Умение задавать вопросы. Методическая помощь учителям

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Машикова Шекербал Слямбековна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Астана қ. ББ № 28 ОМ ММ

Сұрақ қоя білесіз бе?

Жұмыс барысында оқушылардың мазмұндама, шығарма, эссе жазғанда қиналатынын байқадым. Неге бала қиналады? Оларды қалай қызықтырамын? Жоспар құруды қалай үйретемін? Осы сұрақтарға жауап табу - ізденіс жұмысымңың бастауы болды. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткішінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжрибені жетік игеруі, оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білуі деп санаймын.Қазіргі кезде білм беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология қолданылады екен

Шетел тіл білімінің ғалымдарының әдістемелерімен танысып, өз жұмысымда пайдалану жолдарын қарастырдым. Дэвид Клустердің «ойлау-сұрақ қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселелерді анықтаудан басталады» деген пікіріне сүйене отырып, сұрақ қою тәсілін қолдана бастадым. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырдық, дұрыс сұрақ қоя білетін балалар дұрыс жауап беретінін байқадым. Сонымен біз сұрақтар қойып, оларға жауап жазуды үйрене бастадық. Тіл зерттеуші Алисон Кингтің пікірі бойынша дұрыс сұрақ қоя білу- талант, дарын, білгірлік, сұрақты төтесінен қойып, дәп, айқын жетк ізе білу - өнер!

Баланың ойыңа ой, ақылыңа ақыл қосатын өнер.

Сұрақ қоя білудің өзінде де мағыналы, мәдениетті, сыпайы сұрақ қою- тағы бір өнер!

Бұған оқушыларды, адамдарды үйтету керек, оқыту керек деген ойға келдім. Сұрақ қоя білмеу мұғалімдердің арасында да кездеседі. «Жақсы мұғалім қиын сұрақтың өзіне де, оқушы түсінігіне лайықты оңайлатады, ал жаман мұғалім сол сұрақтың өзіне сұрақ қойып, оқушыны адастырады» - дейді ағылшын педагогі Дайана Халперн. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалар өте байқағыш, еліктегіш , әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады .Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге тырысады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады.Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін

Сұрақтар мұғалімге де, оқушыларға да ақпаратты түсіндіреді, ізденуді, идеяларды жинақтауды талап етеді, қорытады, талдайды. Ең маңыздысы - сұрақтар адамның ойлау қабілетінің әр түрлі деңгейін көрсетеді. Мұғалімнің мақсаты - оқушылардың ойлау сатысының ең төменгі деңгейінен, жоғарғы деңгейіне дейін көтермелей жеткізу. Сұрақ қоя білу - адамға қосымша ойлауды, дамуды, ой-өрісінің жетілуін қажет етеді. Алдымен оқулықтағы дайын сұрақтарды күрделену дәтежесіне қарай жіктеуден бастадық. Мәтінге топпен сұрақтар құрадық, оларды жеңіл жене ойлауды қажет ететін күрделі сұрақтарға бөлдік, кейінірек оқушының өзіне қаратыла қойылатын сұрақтарға бөлдік. Мысалы: осы жағдайда мен не істер едім? Осылайша, сұрақтар жазба жұмысының жетілуіне көмегін тигізді. Екіншіден, оқушыларға мазмұндама мен шығарма жазуды үйрету мақсатымен, олардың үлгілерін немесе тірек схемаларын беретін болдым. Үшіншіден, ерекше ескертетін бір мәселе - бұл оқушы еңбегін бағалау. Мұғалім ең алдымен оқушының ізденісін, айтайын деген ойын бағалай білуі тиіс. Шығарма арқылы оқушының ішкі жан дүниесі аса күшті және әсерлікпен жарыққа шығады, шығармалар бойынша оқушының дамып, көзқарсының қалыптасуын, өмірге деген көзқарасын байқауға болады. Шығарма оқушының нақты материалды қаншалықты білетінін, өз ойын жеткізуге тілдік құралдарды пайдалану іскерлігін білуге мүмкіндік береді. Мазмұндама мен шығарма жазуға дайындық жүргізіледі. Мысалы: тоғызыншы сыныпта «Менің арманым» атты шығарма жазудың алдында «Қазақ халқының ерте кездегі кәсіптері қандай болған? Олар неге байланысты болған?», «Қазақтардың тұрмысындағы қандай қолөнер түрлерін білісіңдер? Қазіргі кезде қандай қызықты мамандық түрлерін білесің?» деген сұрақтарға жауап іздедік . Оқушыларды проблемалық сұрақтарға жауап іздету, жауабы дайын емес проблемалық бағыттағы сұрақ-тапсырмалыр беру арқылы ғылыми ізденіске жетелеуге болады. Еңбек, Отан туралы мақал-мәтелдер жинадық, «Армансыз адам - қанатсыз құс пен тең» деген мақалды әңгімеледік, даналардың сөздерін жаздық (Рақаттың әкесі - еңбек, Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді, Еңбексіз ғалым - балсыз арамен тең) оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Тақырып бойынша тірек сөздермен жұмыс жасадық. Тірек сөздердің үлгілері: мамандық таңдау, жүрегімнің қалауы, игілікті бастама, білгіш, баулу, белсенді, ардақты, байқағыш, білікті маман иесі, еңбегін ақтау, ділмар, еңбегі сіңірген, жетістік т. б. Осы дайындық жұмыстарының нәтижесінде оқушылар берілген тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жазу түлерінің ішінде, сұраққа негізделген эссе оқушылардың өз ойын еркін жазуға жетелейді. Оқушы - керемет ой-пікірлер иесі әрі байқампаз жан. Арнайы тапсырмалар беру арқылы: жеңіл, ауқымы кең, түсіндірме, анықтау сұрақ, авторға сұрақ қою, кейіпкерлерге, оқытушыға, бір-біріне, жолдасыңа хат жазу, интервью алу - шығармашылықпен ойлау, пікірге ортақтасу, көзқарастарын дамыту мүмкіндігін туғызады, олар үшін дағдыға айналады.

