• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Жалпы білім беретін мектептерінің орта буын сыныптарында ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі. дипломдық жұмыс

Жалпы білім беретін мектептерінің орта буын сыныптарында ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі. дипломдық жұмыс

Раздел Иностранные языки
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін мектептерінің орта буын сыныптарында ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі.

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................

І бөлім. Орта буын сыныптарындағы ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің теориялық сипаттамасы.

1.1 Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің мақсаты мен міндеті ..................................................

1.2 Сөздік қорды кеңейтудегі лексикалық дағдының сипаттамасы .........................................................................

1.3 Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорының сипаттамасы ......................................................................................

1.4 Орта буын сыныптарда оқытылатын ағылшын тілі лексикасының минимумын таңдау қағидалары. Қолданыста белсенді және белсенді емес лексикалық сөздік

ІІ бөлім. Орта буын сыныптардағы ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің әдісі.

  1. Лексиканы үйрену мен оның сөйлеу барысында қолданылуы арасындағы байланыс .........................................................................

  2. Оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге арналған лексикалық жаттығулардың түрлері .................................................................

  3. Сөздік қорды кеңейтуге арналған әдістердің ұйымдастырылуы мен өткізілуі ............................................................................................

III бөлім. Қорытынды .................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі .....................................................................


Кіріспе.

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, еліміздің әлемдік қарым-қатынас барысында шет елдермен байланыс орнатуы ағылшын тіліне үйретудің қажет екенін көрсетеді. Осыған орай еліміздің жалпы білім беретін орта мектептерінде шет тілі ретінде ағылшын тілін оқыту таңдауға алынды.

Жоғарыда айтылған тілдің маңыздылығын ескере отырып, шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отырғаны -бәрімізге мәлім. Әрбір оқушы - ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны да бізге белгілі. Сол ағылшын тілін оқып - үйрену әліпбиден бастап мектеп қабырғасында оқытылып, іргетасы осында қаланатынын ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен ізденіспен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Осыған байланысты шетел тілін үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып, сабақ барысындағы іс- әрекеттерді тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын арттыру қажет.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда «қазіргі таңда мектепті бітірген әрбір оқушының ағылшын тілінің лексиконы қандай?», « Бағдарламада көрсетілген межеге сай келе ме?», « Мектепте ағылшын тілінің сөздік қорын оқушыларда кеңейтуде қандай оқыту әдістері қолданылуда?» деген сұрактарға отандық және шет елдік ғалымдардың методикадағы еңбектеріне сүйене отрып жауап іздедім.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы: жалпы білім беретін мектептердегі орта буын сыныптардағы оқушылардың ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі.

Дипломдық жұмысымның мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердегі орта буын сыныптарда ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің әдісін көрсету, талдау, оны практикада қолдану.

Дипломдық жұмысымның міндеттері:

  • ағылшын тілін оқытудағы лексиканың маңызын анықтау;

  • оқушы бойында лексикалық дағдының қалыптасуының маңызын көрсету;

  • сөздік қорды кеңейту мақсатында жүргізілетін жаттығулар түрін көрсету;

Дипломдық жұмысым 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім орта буын сыныптардағы ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің теориялық сипаттамасы деп аталады.

Бұл бөлімде ағылшын тілі лексикасына оқытудың мақсатын, оқушы бойындағы лексикалық дағдының қалыптасуы, жалпы ағылшын тілінің сөздік қорының сипаттамасына тоқталамын. Екінші бөлім орта буын сыныптардағы ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің әдісі деп аталады. Бұл бөлімде лексиканы үйрену мен оның сөйлеу барысында қолданылуы арасындағы байланыс, оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге арналған лексикалық жаттығулардың түрлеріне, сөздік қорды кеңейтуге арналған әдістердің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне тоқталамын.

Зерттеу жұмысымның объектісі - жалпы білім беретін мектептердегі орта буын сыныптардағы оқушылардың ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі.

Зерттеу жұмысының пәні - орта буын сыныптарда ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту.

Тақырыптың өзектілігі - оқушы бойында лексикалық дағдыны дамыту арқылы сөздік қорларын кеңейтіп, ағылшын тілінде қарым қатынасқа түсу барысында қолдануға үйрету.

І бөлім. Орта буын сыныптардағы ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің теориялық сипаттамасы.

1.1 Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейтудің мақсаты мен міндеті.

Сөз - тілдің негізгі құралы. Белгілі бір тілде сөйлеп, сол тілді меңгеру үшін оқушыға ең керегі де сөздік қорының мол болуы. Сөздерді үйрену арқылы оқушы сол тілге қатысты түсініктерін қалыптастырады. Ал бұл өз кезегінде сол тілде оқушы ойының дамып, сойлеу әрекетінің қалыптасуына алып келеді.

Қазіргі уақытта жаңашыл қоғам сан түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Олар әр түрлі мәдениеттердің өзара әсерлесуі мен ғаламдық мәдениеттің түрлілігінің сақталуы. Барлығы да мәдениет қарым-қатынасының дамуының қажет екенін сезініп отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқыту мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындық ретінде жүргізілуі қажет. Осы орайда оқушы алдында оқу барысында өзге мәдениет құндылықтарын түсініп оны өзіндік дүниетаным арқылы саралай білу мәселесі тұр.

Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша осы қойылған мақсатқа жетудің негізгі құралы болып тілдің лекесикасын меңгеру болып табылады. Өйткені олардың ойынша дәл сол сөздерде мәдениеттің құндылығы мен дәйегі жатыр. Бірақ та қазіргі уақытта оқушы шетел тілін мәдениетаралық байланыста аз қолданады. Ғалымдар мұны мәселенің өзектілігі ретінде қарастырады.

Лексиканы оқытудың негізгі мақсаты қарым-қатынасқа түсу кезінде қолданылатын қатынас-құралының бірліктерін меңгеру, яғни ол белгілі бір ойды, түсінікті тұтас жеткізу үшін қолданылады.

Ғалымдар қазіргі таңдағы лингвистикада тілді әрбірі тілдік белгілердің жинағын сипаттайтын деңгейлер қатарынан тұратын иерархиялық жүйе ретінде қарастырады. Ал лексикалық деңгей сөз, сөз тіркестерін және т.б бірліктерін бір жүйеге біріктіреді.

Тілді қатынас құралы ретінде қарап, оны абстрактілік жағдайдан қолданысқа алып келіп, тілді жүйе ретінде оқу ағылшын тілін сонын ішінде оның лексикасын үйрену барысында өнімді қызмет атқарады.

Дегенменен оқытудың мақсаты ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрінің дамуы, яғни ағылшын тілінің лексикасын семантикалық дәлдік негізінде меңгеру, синонимдік қатардың молдығы, оларды орынды қолдана білу осы мақсаттың іске асырылуына сілтеме болып отыр.

Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде лексикалық дағды мен сөздерді қолдана білу тек қана сөздің құрылымдық сипаттамасын көрсетпейді, сонымен қатар тілді меңгеруші білетін жағдаяттық, әлеуметтік, мәтіндік қолданылуын білуді талап етеді деп көрсетіледі.

