Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Нәтиже сабақ. Дүкенге барамын. (6-сынып)

Оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныптарына арналған сабақ жоспары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың өтілген модуль бойынша алған білімдерін пысықтап қорыту. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін  жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту. Тәрбиелілік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі:  нәтиже сабақ. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, тест. Сабақта қолданылатын жабдықтар: тест тапсырмалары, карточкалар.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары.

Сынып: 6.

Мерзімі:

Мұғалім: Масалимова Г.А.

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Дүкенге барамын.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өтілген модуль бойынша алған білімдерін пысықтап қорыту. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту.

Тәрбиелілік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест.

Сабақта қолданылатын жабдықтар: тест тапсырмалары, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Сынып сабаққа дайын ба?

-Көңіл-күйлерің қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тапсырманы дерлік орындадық па?

-Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Біз қандай модульді аяқтадық?

-Ол модульде қандай тақырыптарды өттік?

IY. Нәтиже сабақ.

1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

а) 2

ә) 3

б) 4

в) 5

2. Тұйық буында тұрған сөздер қатарын белгіле.

а) ақша, теңге, бала

ә) қағаз, құн, касса

б) құрал, пайда, ас

в) ол, ұн, ар

3. Еріндік дыбыстарды белгіле

а) а, ә, е, и, і

ә) о, ө, у, ұ, ү

б) о, ө, ы, і

в) ә, ү, ұ, и, ы

4. Қысаң дауыстыларды тап.

а) и, у, ұ, о

ә) а, ә, е, ы

б) ү, ұ, ы, і

в) и, о, ө, і

5. Септеліп тұрған сөзді тап.

а) кассам

ә) кассаңыз

б) кассада

в) кассасыз

6. Ілік септігінің сұрақтарын тап.

а) кімнің? ненің?

ә) кімде? қайда?

б) кіммен? немен?

в) кімді? нені?

7. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.

а) кассирдің

ә) кассирді

б) кассирде

в) кассирден

8. Көптеліп тұрған сөздер қатарын белгіле.

а) қағаздар, ақшалар

ә) теңгелер, кассаны

б) кассирлер, ақшамыз

в) банкқа, банкте

9. Жіктеліп тұрған сөздер қатарын тап.

а) кассирмен

ә) кассирде

б) кассирсіз

в) кассирлер

10. Тәуелденіп тұрған сөздер қатарын тап.

а) ақшам, теңгең

ә) ақшасы, теңгеде

б) ақшада, теңгесі

в) ақшаларың, теңгеден

2-тапсырма. «Дүкенде» тақырыбына диалог құрастыр.

3-тапсырма. Берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

I топ - теңге, II топ- кассир, III топ-банк.

4-тапсырма. Берілген сөзді жікте.

I топ - тәрбиелі, II топ- момын, III топ- байсалды.

5-тапсырма. Берілген үстеулерді мағынасына қарай ажырату, сұрақ қою.

Ертең, кешке, жаздыгүні, дүкенге, анда- санда, қыстай, ауылға, жылдам, амалсыздан, аса, нағыз, тіпті, әдейі, бір-бірден, текке, бураз, сонша, мұнда, барынша.

Y. Сабақты бекіту:

-Сонымен бүгін сабақта не істедік?

-Қандай тақырыптарды қайталадық?

YI. Рефлексия

YIII. Үйге тапсырма:

-34-бет 1-тапсырма.

YIII. Бағалау.

IX. Сабақ соңы.


© 2010-2022