М. Мақатаевтың туған күніне арналған Бүгін менің туған күнім! атты сазды-әдеби кеш

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жакенова Айнур Базарбаевна

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Бөрте орта мектебі

Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім!»

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.

Көрнекіліктері: Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған слайд, көрме, буклет, ақын турылы пікірлер.

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті халайық!
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Бүгін менің туған күнім!!» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Жайлап жатыр ақырын,
Зал толы жырдың достары
Тыңдамақ абзал ақыны,
Ардақты оның ел-жұрты
Ақын ше? Ақын келмеді.
Бос күтті төрде бір орын
Күмбірлеп залды кернеді
Сөз алып сонда жыры оның
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.
Жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 84 жасқа толар еді.

«Арыз жазып кетейін» Сағынаева Әсем


Жүргізуші: Көзі тірісінде еңбегі бағаланбай, сый көрмей, той көрмей, туған күні тойланбастан өмірден өкпелі озған, болашаққа осындай назын айтып, арыз жазып қалдырған, құдіретті поэзияның тас қалаушысы атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күнін неге тойламасқа?!

Жүргізуші: «Мен өмірді жырлау үшін» келгенмін деп жырлаған ақын, қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өмір жайлы не түсінді екен? Бірге тыңдайық

«Өмір жайлы» Лопатин Дильнара

Осылай өмір жайлы өзі де зерттеп біле алмай кеткен Мұқағали аөынның өмірдеректеріне көз жіберейік.

(Таныстырылымды көрсете отырып, Мұқағали Мақатаевтың өмірдерегімен таныстырылады)

Жүргізуші: Бақыт дегенді қалай түсінеміз? Иә, әркімнің бақыт жайлы ойы әр түрлі. Бақыт дегеніміздің не екенін Мұқағали ағамыздың өлеңінен іздеп көрейік.

«Бақыт деген» Мукашева Әсемгүл

Жүргізуші: Ол жалындап өткен 45 жыл ғұмырында ана тілі үшін күресіп өткен ақын. Ол ана тілін туған халқы мен Отанынан әсте кем санамай, осы өмірдегі бірегей үш бақытының біріне санады.

«Үш бақытым» Якуша Т.А.

Жүргізуші: «Қазақ жері» деген өлеңінен алынған мына үзіндіге назар аударыңыздар

Пай, пай киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Ақынның туған жерге деген махаббатында шек бар ма? Ендеше ақынның «Қазақстан» өлеңін тыңдайық

«Қазақстан» Петренко Софья

Жүргізуші:Ән сал, жаным,

Әніңмен тербет мені,

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі.

Дала ұйқысын, дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын мәңгілік жер-көктегі-деп келесі кезекті ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.
Ән «Саржайлау»


Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата - баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан - теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.

«Афтограф» Дайтова Аягөз

Жүргізуші: Мұқағали ақынның балалық шағы 32-нің ашаршылығы мен 37-нің нәубетіне, 41-жылға сәйкес келді. Мұқағали әкесі Сүлеймен 1941 жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небары 10 жаста еді. Мұқағалидың алғашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған екен.

«Әке» өлеңі Мацегора Ксения

Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді» деген екен.

«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі Артыгалиева Гульнур

Жүргізуші: - Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат,

Қандай рақат сәбилер жылмамаған!-дей отырып сәби көңілді ақынның «Сәби болғым келеді» әнін қабыл алайық

«Сәби болғым келеді» Бермагамбетова Тойындық



Жүргізуші: Мұқағали қанша үлкен ақын болса да, өзін туған жер алдында, халық алдында, кішірейтеді, халықсыз ақындықты мойындамайды.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын.
Мұқағали мен халықтың арасында рухани табиғи байланыс бар. Мұқағали поэзиясында тереңдік, сұлулық, қарапайымдылық, асқақтық бар. Оның көңіл-күй сезімі табиғат мезгілдерімен үндесіп жатады.

«Сап-сары жапырақтар» өлеңі Айтуганова Анита

Жүргізуші: Махаббат бүгін тағы қарамады,

Қарамады, жанымды жаралады.

Шәміл-ау, білесің бе шын махаббат

Осылай қарамаудан жаралады!
Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам тартқан.

«Ғашықпын» Жакенова Айнур


«Аңса жаным» Ибраева В., Сапахова А.

Жүргізуші: Неңді сенің аңсайын, бала шағым?

Соғыс келді жүрекке жара салды,

Шапан еттім тқсенген алашамды,

Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.-деп ақын өзінің бала шағын мұңайа еске алады. Балалығын бүлдірген соғыс жайлы ақын не дейді, тыңдайық.

«Соғыстың соңғы көктемі» Мукашева Әсемгүл

Жүргізуші: Ақын өмірінде қайғы аз болмады. Соның бірі қызы Майгүлдің өлімі. Қыр гүліне, май гүліне теңеген қызының өлімі ақынды ойсыратып кетті.

«Майгүлге» Сағынаева Әсем

Жүргізуші: Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін қай күні сен қырқарыңды?!

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Жоғалтпасаң болғаны ұрпағыңды.- деп жырлаған ұлы ақын әлі де жалғастырар ұрпағының боларына сенің білдірген

«Туады, туады әлі нағыз ақын» Калманова Гульназ


Жүргізуші: Мұқағалидың шығармаларын оқып отырып оның әруақты әулие кісі екенін білуге болады. Мәселен, ақын өзінің өмірден өтетін уақыты туралы:
Өзімнің есебімде,
Мен бүгін дәл қырықтың бесеуінде.
Кім біледі, ендігі қалған өмір
Неше жылға жетерін, неше күнге.
Ұмыт болып есебің, өсегің де,
Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде, - деп болжаған. Расында, 45 жасқа қараған шағында ақын дүние озды.
Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұралары ешқашан да өлмек емес.

«Мұқағалимен сырласу» Жакенова А.Б.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған «Бүгін менің туған күнім!» атты кешіміз мәресіне жетті.
Әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік!

Ән: «Есіңе мені алғайсың» Артыгалиева Г.Т., Бермагамбетова Т.Б.

© 2010-2022