Олардың ойынша бұдан шығатын қорытынды формалық және функциянальдық қыры болып бір құбылыстын әртүрлі аспектілері есептеледі дейді. Өз еңбектерінде бұл ғалымдар сөйлеу барысында форма функциясыз және керісінше функция формасыз болмайды, яғни әрбір функция өзіндік тілдік формаға ие деп атап көрсетеді. Олардың ойынша біз сондықтан мына мәселені есепке алуымыз қажет, бұл функция мен форма арасында бірмағыналы сәйкестік жоқ, көптеген тілге ортақ нәрсе ол коммуникативтік категория ( мысалы: өтініш, бұйрық т.б) әрбір тілде өзіндік сипатқа ие болады.

Осыған орай Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде лексикалық деңгейі формалық және функциянальдық аспектілердің қатынасындағы мәселе лексикалық бірліктердің фунциянальдық ерекшелігі ретінде және тілдік жүйе немесе тілдегі тілдік жүйесіз қатынас құралы ретінде қолдану мүмкін емес деген қорытындыға келеді.

Орта буын сынып оқушылары лексикалық бірліктің мағынасы мен формасын меңгеріп, оларды әр түрлі жазбаша және ауызша жағдайлардағы қарым-қатынаста қолдана білу қажет, яғни лексикалық бірліктерді естігенде немесе көргенде түсінуге үйрену, сөйлегенде немесе жазғанда осы лексикалық сөздерді дұрыс қолдана білуге дағдылану.

Ағылшын тілін үйренуде лексиканың алатын орны өте зор. Себебі тек сөздер арқылы құбылыстың атын атап, тұтас бір мағынаны береміз.

Тілді білу дегеніміз оның құрылымы мен сөздік қорын меңгеру дегенді білдіреді. Сондықтан да сөздік қор мектепте тілді оқытуда қолданылатын тілдік аспектілерінің бірі болып табылады. Мектепте үйретілген сөздер мен идомалардың оқушылар жадында ұзақ уақыт сақталу ең өзекті жағдай. Себебі мектепте ағылшын тілі сабағына бөлінген сағат санының аздығы және де оқушылар арасында өзара сөйлеп жаттығудың жетіспеуі, мектепте ағылшын тіліне арналған лингофон сыныптарының жоқ болуы болып отыр. Мектепте оқушылардың үйренетін сөздерінің саны оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Сонымен қатар арнайы үйрету әдістемесіне де байланысты. Сонғы жүргізілген арнайы үйрету бағдарламаларының тәжірибелерінен оқушылардың үйренген сөздерін есте сақтап және оларды сөйлеу, жазу әрекеттерінде дұрыс қолданатынын көруге болады.

Сөйлеу және жазу әрекеті барысында лексиаклық-мағыналық, лексикалық-тематиакалық тұтастықтарды меңгеру, жаңадан үйренген сөзді өткен тақырыптағы сөздермен байланыстыра білу,сөз тіркестерін таңдап, оларды басқа сөздермен үйлестіру, антонимдік, синонимдік қарама қайшылықтан керекті сөзді таңдау, эквиваленттік ауыстыруды орындау, сөздерді мазмұны және формасы жағынан талдау, сөйлеушінің жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру, сөзді тілдік қалыпты ескере отырып әңгімелесу барысында дұрыс қолдана білу қажет.

Тыңдау және оқу әрекеті барысында есту/көру бейнесін семантикамен байланыстыру, ойды ішкі артикуляцияға бағыттауды жеңу,сөздің формасын ақпарраттық белгілері бойынша және дыбысталуы жағынан ұқсастықтарды дифференциалау, ононимдік, синонимдік, антонимдік құбылыстарды дифференциалау, рецептивтік комбинирование механизмін меңгеру,сөзжасам және контекст арқылы сөздің мағынасын ұғу,жаңадан немесе бұрыннан меңгерілген лексикалық материалмен жұмыс жасау кезінде қабылдау мен талдауды қолдана білу қажет.

ҚР-ның Білім және ғылым министірлігінің мектепте шет тілін оқыту бойынша бағдарламасына сәйкес мектептегі 10 - 11 сынып оқушылары ағылшын тілін төмендегі аталатын деңгейде қолдана білуі қажет. Ол:

  • ағылшын тіліндегі сөздердің дұрыс дыбысталуы мен ритмикалық-әуендік құрылымдық ерекшелігін;

  • мектепте оқытылған лексикалық бірліктердің мағынасын білу. Оған сөздер, сөз тіркестері, сөздердің жасалуын (сөзжасам) білу жатады.

  • Оқытылып жатқан елдің мәдениетіне тән пәндік-тақырыптық бағдарламаларды, фразеологиялық сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін, болмыс мәнің білу;

  • оқылытын тiлдегi баламасыз лексиканың мәндерiнiң берiлуiнiң әдiстерi;

  • оқылытын шет тiлiнiң жүйесiндегі өнiмдi және рецептiлi бірліктердің грамматикалық мәні және оның орыны;

  • дағдыларды меңгеру;

  • сөйлемнің әр түрлі коммуникативтік түрлерінің ырғақты, дыбыс ырғағына сай айтылуын;

  • сөйлеуші мен жазушының ойына сәйкес лексикалық бiрлiктердi қиыстыру және таңдауды;

  • пәндік-тақырыптық мазмұндағы көп мәндi және күрделi сөздердiң, антонимдар мен синонимдардың мәндерін айырып тануды;

  • сөйлеуші мен жазушының ойына сәйкес шет тіліндегі сөйлемнің грамматикалық дұрыс ресiмделуiн;

  • есту және оқу барысында оқытылып отырған шет тілінің грамматикалық құрылымын түсінуді;

  • ауызша және жазбаша сөйлеу барысында өзінің лексикалық/грамматикалық қателігін түсініп, түзеуді;

  • оқушы әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дағдыларды меңгеру қажет;

  • оқылытын тiлдiң елiндегі сыныптастарымен мамандық таңдау жөнінде әңгіме жүргізе алу;

  • оқылытын тiлдiң елiнде болған кезде өзіне қажет мағлұматтарды ала алу;

  • шет елдегі сыныптастарына өз елі мен оқылытын тiлдiң елi арасындағы мәдени байланыстар жайлы айтып бере алу;

  • өз елінің болмысы жайлы шет тілінде айтып беруге қабілетті болу;

  • оқушы сөйлеу түрінің барлық деңгейін иелену керек;

  • сөзді естіген кезде түсіну;

  • сөздің тілдік және мәтіндік мағынасында қолдана білу;

  • шет тілінде оқи алу;

  • оқыған мәтіннің тұтас мағынасын түсіне алу;

  • шет тілінде сөйлей алуды белгілі бір деңгейде меңгеру, яғни қасындағы әңгімелесушіге сұрақ қойып, жауап ала алу; өз ойын жеткізу үшін түрлі тәсілдерді қолдана білу;

  • шет тілінде жазу кезінде фразаларды қолдана алу; ойын жеткізу кезінде синонимдарды қолдана алу; оқушы ғылыми-танымдық дағдыны меңгеру қажет; керекті мағлұматты шет тілінде таба білу және оны жариялай алу; анықтамалық материалдарды қолдана алу; жоспар құрап, тілдік құрылымдарды ана тілі мен шет тілінде салыстыра алу; жазба жұмысының дұрыстығын талдай алу; өзінің ғылыми-танымдық жұмысын өзі талдап, өзі бағалай алу;

  • оқушы үйренген тілдік, әлеуметтік-мәдени тәжіриебесін күнделікті қолдана білу;

Оқытудың орта деңгейінде оқушы бойында сөйлеудің барлық түрі бойынша негізгі дағды қалыптасады, яғни ол одан әрі дамып, жетілетін болады. Орта буында меңгерген оқушы білімнің беріктігі пен тереңдігі, қабілеті мен дағдысы одан әрі жалғасын табады. Бірақ бұған лексикалық білімнің қалыптасуынсыз жету мүмкін емес.

