Сын есім. Сын есімнің жасалуы (6 класс)

разработка данного урока интересна для учителей казахского языка. урок начался с повышения мотивации с просмотра мультфильма о значении работы в команде.Учащимися были приведены пословицы и поговорки на тему единства и взаимопомощи. Повторение имени существительного и прочтение стихотворения о прилагательном. Учащиеся заполнили таблицу ЗНАЮ; ХОЧУ УЗНАТЬ; УЗНАЛ. Каждой группе были розданы карточки-правила о данной части речи, о словообразующих суффиксах. Было обсуждение в группах,заполнены поля т...
Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің жасалуы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: сын есім және сын есім жасалуы туралы ережелерді өз бетімен меңгеріп, бір-біріне түсіндіріп, кесте құрастыру.Сын есім туралы жаттығу жұмысын орындап, бір-бірін бағалау. Оқулықтан жазбаша жұмыстарды талдау.

дамытушылық: сын есім туралы шағын дәрісті өз бетімен меңгеріп, есте сақтау қабілетін дамыту. Сын есім тудыратын жұрнақтарды игеру арқылы жазбаша жұмыстарды орындау. Топтық жұмысты дамыту.

тәрбиелік: тілге деген қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интербелсенді тақтаны қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыру үшін мультфильм көру.

- Басты тақырыбы қандай? (бірлік, достық)

- Бірлік,ынтымақтастық, достық туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

М ,Саусақ бірікпей-

Ине ілікпейді.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Тірліктің күші- бірлікте.

Күш-бірлікте.т.б

Мұғалім: қазақ халқы айтқандай «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» бүгін сабақта топтық жұмыс жасау арқылы кездескен қиыншылықты бірігіп өтіп, мақсатымызға жете білеміз

ІІ Үй жұмысын тексеру (сұрақ-жауап)

- Аталған сөздер қандай сөз табына жатады?

- Зат есім туралы не білеміз? (ережені тексеру, жазбаша жұмысты тексеру)

ІІІ Жаңа тақырыпты талдау:

Мұғалім: бүгінгі тақырыбын келесі өлең жолынан білуге болады.

Анықтаймын заттардың

Дәмін, түсін, сапасын.

Менімен тез байқалып,

Көзге түсіп қаласың.

Әдемі сөйлеп жүріңдер

Қорғаңдар мені, біліңдер!



  • Қандай сөз табы туралы айтылған?

  • Сын есім екенін қалай білдік?

  • Осы тақырыпты талдаған уақытта қандай киындылықтар кездеседі?

  • Сын есімнің жасалуы

Мұғалім: Бүгінгі тақырып Сын есім.Сын есімнің жасалуы.

Сендердің айтуларың және менің тақырыбым сәйкес келді.

Уақытты тиімді жұмсау үшін Білемін,Білгім келеді, Білдім деген кестені толтырамыз. Бірінші сұрақ : сын есім туралы не білеміз?

Білемін

Білгім келеді

Білдім


( мұғалім тақтаға жазады)

  • Бугін нені Білгіміз келеді сабақтың мақсатын қойып шығайық.

  • Нені білгіміз келеді?

  • Сонымен сабақтың мақсаты: Сын есімнің жасалуы: мағыналық түрлері, сын есім тудыратын жұрнақтар.

  • Нені білгім келеді сұрағына жауап беру үшін шағын дәріс оқу арқылы жауап береміз. (топтық жұмыс)

Сын есім

Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады. Тұлғасына қарай - негізгі, туынды( тәтті, оқымысты); құрамына қарай- дара, күрделі (малды, қара торы) сын есім болып бөлінеді. Мағынасына қарай:

1) Сапалық- заттың сын-сипатын анықтайтын төл сын есім. М, сұр, жақсы, үлкен.

2) Қатыстық - басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есім. М, өнер-лі адам, ас-палы шам, аш-ық есік.






Сапалық сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлары бар.

Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

  1. Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті; -сыз,-сіз; -ғы,-гі,-қы,-кі;-лық,-лік, -дық,-дік,-тық,-тік; -шыл,-шіл;-дай,-дей,-тай,-тей;-қой,-қор,-паз,-кер,-гер;и,ы,і.

  2. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар: -ғақ,-гек,-қақ,-кек,-ақ,-ек; -ық,-ік,-қ,-к;-ғыш,-гіш,-қыр,-кір;-шақ,-шек; -ынды,-інді,-нды,-нді;-малы,-мелі,-палы,-пелі,-балы,-белі;-ымды,-імді,-мды,-мді;-аған,-еген;-улы,-улі;-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе; -ыңқы,-іңкі,-ңқы,-ңкі.

  3. Үстеуден сын есім жасайтын: -қы,-кі,-ғы,-гі.

Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. М, Күштімен (кіммен?) алыспа, үлкенді (кімді?) сыйла. Білімді (кім?) мыңды жығады.

(оқушыларға сын есім туралы шағын мәтін таратылады)

  1. Оқушылар жеке өздері оқиды ( 2 оқушы 5 минут)

  2. Бір-біріне айтып береді.(2 минут) (мұғаліммен бірге шағын қорытынды жасалады)



  • Кестенің Білдім деген бөлімі бос түр, оны толтыру үшін топта сын есім туралы кесте жасау

  1. Ереже туралы кесте жасау.( 6 оқушы топтық жұмыс)

  2. Тақтаға шығып,өз кестерін қорғай білу және қай кесте сын есім туралы толық мәлімет беретінін анықтау.

  • Кесте арқылы сіздер жаңа тақырыпта қалай меңгергендерінді көрсетесіздер. Ең жақсы кестені практикалық жұмыста қолдана аламыз



  • Кестені толық толтырдық енді қолдану жұмыстарды орындаймыз

ІҮ Қолдану

Оқулықтың 67 беті 133 жаттығу.

Берілген сын есімдердің сындық белгілерін анықтау. Негізгі және туынды сын есімдерді бөлек жазу.

Негізгі сын есім туынды сын есім

Қысқа тоғайлы

Жүйрік қысқы

Биік еңбекқор

Үлкен өнерпаз

Аласа әдепті

Жаман аспалы

Жалқау гүлді

Сергіту сәті Жаңылтпашты үйрену

Сыныпта ақ бор бар

Көк бор бар

Көп бор бар

  1. Іштей оқимыз.

  2. Сыбырлап оқу.

  3. Жарты дауыспен оқу

  4. Дауыспен оқу

Жаттығу жұмысы


мысалдар

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Дара сын есім

Күрделі сын есім



Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім

1

биік

+


+


+


2

таулы


+

+



+

3

қара торы


+


+


+

4

ұялшақ


+

+



+

5

қой көзді


+


+


+

6

сөзшең


+

+



+

7

әсемпаз


+

+



+

8

ашық


+

+



+

9

ардақты


+

+



+

10

балалы


+

+



+

11

сұлу

+


+


+


Бағалау 9-11 жауап- «5»

6-8 жауап- «4»

4-5 жауап - «3»

Орындау, бір-бірін бағалау

137 жаттығу: сын есім жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жасау

Жауырын+ды, ұйқы-шыл, қыс-қы, бой-лы, көрік-ті, тарих-и, қала-лық, киім-шең,білім-ді, жол- ,құм-ды.

Ү Сабақты қорыту :

Рефлексия:

Мен үйрендім...

Маған ұнағаны....

Мен үшін қиын болғаны....

Өкінішке орай....

ҮІ Бағалау

ҮІІ Үй жұмысы ереже,134 жаттығу 67 бет

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ

БІЛІМ БӨЛІМІ «№ 8 ОРТА МЕКТЕБІ» ММ





«Сын есім. Сын есімнің жасалуы»

(қазақ тілі онкүндігінде өткізілген ашық сабақ)



6 «в» сынып



Өткізген: Бекешова Р.С.,

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі





© 2010-2022