Сатыланған сұрақ қою тәсілінің қолдануы әдебиет сабақтарында өте ұтымды. Әдебиет оқулықтарында көлемі үлкен, орыс тілі дәрісханаларда қиыншылық туғызатын өлеңдер, мысалдар, әңгімелер кездеседі. Осы жағдайларда сұрақ қою арқылы өлеңді, мысалды қара сөзбен қысқаша айтуға үйретемін. «Есек пен бұлбұл» мысалына оқушылардың сұрақтары: Есек неге жолығады? Есек бұлбұлдың сайрауын не үшін сұрайды? Бұлбұл қалай ән салады? Бұлбұл есектің берген бағасына риза болды ма? Кейбір кездерде оқушылар кейпкерлеге, авторға, өздеріне қарата сұрақтар қояды: Сен есекке не дер едің? Сенің өміріңде осындай жағдай болды ма? Мысалды оқып көкейіңе не түйдің?

Кейіпкерлерге сұрақ қою арқылы мінездеме береді.

Кім? Бұлбұл

Қандай? Өнерлі, кішіпейіл,сабырлы.

Не істейді? Ән шырқайды, «мың түрлі күйге салады», «жан біткенді таңырқатады» есектің сөзіне ренжиді.

Түйінім: Жұрттың бағасы - ең әділ баға.Жақсы мен жаманды айырала білмесең - ақыл айтпа!

Дұрыс сұрақ қоя білген оқушы мәтіннің мазмұнын түсінгенін анықтайды, оқушының ізденуіне, бір - біріне көмектесуіне бірін - бірі түсінуіне мүмкіндік жасайды.

Л.Н.Толстой: «Бәрін оқытудың мүлде қажеті жоқ, жан дүниеңде пайда болған сұрақтарға жауап беретіндерін ғана оқу қажет» деп айтқанындай қазіргі жағдайда сол сұрақтарды қалай және қайдан тудырамыз деген сұрақтар алдымызда тұруы керек сияқты. Қазіргі өмір түрлі сұрақтарға толы, ал біз сол сұрақтарға шәкірттерімізбен бірге жауап таба білсек барлық киыншылықтарды жеңеміз деп ойлаймын.



© 2010-2022