Зерттеулер бойынша адам жады миға келіп түскен ақпараттың 50% ұмытады екен. Ақпаратты ең әуелі қабылдағанда ұмыту көп болады екен.

Осы жағдайды ескере отрып мұғалім жаңа сөзбен жұмыстың алғашқы баспалдағын лексикалық материалға арналған жаттығуларды көп орындатып, жаңа сөздерді көп қайталатып, оны оқушыларға қайта-қайта айтқызу арқылы дайындау керек.

Жүргізілген жұмыстардың көрсетуі бойынша егер нашар немесе орташа деңгейде оқитын оқушы сабақ бойына жаңа үйретілген лексиканы бірнеше рет қайталамай оны сыныптастарының, мұғалімнің қалай дыбыстағанын естімесе онда оқушы сабақ аяқталғаннан кейін сол күнгі үйретілген лексиканы ұмытып қаларын көрсетеді. Бұл жағдай мұғалімге қажетті жаттығуларды таңдап, лексикалық жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау қажет екендігін көрсетіп отыр.

Сондықтан оқушылардың жаңа сөздермен танысуы және оларды есте сақтап қалуы үлкен жұмыс боп есептеледі.

Шет тілін оқытудағы әдіснамадағы ең өзекті мәселелердің біріне лексикалық талдау жатады. Дұрыс құралған сөздік оқытушыға көмекші құрал болатыны сөзсіз. Лексикалық минимум мектеп оқулықтарының ғылыми негізде құрылуға негіз болады.

Лексикалық таңдау көптеген шет тілі сөздері арасынан, фразеологиялық сөзтіркестерінен ең әуелі алға қойылған мақсатқа қажетті сөздер таңдап алынады. Орта мектептерде шамамен 1500 сөздік бірліктерді оқу мүмкін екенін ескерсек лексикалық таңдау үлкен ғылыми мәселе болып табылып, таңдау әдістерін қажет етеді.

Тілдің сөздік құрамына оқуыту мақсатында талдау жасағанда әдіснамашылар сөйлеу қызметінің кейбір ерекшеліктерін түсіндіретін лексиканың функцияналдық біркелкі еместігін көреді. Олар тұтас бір процес боп саналатын сөйлеу әрекеті барысында өзара байланысты, бірақ сонымен қатар сөйлеу әрекетінде өзгеше жақтары бар екі құбылыс бар екендігін атайды. Олар: өзгенің сөйлегенін түсіну және өз ойын білдіру. Осы екі құбылыстың жүруі көлемі мен құрамы әр түрлі лексикалық материалдарды қолдану арқылы іске асады деп есептейді.

Әрбір адам өзі сөйлеу әрекетінде қолданбайтын, бірақ түсінетін сөздердің көп бөлігін біледі. Бұл сөздер сөздік қордың белсенді емес тобына жатады.

Сөздің азғантай ғана бір бөлігін адам үнемі қолдануы мүмкін. Бұл сөздік қордың белсенді тобын құрайды.

Сөздік қордың белсенді емес тобын құрайтын сөздер біздің жадымызда сол сөзді естігенде немес оқығанда пайда болады. Біз оның мағынасын көбіне болжау арқылы да біліп жатамыз. Ал белсенді тобын құрайтын сөздер үнемі қолданыста болғандықтан біз оны жетік меңгергенбіз және ол үнемі сөйлеу әрекетінде қолдануға икемді боп келеді.

Белсенді және белсенді емес сөздік топтары ана тілінде адамның танымдық, мәдени деңгейіне, оның мамандығы мен қызығушылығына байланысты анықталады.

Қазіргі тандағы мектепте ағылшын тілін оқытуда тілдік материалдың көлемі әрбір сөйлеу әрекетінің негізін меңгеруге жеткілікті.

Қазіргі әдіснамашылар тілдегі лексикаға оқытудың мазмұны боп лексикалық минимумды білуді қарастырады. Оқыту барысында жүретін лексиканы тандаудың себебі боп лексиканы құрайтын көптеген сөздердің, тұрақты сөз тіркестерінің ішінен оқытылуға керекті сөздерді таңдап алу болып есептелед деп ойлайды. Таңдап алынған лексика оқушының сөйлеу қабілеті мен дағдысын дамытуы тиістігін атап айтады.

Олар лексиканы үйрету барысында сөздікпен жұмыс жүргізілетнін айтады. Негізгі оқу материалы боп мәтін мен диалог саналады деп есептейді. Лексикалық кордың кеңеюі жаңа сөздерді үйрену, сол сөздерден сойлем құрау, түрлі лексикалық жаттығуларды орындау (сөздердің синонимдерін, антонимдерін табу, сөйлемді қайта құру, сөздерді қолдану арқылы сұрақтарға жауап беру т.б ) арқылы жүзеге асатынын көрсетеді.

Шет тіліне оқыту методикасында көп талқыланатын мәселердің бірі лексикалық тандау. Дұрыс құрылған лексикалық сөздік мұғалімге оқыту процессінде үлкен көп көмек береді. Лексикалық тандаудың негізгі мақсаты көптеген ағылшын шет тілінің сөздері мен сөз тіркестері ішінен мектепте оқытылуға тиіс немесе оқушы білуге тиіс сөздер мен сөз тіркестерін іріктеп алу болып есептеледі. Осыған байланысты ғылыми мақалаларда мынадай мысал көрсетіледі, яғни "Webster's New International Dictionary" деп аталатын ағылшын тілі сөздігінде жарты миллионнна астам сөз енгізілген, ал «Словарь наиболее употребительных слов» сөздігінде жарты мыңдай сөз енгізілген. Ал мектепте оқытуға берілетін сағат санын ескерсек тек қана 1500 сөздік бірлікті меңгеру тиіс. Осыдан шығатын қорытынды лексикалық тандау жұмысының ғылыми әрі қүрделі жұмыс екенін көрсетеді.

Грамматика сөздердің байланысын түсіндіретін болса, лексика сөздерді даралап, оларға жеке бір мағына береді. Яғни нақты сөз нақты бір мағына беріп, бір ойды білдіреді.

