Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік /Шығармашылық жұмыс/

Сабақтың барысы Ұйымдастыру  кезеңі : І.Рефлексия: Балалар шеңбер құрып, қолдарын бір-бірінің алақандарына қойып, көздерін жұмып, баяу әуен ырғағымен қимыл жасайды. -         Балалар бұл өмірде біздер үшін маңызды заттар көп. Біз соларға қол жеткізу үшін үнемі талпынамыз. Жанымыздағыларға жақсылық жасағымыз келеді. Ал ол үшін біздің жүрегімізде мейірім нұры болу керек. Мейірімділік әр адамда бар. Тек оны дер кезінде көрсете білу керек. Мен сіздердің барлығыңызды мейірімді болуға шақырамын.     ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік /Шығармашылық жұмыс/

Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан ауданы ,

«Қос-Қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович

Кембридж курсы ІІІдеңгей

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік.

/Шығармашылық жұмыс/

Сабақтың мақсаты:

  • мейірімділік қасиеті жөнінде ұғымдарын кеңейту:

  • мейірімділікке баулу;

  • құнды қасиеттерді дамыту.

Әдіс -тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, оқулық және дәптермен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, интербелсенді әдіс.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер,интербелсенді тақта , үнтаспа , ноутбук .

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі :

І.Рефлексия:

Балалар шеңбер құрып, қолдарын бір-бірінің алақандарына қойып, көздерін жұмып, баяу әуен ырғағымен қимыл жасайды.

  • Балалар бұл өмірде біздер үшін маңызды заттар көп. Біз соларға қол жеткізу үшін үнемі талпынамыз. Жанымыздағыларға жақсылық жасағымыз келеді. Ал ол үшін біздің жүрегімізде мейірім нұры болу керек. Мейірімділік әр адамда бар. Тек оны дер кезінде көрсете білу керек. Мен сіздердің барлығыңызды мейірімді болуға шақырамын.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: МЕЙІРІМДІЛІК. Сабағымыз көңілді өту үшін , сабақтың ұранын айтып бастайық.

Оқушылар сабақтың ұранын айтады :

Бал араша тынбаймыз ,

Білім балын жинаймыз.

Мектеп ана өзіңе біз ,

Бестіктерді сыйлаймыз .

Таратпалар арқылы оқушыларды топтарға бөлемін. Бағалау парақшаларын тарату. Бұл парақшалар топ басшыларына және әр бір оқушыға жеке беріледі , критерийлерді сабақтың басында құрып аламыз , сол критерийлер бойынша оқушылар өзін-өзі , топ мүшелерін , топ басшысын және мұғалімге де баға бере алады.


Негізгі бөлім:


ІІ. Тыныштық сәті.

  • Үнтаспадан "Ана қадірі " әнін тыңдау.

  • Қазіргі сәтте кімді еске түсірдіңдер?

  • Аналардың қандай кереметі туралы ойландыңдар?

(Мейірімділік)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырмалар орындау сәті

Интербелсенді тақтада бейне клип көрсету .Бұл табиғат туралы көрсетілім .Сын тұрғысынан ойлау модульін қолдану

"Мейірім" тақырыбына фостерлер жасап , сурет салу , тақтада қорғау .

ІҮ. Сергіту сәті

Көңілашар

Бұл мұғалімнің басшылығымен түрлі қимыл жасау арқылы орындалады.

Ағаш табиғаттың баға жетпес берген байлығы , қане біз ағаш болып көрейікші . Қолдарымызды жоғары көтеріп , ағаш қалпына кіреміз және жел соққанда ағаштардың әрекеттерін орындаймыз ,

Мұғалім : жел оң жақтан , сол жақтан әр тараптан соқты деп айтады , оқушыылар дене қимылдарымен орындайды .

Ү. Дәптермен жұмыс

Бейне көрсетілім «Ана жүрегі » , Адхамбек Юлдашевтың «Не істедім - Анама деп» деген бейне ролигін көрсету

Оқушылар «Мейірімділік» тақырыбында шығарма жазады , өз ойларын дәптерлеріне жазады .

Қорытынды :

1. Сабақты аяқтап оқушылардың бағалау парақшаларын , оқушылардың жазған шығармаларын жинап алу , үйге тапсырманы түсіндіру , БББ стратегиясы бойынша рефлексия жаздыру

2. Үйге тапсырма : а) Өткенді қайталау

ә) Аналар - «Ана табиғат» , «Жер ана» , «Күн ана» тақырыптарында неге «ана» сөзі қолданылып отыр , олардың ортақ қасиетін тауып , өз ойларын жазып келу .

© 2010-2022