Ата-ана

Сабақтың тақырыбы: Ата- ана. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сабақтың мақсаты: А) білімділік: отбасы қарым-қатынастары жайлы білім беру, қазақ тілі саласынан сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін  толықтыру; Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын пайдаланып, тиянақты нақты жауап беруге,өз ойын толық жеткізе білуге,алған білімдерін қолдануға  баулу. Б) тәрбиелік : оқушыларды өз туыстарын , жақындарын  құрметтеуге  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білім меңгерту  сабағы Көрнекілігі: тапсырмалар,  кесте, мәтін Пәнаралық байланыс: психология, әдеп   Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, тапсырмалар орындау, өздігінен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: * Сабаққа деген дайындықтарын тексеру. * Оқушылармен амандасып түгендеу, кезекшімен сұхбаттасу 2. Үй жұмысын тексеру: «Отбасы» - әңгімелеу Сөздік қорларын тексеру (мәтіндерге байланысты) 3. Білімдерін жан-жақты тексеру: Ережені еске түсіру мысалдар келтіру 4. Жаңа білімді меңгертуге дайындау. Сабақтың тақырыбын,  мақсатын  түсіндіру: **      Мәтіннің ішінен сөз тіркестерді, таныс сөздерді аудару Жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару Сөздік : нағашы -  родственник , по материнский линии, ержету – возмужать ; зрелость бейнет шегу – измученный , еңбеккер – трудолюбивый, елеулі – достойный  внимания. · Мәтінді кезкетеп оқып,аудару /// сұрақтар құрастырып, диалог құру(мәтін бойынша) Әрбір  баланың  туған  анасы, туған әкесі болады. Сенің әкең де – сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің  анаң да – нағашы  атаң мен нағашы  әжеңнің қызы. Әрбір ана мен әке : «Балам  жақсы  адам  болып  өссе  екен» деп  тілейді, асырайды , бағып – қағады, аялап өсіреді. Ата – анаң  сен  үшін  де , туған елі үшін де құлшына еңбек етеді , терін төгеді , бейнет шегеді. Ата –анаң – сенің әке – шешең ғана емес , екеуі де еңбеккер , өз істерінің  шебері , елдің елеулі  азаматтары. Ата – анаңды мақтан  тұт! Ата – анаңның тілін ал , ақыл – кеңесіне құлақ тос, айтқанын  орында. Әсіресе қартайған шағында қас қабағыңа қара, кейітпе , қуант , денсаулығын сақта, ұдайы көмектес. «Кәріге құрмет – балаға міндет» , «Өзің үлкенді сыйламасаң , өзіңнен кіші сені де сыйламайды» дейді қазақ мақалдары. БИНГО ойыны: (ойын арқылы өтілген сөздерді активті сөздік қорына айналдыру) Нағашы Ержету еңбекқор Елеулі Жақсы көру Көмектесу туыс Араласу Шебер Құлақ тосу сыйлау Құлшыну Тату тәтті сағыну ерекше мейірбан Интерактивті тақта арқылы «Ана жүрегі» атты бейнекөріністі көріп, ол бойынша өз ойларын айту.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ата- ана. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: отбасы қарым-қатынастары жайлы білім беру, қазақ тілі саласынан сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін толықтыру;

Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын пайдаланып, тиянақты нақты жауап беруге,өз ойын толық жеткізе білуге,алған білімдерін қолдануға баулу.

Б) тәрбиелік : оқушыларды өз туыстарын , жақындарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім меңгерту сабағы

Көрнекілігі: тапсырмалар, кесте, мәтін

Пәнаралық байланыс: психология, әдеп

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, тапсырмалар орындау, өздігінен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

* Сабаққа деген дайындықтарын тексеру.

* Оқушылармен амандасып түгендеу, кезекшімен сұхбаттасу

2. Үй жұмысын тексеру: «Отбасы» - әңгімелеу

Сөздік қорларын тексеру (мәтіндерге байланысты)

3. Білімдерін жан-жақты тексеру: Ережені еске түсіру мысалдар келтіру

4. Жаңа білімді меңгертуге дайындау. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру:

** Мәтіннің ішінен сөз тіркестерді, таныс сөздерді аудару

Жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару Сөздік : нағашы - родственник , по материнский линии, ержету - возмужать ; зрелость бейнет шегу - измученный , еңбеккер - трудолюбивый, елеулі - достойный внимания.

 Мәтінді кезкетеп оқып,аудару

/// сұрақтар құрастырып, диалог құру(мәтін бойынша)

Әрбір баланың туған анасы, туған әкесі болады. Сенің әкең де - сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің анаң да - нағашы атаң мен нағашы әжеңнің қызы.

Әрбір ана мен әке : «Балам жақсы адам болып өссе екен» деп тілейді, асырайды , бағып - қағады, аялап өсіреді.

Ата - анаң сен үшін де , туған елі үшін де құлшына еңбек етеді , терін төгеді , бейнет шегеді.

Ата -анаң - сенің әке - шешең ғана емес , екеуі де еңбеккер , өз істерінің шебері , елдің елеулі азаматтары.

Ата - анаңды мақтан тұт!

Ата - анаңның тілін ал , ақыл - кеңесіне құлақ тос, айтқанын орында. Әсіресе қартайған шағында қас қабағыңа қара, кейітпе , қуант , денсаулығын сақта, ұдайы көмектес. «Кәріге құрмет - балаға міндет» , «Өзің үлкенді сыйламасаң , өзіңнен кіші сені де сыйламайды» дейді қазақ мақалдары.

БИНГО ойыны: (ойын арқылы өтілген сөздерді активті сөздік қорына айналдыру)

Нағашы

Ержету

еңбекқор

Елеулі

Жақсы көру

Көмектесу

туыс

Араласу

Шебер

Құлақ тосу

сыйлау

Құлшыну

Тату тәтті

сағыну

ерекше

мейірбан

Интерактивті тақта арқылы «Ана жүрегі» атты бейнекөріністі көріп, ол бойынша өз ойларын айту.

Ата-ана

5. Білімді меңгерту

Ережені түсіндіру: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.

Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп (Шәкәрім).

Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл).

Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл).

Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім).

Бірыңғайпысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да,түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да,жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметтіесімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың - орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).

* тапсырма: мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді теріп жазу

** тапсырманы орындау: түбірлес сөздерді теріп жазу, құрамын анықтау

*** мәтіннің ішінен етістіктер теріп жазу, дара, күрделі екенін анықтау

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - ережені түсіндіру,жаздырту

6. Білімдерін бекіту Жұппен жұмыс істету:

1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тап.

2. Құрамындағы жай сөйлемдер санын ата.

3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер құрып жазу,схемасын құру.

7. Білімдерін қорыту

* Ата -ана деп кімді айтады? /*** мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру /

/// Нені білдік?

  • Сөздер мен сөз тіркестерді аудару. Бірыңғай мүшелер туралы не білдік?

  • Ата - ана туралы презентация. Суреттер бойынша сөйлем құрастыру, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табу.

  • Ата-ана

  • Ата-ана

  • Ата-ана

  • Ата-ана

Қорытындылау: Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлем құру ойыны:

Лексикалық тақырыптар

Қатысушы

Уақыт

Сөйлеу әрекеті

1

Отбасы

Қуанып

2

Досы

Ренжіп

3

Мектепте

Сасып

4

Асханада

Қорқып

5

Дүкенде

Өкініп

6

Қонақта

сескеніп

8.Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, ережені жаттау, «Менің ата-анам» -әңгіме құру

Бағалау. Қоштасу.

5

© 2010-2022