Сөздерді білу дегеніміз не? Бұл оның мағынасын, формасын (айтылуы, жазылылуы бойынша), оның басқа сөздермен байланысқа түсуін (семантикалық, грамматикалық) білу. Бұл дегеніміз сөздердің жасалуын, сөздердің өзгеруін және сөздердің тілдік қарым қатынаста, сөйлемдерде қолданылуын білу.

Лексиканы оқытудың мақсаты боп тілдік қарым қатынасқа түсу кезінде тұтас бір ойды жеткізуге негіз болатын сөздік құрылыс материалдарын меңгерту. Шет тіліне оқытудың методикасы туралы ғалымдардың еңбектерінде негізінен ағылшын тілін оқытуда 3 қызметті атап көрсеткен.

  1. сөздің оқушы жадында ұзақ сақталуы

  2. оны қажет кезінде қолдануды

  3. оны басқа сөздермен байланыстыруды білу

Осыған орай оқушы төмендегі жағдайларды білуі тиіс:

  1. ағылшын тіліндегі сөзді түсініп, есте сақтап, оның дыбыстық, графикалық формасын білу;

  2. сол сөзді нақты орынды қолдана білу;

  3. оны басқа сөздермен байланыстыра қолдана білу;

Сөйлеу әрекеті мен жазу әрекеті барысында біз сөздің формасы мен қолданылу мағынасын ескерсек, тыңдау және оқу барысында сөздің формасынан оның қолданылу мағынасын ескереміз.

Лексины оқытудың мазмұны сөздердің сөйлеу әрекетінде қолданылуындағы көлемі, тақырыпқа байланысты үйрену қажет сөздерден тұрады.

Л.З.Шакировтың «Методика преаодавания русского языка в национальной школе» еңбегінде лексиканы өқытудың мазмұны мынандай әрекеттерді қамтиды:

  1. сөздің мағынасын ашу;

  2. сөздердің дыбыстық, графикалық формасы (айтылуы, жазылуы)

  3. сөздердің жадыда ұзақ сақталуы;

  4. сөздердің қолданылуын

  5. сөздердің бір бірімен байланысын

Ғалым лексиканы үйрену барысында мынадай міндеттерді қояды:

1. сөзді жадыда сақтау;

2. оны дыбыстап айту, фонетикалық формасын меңгеру үшін;

3. сөз тіркестерінде қолдану, грамматикалық, мағыналық сәйкестіктерін ескере отрып;

4. сөз тіркесіне сөйлем, мәтін құрау;

Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілі лексикасына оқытудың негізгі мақсаты болып оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету есептеледі.

Зыкова А. В өзінің ғылыми мақаласында бастапқы бөлімде ағылшын тіліне үйрету коммуникативтік дағды негізінде болады, яғни оқушылар бір-бірін тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, оқыған мәтіннен негізгі ойды түсініп, қажетті ақпаратты алып, жазбаша түрде қарым қатынасқа түседі. Төменгі сынып оқушыларына ағылшын тілінің лексикасына үйрету олардың қызығушылығына, қабылдау деңгейіне қарап саралануы тиіс. Көп жағдайда ағылшын тілінде балалар фольклорынан, ертегілер, әндер, өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар алынуы қажет деп санайды.

Автор орта буындарда тақырыптар күрделене түсетіндігін. Сөздерге екпіннің дұрыс қойылуы, сөздердің дұрыс жазылып айтылуы үйретілетіндігін, тақырыптарға байланысты тапсырмалар орындатылып, оқшылардың танымдық деңгейін тереңдете түсетінін атап айтады.

Жоғарғы сыныптарда оқушылардың коммуникативтік деңгейін дамытуға арналған тапсырмалар, жағдаяттар т.б тақырыптық тапсырмалар терең меңгерілтеді. Оқушыларды ағылшын тілінде ойлатып, сөйлеуге дағдыландырады.





1.2. Сөздік қорды кеңейтудегі лексикалық дағдының сипаттамасы

Лексикалық білім сөйлеу әрекетінің барлық түрінің жоғары меңгерілуін қамтамасыз етеді. Лексикалық білім дегеніміз ол тек шет тіліндегі сөздер туралы тілдік түсінік қана емес, ол шет тіліндегі сөздермен жұмыс болып та табылады. Ауызша сөйлеуді (тыңдау және сөйлеу) және оқуды сөйлеу әрекетінің дағдысынсыз меңгеру мүмкін емес. Бұл әрекетте лексикалық дағдының алатын орыны зор. Дағды дегеніміз - жаттығулар орындау нәтижесінде тілдік құбылыстың автоматты түрге жеткізетін әрекет. Б.В.Беляев «Очерки по психологии обучения иностранным языкам» еңбегінде тілдің әр түрлі әрекетінде тілдік дағды белгілі бір иерархиялық жүйе құрайтынын көрсетеді. Осы жүйеден жалпы, әр түрлі және арнайы лексикалық дағдының негізін құрайтын операцияларды атап көрсетуге болатындығын атайды. Семантикалық компонент ретінде қызмет атқаратын осындай операциялар лексикалық дағдының түрлеріне, тілдік қарым-қатынас түрлеріне байланысты, лексикалық дағды берік әрі тұрақты болып есептеледі, егер біз онымен бір байланыста және қарым-қатынаста қызмет ететін болсақ деп есептейді. Лексикалық дағдының беріктілігі мен тұрақтылығына дағдылардың өзара байланысы ғана емес, лексикалық дағдының өзге де дағдылармен байланысы (фонетикалық, грамматикалық) маңызды деп санайды. В.А.Бухбиндер «Основы обучения лексике в средней школе» еңбегінде лексикалық дағдының әрбір түріндегі жүйедегі лексикалық қор қызметі тағы бір қызмет түрімен толығуы тиістігін атайды. Ол интелектуалдық қызмет - мидағы әрекет. Мұндай қызмет қандай да бір сыртқы күштің әсерінсіз орындалады, яғни мида деп санайды. Интелектуальдық әрекет оқушының ойлау әрекетін дамытады. Осы жүйе негізінде концептуализация деңгейінде өте маңызды болып табылатын белгілі бір ойдың әрекеті мен қабылдау қорының толтырылуы жүзеге асатындығын атап көрсетеді. Автор концептуализация деңгейін былай түсіндіреді. Концептуализация деңгейі - бұл сөзбен жұмыстың бастамасы. Бұл жерде шет тіліндегі сөздер туралы бірінші ақпарат жинақталады. Көптеген мұғалімдер мен методистер бұл ақпарат түрінің сөйлеу әрекетінің әртүрлі формасы мен түрі негізінде лексиканың жаксы қалыптасуына негіз болатын мағынасы мен маңыздылығына мән бере бермейді. Мектептегі лексикалық минимумның бірлігін жақсы білу мен оларды қолдану шет тілінде ойлаудың қалыптасуы мен жүйеге келуін қамтамасыз етеді. Осы негізде түрлі прагматикалық нәтижеге жетуге бағытталға коммуникативтік тапсырмаларды шешу жүзеге асады. Лексикалық дағдының продуктивті негізіне - шығармашылық деңгей жатады. Бұл деңгейде лексикалық дағдының лексикалық қыры боп табылатын оқушылардың лингвистикалық (лексикалық) және сөйлеу қабілеті пысықталады деп санайды.

