Қазақстан-біздің Отанымыз заманауи ашық сабақ жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан-біздің Отанымыз»

Сабақың мақсаты:

білімділік -туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу; мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру;

дамытушылық -сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту;

тәрбиелік - Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке, оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, дыбыс, карточкалар, кесте,бейнеролик, ватман, түсті қарындаштар,компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық кезең (оқушылардың көңіл-күйін сұрау) Бір-біріне доп лақтырып тілек тілейді.

  1. Оқушылар топқа бөліну үшін стикер алып өз орнына барады.

1 топ- Отан

2 топ- Қазақстан

3 топ- Атамекен

Әр топ спикер тандайды.

II.Жаңа сабақ

- Балалар, сендерге видео көрсетемін.(Қазақстан туралы видео көрсету)

Алдарына мынадай сұрақтар беріледі?

  • Видеода не көрсетілген.(Қазақстан)

  • Қазақстан бізге не болады? (Отан)

  • Бізідң Отанмыз қандай? (тәуелсіз, егеменді, кең-байтақ, бай)

  • Ендеше сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

(Біздің Отанымыз-Қазақстан)

  • Сабаққа қандай мақсат қоямыз.Оқушылар сабаққа мақсат қояды.

  • Сабақта жаңа сөздермен танысамыз, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар аламыз, ойымызды еркін жеткіземіз, ауызша сөйлеуге үйренеміз,тапсырмалар орындаймыз.

- Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

Қазақстан- біздің Отанымыз заманауи ашық сабақ жоспары

(Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату)

III. Мәтінмен жұмыс

Кіріспе бөлімі:

- Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

IV. Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді мәнерлеп оқып, сөз тіркестерін құрастыру.
Құрлық - суша, материк
Еуразия - Евразия
Жазық дала - равнина
Шөл - пустыня
Аймақ - край
Қорық - заповедник
Белес - преграда, трудности

V. Мәтінмен жұмыс:

Мәтін тақтада оқылады.Оқушылар мұқият тыңдайды.

Қазақстан - біздің Отанымыз. Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі.

Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.

«Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

(слайд көрсетіледі)

Мәтін бойынша оқушыларға тапсырмалар беріледі.Әр оқушы қандай тапсырманы орынадағысы келеді, берілген топқа барып, тапрсыманы орындайды.

1- тапсырма. Мазмұнын айтып беру.

2- тапсырма. Сұрақтар құрастыру.

3- тапсырма. Постер қорғау.

VI. Серіту сәті

VII. Грамматикалық тапсырмалар орындау.

1-топ Дәптермен жұмыс. Төменде берілген мақал - мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.

Ел іші - ........
Отансыз адам - ......
Отан - оттан да .....
Отан отбасынан ......

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.

2топ. Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы ...... орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев ...... Президенті.

Қазақстанның табиғаты .....

3-топ. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, жалғау түрін анықтап, көшіріп жазыңдар.

Менің туған жер....,Отан...-Қазақстан Республикасы. Қазақстан- көп ұлтты республика. Қазақстан... астанасы-жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент....- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

VIIІ. Рефлексия.

Әр топ «Отан» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

1.Бір зат есім.

2.Екі сын есім.

3. Үш етістік.

4.Бір сөйлем.

5. Синоним.

VIIІ.Бағалау.

Сабақта алған білімдерін Joyclass бағдарламасының тест арқылы тескеру. Баға қою.

  1. Қазақстан Республикасы қай құрлығындағы мемлекет?

А. Азия

В. Еуразия

С. Антрактида

Д.Таяу Шығыс

Е. Сотүстік

2. Қазақстан қандай мемлекет?

А. Кішкентай

В. Алуан

С. Егеменді

Д. Суық

Е. Ыстық

3.Отанымыздың тұңғыш Президенті кім?

А. Н.Назарбаев

В. Ә.Қастеев

С. А.Құнанбаев

Д. Қ.Бозымбаев

Е. М.Жыланбаев

4. Сөйлемді толықтыр. Қазақстан-бізідің...

А. Отанның

В. Отанға

С. Отан

Д. Отандары

Е. Отанымыз

5. Қазақстанның Елордасы қай қала ?

А. Алматы

В. Астана

С. Павлодар

Д.Семей

Е. Талдықорған

Әр топтың спикері тобының әр тапсырманың және қорытынды бағаларын айтады.

ІХ. Сабақты бекіту, қорытындылау.

- Алда үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін.

Х. Үйге тапсырма: Үш деңгейлік тапсырма орындау.

Үшбұрыш. Мәтінге сұрақ құрастыру.

Төртбұрыш. Мәтін бойынша презентация жасау.

Дөңгелек. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазу.

  • Осымен сабақ аяқталды , сау болыңыздар!









  • Видеода не көрсетілген.

  • Қазақстан бізге не болады?

  • Бізідң Отанмыз қандай?



  • Видеода не көрсетілген.

  • Қазақстан бізге не болады?

  • Бізідң Отанмыз қандай?



  • Видеода не көрсетілген.

  • Қазақстан бізге не болады?

  • Бізідң Отанмыз қандай?

1-топ. Төменде берілген мақал - мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.

Ел іші - ........
Отансыз адам - ......
Отан - оттан да .....
Отан отбасынан ......

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.

2топ. Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы ...... орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев ...... Президенті.

Қазақстанның табиғаты .....

3-топ. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, жалғау түрін анықтап, көшіріп жазыңдар.

Менің туған жер....,Отан...-Қазақстан Республикасы. Қазақстан- көп ұлтты республика. Қазақстан... астанасы-жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент....- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



«Қазақстан-біздің Отанымыз»

ашық сабақ жоспары















Өткізген: Омарова А.М.

© 2010-2022