Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)

7- сынып Қазақ тілі пәні Сабақтың тақырыбы:     Абай лирикасын оқыту Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Абай лирикасын оқыту, ұлы ақындардың шығармаларымен таныстыру, қазақ тілінің грамматикасын қайталау Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөйлемдер құрап, өз ойларын қағаз бетіне түсіру, ойлау қабілеттерін дамыту Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға  эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті түсініп бағалай білуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.  Пәнаралық байланыстар:  қазақ әдебиеті, тарих, ...                          әнші                             қазақ                          ұлы ақын                        сазгер                                                                                        лирик ақын                                        аудармашы                                                              жерлесіміз                                                    философ              отаншыл   IV. Мына сұраққа жауап беріңдер: 1.     Абай қайда туып - өскен? 2.     Оның қандай өлеңдерін білесіңдер? 3.     Оның табиғатты бейнелейтін қандай өлеңдерін білесіңдер? 4.     Қандай әндері бар? 5.     «Желсіз түнде жарық ай» әнінде не жайында айтылады?   «Желсіз түнде жарық ай»   Желсіз түнде жарық ай Сәу... Оқушы суреті     әнімен айтамыз -         суретін  саламыз   1.     Әр оқушы әнді айта отыра көз алдарына түнгі ауылды, сайды елестете отырып сурет салады. 2.     Өздері салған суреттері бойынша әңгіме құрастырады.   VІІ. Өлеңді оқып түсіну, аудару. Өз сөздерімен өлең мағынасын ашып айтқызу: 1.     Сөз 2.     Сөз тіркесін құрау 3.     Сөйлем құрау Мысалы: Түн. Желсіз түн. Ай сәулесі. Ауыл, терең сай. Сыбдырлаған жапырақ. Жасыл шөп. Қалың ағаш. Құлпырған жер жүзі. Осы мысалдарды  дәптерлеріне жаздырту.  Сөйлемд...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7- сынып

Қазақ тілі пәні

Сабақтың тақырыбы: Абай лирикасын оқыту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Абай лирикасын оқыту, ұлы ақындардың шығармаларымен таныстыру, қазақ тілінің грамматикасын қайталау

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөйлемдер құрап, өз ойларын қағаз бетіне түсіру, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті түсініп бағалай білуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыстар: қазақ әдебиеті, тарих, ән-күй, сурет, орыс тілі

Сабақтың жабдықтануы:

  1. Көрнекілігі: Слайд,электрондық тапсырмалар

  2. Керекті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

  3. Әдебиет: оқулық, «Абай» журналы


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Сабақтың тақырыбы айтылып, сабақ мақсаты түсіндірілгеннен кейін сабақты мына бір жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен бастаймын.

Білгің келсе қазақты,

Абайды оқы, жасқанба.

Қалың қазақ елінен,

Абайдан жан асқан ба.

ІІІ. Ой толғау. Абайды кім деп білеміз?

Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)әнші қазақ ұлы ақын

Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)

Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)сазгер лирик ақын

Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)

Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)Конспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)аудармашы жерлесіміз

философ отаншыл

IV. Мына сұраққа жауап беріңдер:

  1. Абай қайда туып - өскен?

  2. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

  3. Оның табиғатты бейнелейтін қандай өлеңдерін білесіңдер?

  4. Қандай әндері бар?

  5. «Желсіз түнде жарық ай» әнінде не жайында айтылады?

«Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді өзі

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі

Осы әнді орыс тіліне Юлия Нейман былай аударған:

Тихой ночью при луне

Луч в воде лежит слегка.

За аулом в тишине

По камням гремит река.

Листья дремлющих лесов

Меж собою говорят.

Темной зелени покров

Землю всю одел до пят.

V. Сөздікпен жұмыс

Түн - ночь

Тыныштық - тишина

Ауыл - деревня

Жарық ай - яркая луна

Жапырақ - листик

VІ. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі айтылады

Балаларға әнді нақышына келтіріп айтқыза отырып, суретін салғызу тапсырылады.


  • ә

    Оқушы суреті


    німен айтамыз

  • суретін саламыз


  1. Әр оқушы әнді айта отыра көз алдарына түнгі ауылды, сайды елестете отырып сурет салады.

  2. Өздері салған суреттері бойынша әңгіме құрастырады.

VІІ. Өлеңді оқып түсіну, аудару. Өз сөздерімен өлең мағынасын ашып айтқызу:

  1. Сөз

  2. Сөз тіркесін құрау

  3. Сөйлем құрау

Мысалы: Түн. Желсіз түн. Ай сәулесі. Ауыл, терең сай. Сыбдырлаған жапырақ. Жасыл шөп. Қалың ағаш. Құлпырған жер жүзі.

Осы мысалдарды дәптерлеріне жаздырту. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

VІІІ. Келесі сөздердің антонимдерін табыңдар.

Түн -

Терең -

Қалың -

Желсіз -

Көрінбей -

Мына сөздердің синонимдерін табыңдар:

Желсіз -

Сыбдырлаған -

Құлпырған -

Маңы -

Қалың -

ІХ. Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар;

  1. Абай - ұлы ақын, біздің жерлесіміз және мақтанышымыз.

  2. Абай өз шығармаларында табиғатты тамаша суреттейді.

  3. Абайдың лирикалық әндерінің бірі - «Желсіз түнде жарық ай»

Х. Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықта:

Түнде айдың сәулесіне қарап жол табамыз.

Айдың сәулесі суға түсіп тұр

Ай сәулесімен «ақсүйек» ойнаймыз.

Желсіз түнде ай сәулесі жарық көрінеді.

Ай сәулесінен шуақ шашып тұр.

Ай сәулесінде ерекше бір құпия бар.

Жазғы түнде ай сәулесін мол төгеді.

ХІ. Сұрақ - жауап арқылы алған білімдерін пысықтау, сабақты қорытындылау.

  1. Абай «Желсіз түнде жарық ай» әнінде нені бейнелейді?

  2. Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?

  3. Неліктен күрілдеп аққан өзен даусы қатты естіледі?

  4. Неліктен бұл әнді лирикалық ән деп айтамыз?Абай әндері, өлеңдері неге тәрбиелейді?

  5. Абайдың табиғатты бейнелейтін тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?

ХІІ. Бағалау

Үйге тапсырма: Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін қайталау, оның ішінде «Қыс» өлеңін жаттап келу.



МКонспект урока по казахскому языку на тему Абай лирикасын оқыту (7 сынып)емлекеттік мекеме

«№12 жалпы білім беретін орта мектеп»







Ашық сабақ


Абай лирикасын оқыту

«Желсіз түнде жарық ай»




Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Қасенова Алмагүл Аманғалиқызы














Семей қаласы

© 2010-2022