  • сөздердің парадигматиқалық және синтагматикалық байланыстарын дұрыс және орынды қолдана білу;

  • бұрыннан меңгерілген сөздерден жаңа сөздерді құрау;

  • көпмағыналы сөздердің дұрыс сәйкес мағынасын таңдап алу;

  • бір ойды әртүрлі сөздерді қолдану арқылы жеткізу;

Автор лексикалық шығармашылық оқушыға өз ойын айта алуға мүмкіндік береді деп жазады. Осындай өз ойын айтуда үнемі жаңа ой, сөйлей алу қабілеті және тілдің лексикасы және де басқа да элементтері қатысады деп көрсетеді. Лексикалық дағдының рецептивтік түрінде шығармашылық деңгей мәтіндегі сөзді қабылдаумен байланыстылығын айтады. Бұл өз кезегінде басқа ой қызметінің түріне, яғни лексикалық бірліктің мағынасы мен оқылған немесе тындалған мәтіннің мағынасының қалыптасуына алып келетіндігін көрсетеді. Лексикалық дағдының қалыптасуында сипатталып отырған продуктивтік және рецептивтік деңгейлер оларға жекешелік қасиет береді деп атайды. Ол төмендегі жағдайларда көрінеді деп есептейді.

  • сөздердің лексикалық минимумға енуінде;

  • оқушылардың сөздерді сөйлеу кезінде қолдануында;

  • оқушының сөздік қорын өз еркімен дамыта алуында;

  • үйренип отырған шет тілінің елдерінің мәдениетіне қатысты сөздерді айыра алуында;

Лексикалық дағдының қалыптасуы тек қана шығармашылықпен байланысты емес, сонымен қатар сөзді басқа жағдайларда да қолдана білу қажет. Бұл оқушының ереше қабілеті боп есептелетін - когнитивтік қабілет екендігін автор атап көрсетеді. Танымдық мүмкіндіктерінің артуына, оқушының интеллектуальдық деңгейінің көтерілуіне байланысты сөйлеу дағдысы мен қабілеттің жетілуіне қолайлы жағдайлар жасалып отыр деп Б.В.Беляев «очерки по психолгии обучения иностранного языкам» еңбегінде атап көрсетеді. Сонын ішінде лексикалық. Лексикалық дағдының дамуы барысында онымен бірге лексикалық құзыреттіліктің қалыптасуы жүреді. Ол оқушының сөздің мәтіндік мағынасын анықтап, екі тілдегі оның мағыналарын салыстырып, оның құрамынынан оқытылып жатқан тілдің еліне, мәдениетіне тән қырын ашу деп есептейді. А.А Смирнов дағдыны қабілетті жаттықтыру арқылы қалыптастырады деп айтса, Б.В. Беляев оны адам ойысыз іске асатын әрекет, яғни автоматты түрде орындалатын әрекет деп ойлайды.

Б.В. Беляев бойынша дағдының сипаттамасы мынандай:

Автоматтылығы. Богоявленский мен Менчинская бойынша дағды автоматты түрдегі іс әрекет. Сондықтан ол ең басты сипаттамасы.

Тұрақтылығы. Бұл құбылыс шет тілінен сабақ беретін мұғалімдерге жақсы таныс,яғни дыбыс сөз құрамында өзгеріске ұшырайды. Сол сияқты дағды қалыптасқанымен ол өзге дағдылармен байланысқа түсуге дайын болмайды. Мұндай дағды тұрақты емес.

Икемділігі. Бұлсыз автоматты, тұрақты дағдының өзі қажетсіз боп қалады немесе тасымалдану қабілетінен айырылады.

Саналылық. Б.М.Теплов және Б.В.Беляев дағды автоматты турде қызмет атқарады деп есептейді, яғни сананың қатысуынсыз. П.А.Рудик дағды санамен тығыз байланысты деп есептейді.

Қатыстық қүрделілігі. Дағды әрекеттері бірдей болуы шарт емес. Ол өсе түседі. Дағды деңгейінде сөздер, сөз тіркестері, синтагма, фраза қалыптасуы мүмкін. Біз байқап отырғанымыздай дағдының сипаттамалары өте көп. Сондықтанда бұл феноменге анықтама берген уақытта бір ғана сипаттамасын айту дұрыс емес (мысалға: автоматтылығын). Барлық сипаттамасын кең түрде ашып көрсету керек. Дағдының барлық қыры мен қызметін ашып көрсететін сипаттамаларын біріктіріп барып дағды туралы түсінік қалыптастыру керек. Осы түсінік арқылы сөйлеу дағдысы түсінігін анықтай аламыз. Бұрын атап өткеніміздей дағды сөйлеу әрекетінің бірлігі ретінде қаралады. Мұндай бірліктер сөйлеу әрекетінде өте көп. Олардың әрбірі қажет кезінде әрекеттің атқарылуының шарты боп табылады. Міне сондықтан дағдыны ойлау жүйесінде өзіндік қызмет атқаратын қабілет ретінде анықтауға болады. Б.В. Беляев дағдының түрлерін былай көрсетеді:

Оның ойынша дағдыны әр түрлі деңгейде бөлуге болады. Бірақ оқу мақсатына орай дағдыны 1) тілдік (лексикалық және грамматикалық); 2) қимыл іс-әрекет (жүру т.б әрекеттер); 3) қимыл-қозғалыс тілдік (жазу техникасы, дыбысты айту). Сөйлеу экспрессивті дағдысы түсінігі айтушының ойына, жағдаятқа сай сөздерді дұрыс қолдану мен сөздерді дұрыс байланыстыру дағдысы болып түсіндіріледі. Автор ойынша сөйлеу лексикалық дағдысы құрамы негізігі екі компоненттен тұрады. Олар: сөздердің қолданылуы мен сөздердің жасалуы. Сөйлеу лексикалық экспресивтік дағдының психофизикалық негізі болып динамикалық байланыстың сөздер мен сөз тіркестерінің семантикалық және есту бейнесі бірлігі ретінде лексикалық автоматтылығы қарастырылады деп санайды автор. Тілдің бұл психологиясы сөйлеудің лексикалық дағдысы сөйлеудің грамматикалық дағдысынан өзгеше екенін көрсетеді. Лексикалық дағды өзінің көбірек жете түсініктілігімен сипатталады. А.А.Леонтьев бойынша сөйлегенде көбіне біз сөз таңдауда, оларды басқа сөздермен байланыстыруды ұғынынамыз. Сөйлеуде лексикалық және грамматикалық дағдыны айырамыз, яғни түрлі механизмдер негізінде белгілеуге болады. Қандай да бір құбылысты лексикалық немесе грамматикалық құрылымға жатқызсақ та ол оны меңгеру методикасымен байланысты. Осыған орай сөйлеу дағдысы тілге қатысты екенін көруге болады. Сөйлеудің лексикалық дағдысынан басқа тілдік коммуникациядан тыс лексикалық материалдарға байланысты тілдік лексикалық дағдынсын бөлуге болады. Сөздерді талдауға байланысты, сөзжасамға байланысты,сөз тіркестерін құруға байланысты дағды болып есептеледі деп санайды. Тілдің лексикасын толық меңгерген сөйлеушіде сөйлеу дағдысы да, тілдік дағды да жақсы дамиды. Сөзді білу мен меңгеру түсінігі астында сөзді жан жақты толық білу жатады, яғни санадан жағдаятқа байланысты лексикалық бірлікті дұрыс қолдана білу қабілеті. Автор ойынша лексикалық дағды - лексикалық бірлікті дұрыс ойлап және оны басқа,дағдылық өлшемде атқарылып отырған және беріліп отырған лексикалық бірлікті жағдаятқа байланысты тілде қолданып, дұрыс байланыстыруды қамтамасыз ететін синтездік әрекет. Лексикалық дағды экспрессивтік және рецептивтік деген екі дағдыдан тұратындығын атайды. Экспресивті лексикалық дағды дегеніміз коммуникацияның мақсаты мен ауызша және жазбаша сөйлеудегі жағдаятқа байланысты сөздерді дұрыс қолдану мен дұрыс жасау дағдысы деп анықтама береді. Рецептивті лексикалық дағды дегеніміз естігенде және оқығанда лексикалық құбылысты тану мен түсіну дағдысы деп анықтама береді.


