады.

Интервью. Еркін ойлау машықтарын, іскерлік қабілеттерін, белсенділігін арттырады, бір-бірін тыңдап, дұрыс, тиімді, нақты жауап қайтаруға, құрметтеуге үйретеді.

Венн диаграмма стратегиясы салыстыру, бір-бірінің нақты айырмашылығын таба білу қабілеттерін арттырады

Сұрақ қою, қайта сұрақ қою стратегиясы оқушылардың бірін- бірі тыңдап, дұрыс жауап қайтаруға үйретеді.

Білемін, білдім, білгім келеді, бесжолдық өлең - оқушылардың шығармашылық қасиеттерін арттырады.

Осы модульдің қызықты болғаны соншалықты балалар әр-түрлі жаңа әдістер пайдаланып, соның әсерінде қызығушылық туады.

Мысалы, балалар, әсіресе, ассоциация,Венн диаграмма, олең шығаруды қызыға қолданады.

Әдістеменің ерекшелігі: оқушылар өз бетінше іздену арқылы жаңа білім табады. Оқушылардың шығармашылығы, танымдылығы дамиды. Оқушылардың жұптық, топтық жұмыстары жаттығады.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін жүйелі қолданып, үнемі орынды пайдалана білсек , оқушылардың өз ойын еркін айтып, ойланып, тұжырым жасап, қолдана алатындарына сенімім зор. Бұл модульді енгізгенде оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болады.

Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі оқу әдістерін, жұмыс түрлерін пайдаланамын.

№7 Слайд «Оқу әдісі»

Жаңбыр жаумаса, Жер көгермес Жаңа білім алмаса, Азамат өспес

Слайд «Сабақтағы жұмыс түрлері»

Жаңбыр жаумаса, Жер көгермес Жаңа білім алмаса, Азамат өспес

Слайд «Оқушылардың іс - әрекеттері»

Жаңбыр жаумаса, Жер көгермес Жаңа білім алмаса, Азамат өспес

Оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс қолданғанда ғана нәтиже болады.

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмесең, қадірлемесең адам толық мәнді интеллигент емес» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, әр ұстаз өз пәнін жетік біліп, өз тілінде жеткізе білсе, онда еліміздің болашағы жарқын болады деген сенімділік.

«Ұстаздан шәкірт озар» - деген дана халқым. Менің жетістігім - менің өркендеп жатқан шәкірттерім! Маған деген алғыс, шәкірттерімнің биіктен көрінуі!


© 2010-2022