1.3.Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорының сипаттамасы

Психологиялық зерттеулерден белгілі сөздердің қолданылуы ішкі бағдарламаға сай семантикалық даму кезінде іске асады. Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде грамматикалық - семантикалық және ойдың қалыптасуы кезеңінде айтушы тілдік құралды коммуникацияның міндетіне байланысты таңдайды. Сөзді іздегенде және таңдағанда, сонымен қатар олардың дұрыс қолданылуында туған тіл секілді үйретіліп отырған тіл де үлкен әсер ететіндігін атайды. Олардың әрекеті жаксы да жаман да әсер етуі мүмкін. Біріншісін - тасымал, екіншісін - интерференция деп атаймыз деп көрсетеді. Тасымал құбылысының қатысуы ағылшын тілін оқытуда маңызды болып есептеледі. Әсіресе ағылшын тілінің лексикасын оқытуда маңызы зор деп атап айтады.

Автор бойынша интерференцияға қатысты айтатын болсақ, оның екі түрін айыруға болады. Біріншісі - тілдераралық, екіншісі - тілдің ішіндегі. Соңғысы оқытудың орта және жоғары деңгейіне сай. Себебі оқушы бұл деңгейде жеткілікті тілдік тәжірибе жинақтайды деп санайды. Бұрын қалыптасқан және берік келетін дағдылар жаңа дағдылармен байланысқа түседі. Бұл лексиканы қате қолдануға және оның мағынасын оқығанда және тыңдағанда қате түсінуге алып келеді деп ойлайды. Аталып өткендей тіларалық интерференция мағына мен қолдану деңгейінде басым болып келеді. Олай болса ішкі тілдік интерференция бұл екі деңгейде де орын алып қана емес, сонымен қатар форма деңгейінде де орын алады дейді.

Интерференцияның пайда болу себебі туған тіл мен оқытылып отқан тілдердің жүйелері аралығындағы айырмашылық болып есептелетіні белгілі. В.Ю. Розенцвейг пен Л.М.Уманның «Интерференция и грамматические категории» деген еңбектерінде тілдегі жүйе әрбір деңгейде тілдік құбылыстың қарама-қайшы жүйесін ұсынатының көрсетеді. Оқушы санасында екі тілдің байланысында оқытылып отырған тілдегі құбылыс туған тілдегі құбылыспен салыстырылмайды, керісінше қарама-қайшылықпен салыстырылады, яғни туған тілге ұқсас боп келетін жүйеге келеді.

Тілдің сөздік қорына енген барлық сөздер құрамына қарай күрделі, әртүрлі боп келеді. Тілдің негізі компоненті, негізігі бірлігі болып санатын сөз бір жағынан белгілі бір формаға ие болса, екінші жағынан мағынаға ие.

Сөздің формасы дегеніміз оның фонетикалық, орфографикалық жақтары мен оның құрылысы және грамматикалық формасы деп автор атап көрсетеді.

Лексикаға оқыту барысында туған тілмен көп жағдайда сәйкес келмейтін, көпмағыналы сөздердің мағынасының көлемін меңгеру және оларды басқа сөздермен үйлестіру, жағдаятқа байланысты қолдану қиын болып есептеледі.

Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде шет тілі лексикасына сипаттама берген.

Олардың ойынша лексикаға оқытудың сапасын көтеру үшін ең алдымен сөздік материалдарын іріктеу қажет. Мұндай іріктеу олардың үйрену қиындығына байланысты методологиялық типология негізінде жүзеге асады.

Методологиялық типология дегеніміз тілдік материалдың күрделілігіне байланысты бөлінеді.

Пальмер қысқы сөздердің қиындығына тоқталады. Оның ойынша бұл сөздер есте дұрыс сақталмайды. Ол сонымен қатар нақты сөздердің абстрактілі сөздер алдындағы басымдығын атп көрсетеді.

Ч.Фриз лексиканың типологиялық ерекшелігін оның сөйлемдегі қызметі мен орынына, сәйкестігіне қарай бөледі. Осыған орай сөздерді 4 тапқа бөледі. 1) көмекші сөздер; 2) бар,жоқты білдіретін сөздер; 3) ауыстырғыш сөздер; 4) затты, іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөздер.

Р.Ладо ұсынған типология қызығушылық тудырады. Ол сөздерді тіларалық интерференция бойынша топтайды. Оңай сөздер қатарына формасы және мағынасы жағынан туған тілге ұқсас сөздерді жатқызады. Орташа сөздерге мағынасы жағынан ұқсас, формасы жағынан әр түрлі сөздерді жатқызады.

Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, С.К.Фоломкина, С.Ф.Шатилов «Методика обучения иностранным языкам в средней школе» еңбектерінде сөздің қиындығына байланысты 4 тобын қарастыруға болады. Олар:

  1. өзінің құрылымы мен семантикалық көлемі бойынша туған тілмен сайкес келетін сөздер мен сөз тіркестері;

  2. формасы және мағынасы бойынша тек оқытылып отқан тілге сәйкес келетін тілдік бірліктер;

  3. туған тілмен салыстырылғанда оқытылып отқан тілде кең мағынаға ие сөздер;

  4. сөз синонимдердің топтары.

Кейбір авторлар белсенді лексиканы тандауда бір емес екі белгі негізінде қарайды. Олар: 1) туған тіл мен оқытылып отқан тіл аралығындағы сөздердің формасы мен мағынасының қатынасы. 2) оқытылып отқан тілдегі сөздің өзіндік мағынасы. Осы белгі бойынша 8 топқа бөледі.

1.екі тілде де ұқсас мағынаға ие ұлтаралық және кірме сөздер;

2.туынды және күрделі сөздер, сөздердің байланысуы;

3.туған тілдегі семантикалық көлемі көлемі қарама-қайшы келмейтін сөздер;

4.оқытылып отқан тілге тән сөздер;

5.түбірі бойынша туған тілге тән, бірақ мағынасы бойынша өзге сөздер;

6.туған тілге семантикалық мағынасы бойынша мағынасы бойынша сәйкес келмейтін , кейбір компонентері оқушыға таныс сөз тіркестері мен күрделі сөздер;

7.Туған тілге сәйкес келетін сөзден ғөрі оқытылып отқан тілде мағынасы кең лексикалық бірліктер;

8. туған тілге көлемі жағынан сәйкес келетін лексикалық бірліктер.

Бұл типология жан жақты, толық лексиканың сипаттамасын береді. Бірақ мұнын өзін дұрыс деп айту ертерек.

Қазіргі заманғы ағылшын тілі лексикасына тоқталатын болсақ, жартысы герман тілінен (ескі ағылшын тілі мен скандинавия ) және жартысы роман тілінен (француз және латын) құралады.

Ағылшын тілі өзінің құрамына көптеген өзге тілдерден (поляк тілі, уэльс тілі, қытай, жапон, орыс тілі) сөздерді қабылдап, икемдеп алды. Кейде бұл сөздер өз мағынасында қолданылса, кейде өге мағынада қолданылып жүр. Осыған байланысты әрбір сөздің өзіндік тарихы бар.

Қазіргі таңдағы жаңа ағылшын тілі лексикасының құрамы өзінің ашықтығымен ерекшеленеді. Ағылшын сөздігінің ашықтығы дегеніміз өзге тілден лексикалық бірліктердің еркін еніп, осы сөздерден туынды сөздер жасалуы. Ағылшын тілі қандай да бір құбылысты, іс-әрекетті, не бір заттың, құбылыстың түсін түстеп, атау үшін қажет кез келген сөзді қабылдап, икемдеп алады. Сонымен қатар ағылшын тілінде көптеген ғылыми, техникалық терминдер қолданылады.






  1. Орта буын сыныптарда оқытылатын ағылшын тілі лексикасының минимумы таңдау қағидалары. Қолданыста белсенді және белсенді емес лексикалық сөздік.

Бізге көптеген методикалық еңбектерден белгілі болғандай, лексикалық таңдаудың белгілі бір қағидалары бар. Олар: тематикалық таңдау, жиілілік, тілдік интерференция бойынша қателерді болжау, семантикалық таңдау, сәйкестілік қағидасы, стилистикалық шектеусіздік қағидасы, сөзжасам құндылығы қағидасы.

Тематикалық таңдау. Бұл дегеніміз белгілі бір тақырыпқа қарай таңдалған, саны шектеулі болып келетін сөздер мен сөз тіркестері.

Жиілілік сөздіктер, оқулықтар және анықтамалар көмегімен анықталады.

Тілдік интерференция бойынша қателікті болжау - оқушының өз ойын дұрыс әрі жеткізуге керекті лексикалық минимумды таңдау. Оқушы өз ойын ағылшын тілінде жеткізу барысында сөйлеу әрекетінде туған тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің көлемі мен жүйесіне сүйене отырып, өз ойын туған тілінің құрылымына сай негізінде жүзеге асырады. Сондықтан да коп қолданылатын лексикалық бірліктер ағылшын тілінде қалай берілуі керек, мағыналық құрылымы жағынан ба, әлде құрылымдық жағынан сәйкес келуі кере пе,яғни ағылшын тілінің сөз тіркестері мен құрылымы. Осыны анықтап алу қажет.

Сәйкестілік қағидасы. Лексиканың құндылығы оның өзге сөздермен сәйкес келіп, байланысқа түсе алалатынындығында. Сәйкестілігі неғұрлым жақсы сөздер коммуникативті құнды боп келеді.

Стилистикалық шектеусіздік қағидасы - сөздердің нейтральді, әдеби, ауыз екі, жазбаша стильге жату қағидасы. Осы қағидаға байланысты сынып сайын лексиканың пайызы арта түседі.

Сөзжасам құндылық қағидасы. Бұл - сөздердің префикс, афикстер арқылы жаңа сөздер жасай алу қағидасы.

Семантикалық таңдау. Тандалып алынған сөз ауызша және жазбаша сөйлеу әрекетінің тақырыбына сай маңызды мағына беретін сөздер болуы тиіс.

Семантизация - сөздердің мағынасын ашу процесі. Семантизацияны таңдау әдісі әрбір бөлек жағдайда сөздің сипатына, оқыту деңгейіне анықталады. Методикада семантиканың әдістер мен құралдарына тоқталған. Солардың бірі бір тілділік құралына, яғни ағылшын тілі сөзнің мағынасын ашуда қолданылатын құралдар қатарына мәтін, анықтама, көрнекілік, синоним, антоним, сөзжасам элементтері жатады. Бұл оқушыға ойлануға мүмкіндік береді.

Аударма әдісіне туған тілге аудару, түсінікті туған тілде талқылау жатады. Ағылшын тілін үйренуде сөздердің мағынасын меңгеруде, сөзжасамда, сөздердің көп мағыналылығында туған тіл үлкен рөл алады.

Келесі бір әдіс түрі ол - мәтін. Бұл кезде сөздің мағынасын ашу оңай болып келеді. өйткені ол сөйлемде басқа сөздермен байланысып, фразалық түрде келгендіктен оның мағынасын дәл таба аламыз. Бұл әдістің бір кемшін тұсы болып бұл әдісті қолдануда тілді белгілі бір деңгейде меңгеруіміз керектігі. Сонымен қатар сөздің мағынасын анықтама беру арқылы да аша аламыз. Бұл әдіс сздің табиғатын ашуға көмек болып келеді. Бірақ бұл әдіс сабақта қолдануда көп уақыт алады.

Келесі әдіс - синонимдар мен антонимдер. Методикада бұл әдіс туралы көптеген пікірлер айтылды. Басым көпшілігі бұл әдісті қолдануға тиым салды. Олардың ойынша көп уақыт алады және бұл сөздің мағынасын нақты ашуда тиімсіз.

Тіл - өзіндік формасы бар құрал. Орта мектепте шетел тілін оқутуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі - көрнекілік. Келесі семантикалық әдіс - көрнекілік. Бұл әдісте түрлі картиналарды, заттың суреттерін т.б көрнекі құралдарды қолдану міндет етіледі. Жоғары сыныптарда көбіне сөздердің мағынасын ашуда тыңдау көрнекілігі көп қолданылады. Тілдік көрнекілік үнемі оқушының сөйлеу әрекетін дамыту керек. Мысалы: «stand up» ,«open your book» т.б. Негізігі құралдар боп магнитофон, радиоқұрылғы, теледидар есептеледі.

Мұғалім жаңа сөзді түсіндіру үшін ең әуелі оны көрсетуі керек. Мұғалім іс-әрекетті көрсетуі, ағылшын тілінде заттың атын атауы, оның дыбысталуын, сөзді, сөз тіркестерін айтуы мүмкін. Сонымен қатар сөзді түрлі суреттер, сызбалар арқылы айтып, мағынасын түсіндіруі мүмкін. Тағы бір көрнекілік құрал түрі ол техникалық құрал. Ақпараттың негізгі көзі боп, оқулықтар табылады. Оқушылар өздері оқулықтан жаңа тақырыппен танысады. Мұғалім бұл уақытта тек ұйымдастырушы боп қалып, оларды тексереді. Қосымша тапсырмалар беріп оқушылардың түсінігін тексереді. Қазіргі күнге дейін біртілді семантизация әдісіне басымдық беріліп келді. Шет тілііне оқыту методикасы біртіліділік пен аударма әдістерінің қатынасына басымдық берді. Көптеген авторлардың ойлары бойынша оқушы тілдік құбылысты туған тілге аудару арқылы түсіну қажет деген ойда. Е.И.Пассова мен В.С.Коростелевка еңбектерінде лексикалық бірлікті меңгеруде туған тілдегі сөз мағына тасушы ретінде қолданылатындығын айтады. Бұл әдісті авторлар «функциональдық» деп атайды.

Жаңа лексика мұғалім тілінде айтылады, (картина бойынша, карта және әңгіме, көлемі үлкен емес мәтіндерді оқу арқылы), немесе мәтін көмегімен, оқушы көруден сөзді айту мен меңгеруге көшкенде. Бірінші жағдайда мәтінді тыңдауда жаңа сөзді айтудан бастаймыз. Бұл жағдайда мұғалім оқушы назарын мәтіндегі жаңа сөздерге аударады. Сонымен қатар оқу барысында жаңа сөздерді тақтаға жазу арқылы, плакатка, карточкага жазу арқылы көрсетеміз.

Қолданыста белсенді және белсенді емес сөздер оқытылады. Қолданыста белсенді сөздер - бұл үнемі ауыз екі сөйлеу әрекетінде қолданылатын сөздер. Қолданыста белсенді сөздер белсенді емес сөздерден аз. Лексикалық бірлікті айту автоматты түрге жетуі керек.

Қолданыста белсенді сөздермен жұмыс.

Г.В.Рогова барлық лексикалық жаттығуларды 2 категорияға бөледі. Олар: 1) сөздерді есте сақтау

2)сөздердің сәйкестігінің құрылуы.


Работа по овладению активным минимумом.

Тренировка учащихся в усвоении слов реализуется при помощи упражнений, упрочивающих семантику новых слов и словосочетаний, образованных на основе смысловой совместимости. Рогова Г.В. делит все лексические упражнения на две категории, направленные на: 1) запоминание слова, его семантики в единстве с произносительной и грамматической формами; 2) формирование сочетаний слов смыслового характера. Приведем набор упражнений первой категории:

- Назвать изображенные на картинке предметы.

- Выбрать из ряда слов слово, (не) соответствующее данной ситуации.

- Образовать с выделенным словом другие предложения по образцу.

- Дополнить предложение (или заполнить пропуски в предложении) подходящими словами; слова даны под чертой или приводятся по памяти.

- Употребить в данном предложении синоним к выделенному слову.

- Придать предложению противоположный смысл, употребив вместо выделенного слова антоним.

- Поставить вопрос к высказыванию, выяснив … (в вопросе предполагается употребление нового слова).

К этим упражнениям примыкают разнообразные «игры в слова»: игры с элементами кроссворда типа: кто назовет больше слов на тему …; учитель дает дефиницию, учащиеся должны назвать слово; на доске чертятся клеточки, число которых соответствует количеству букв в слове, и заносится первая буква, затем дается дефиниция.

Для лучшего запоминания слов можно пользоваться рифмовками, песнями, содержащими новые слова. Следует также мобилизовать специальные приемы запоминания слов: проговаривание с различной громкостью, ритмическое проговаривание на знакомый мотив. Такие приемы успешно используются преподавателями интенсивных методов.

Вторую категорию тренировочных лексических упражнений составляют упражнения в построении сочетаний. Для развития речи построение сочетаний - важнейший промежуточный шаг, поскольку «в языке нет одиноких слов» (Н.И. Жинкин). Сочетания выстраиваются по законам смысловой совместимости в тесном взаимодействии с грамматическими нормами. Приведем конкретные виды упражнений в построении сочетаний:

- Соотнесите слова в колонках, чтобы получились правильные сочетания (глагольного или атрибутивного характера).

- Подберите из «разбросанных» слов сочетания.

- Составьте распространенные предложения за счет определений к выделенным существительным, дополнений к глаголам-сказуемым (из данных под чертой, по памяти).

- Постройте сочетания, означающие принадлежность данных предметов членам вашей семье, вашим друзьям.

Далее для дальнейшего усвоения значения слов и словосочетаний присоединяются грамматические тренировочные упражнения, в которых грамматическое и лексическое начало совмещены.

Затем следуют упражнения в применении новых лексических единиц и их сочетаний в речи. Основным видом упражнений являются разнообразные группировки слов, нацеленные на будущие высказывания. Учащиеся могут пользоваться готовыми группировками или самостоятельно группировать слова и словосочетания по ситуации (теме), к изображению на картинке, к (диа)фильму, а также соотносить слова и словосочетания с пунктами плана (по памяти или из имеющихся тематических словарей). Самостоятельная группировка слов - это фактически работа над опорами для будущего высказывания, во время которой учащиеся учатся управлять семантикой своего высказывания. Эта работа связана с подготовленной формой речи.

После этого учащимся предлагаются упражнения в неподготовленной речи, без внешних опор. Для этого создаются ситуации, мотивирующие высказывания. Круг замыкается: учащиеся создают свой текст, направленный на решение коммуникативных задач на основе усвоенного словаря. Здесь работа над словарем смыкается с развитием устной речи.

Работа по овладению пассивным словарем.

В связи с чтением на старшем этапе несложных оригинальных текстов разных функциональных стилей - научно-популярного, общественно-политического и художественного - учащиеся должны овладеть пассивным словарем, т.е. у них должны развиться рецептивные лексические навыки - опознавать слово по некоторым опорам в его графике и на основе синтаксической формы и синхронно соотносить со значением. Все упражнения тренировочного характера должны быть адекватны чтению как процессу и способствовать развитию какого-либо механизма чтения. Чтобы возникли словесные стереотипы и прочно запечатлелся слухо-звуко-моторный образ слова, облегчающий автоматическое узнавание его при чтении, эти упражнения выполняются вслух. Приведем конкретные виды упражнений в формировании рецептивных лексических навыков:

- Громкое чтение и последующий перевод нового слова в различных синтагмах и предложениях. При выполнении этого упражнения происходит обогащение значения данного слова. Например: full - a full bottle, a full bus, a full moon, the pail full of water, the hall full of students. We have been waiting for him a full hour.

- Заполнение пробелов в тексте при чтении. Это упражнение направлено на развитие способности прогнозирования.

- Заполнить пропуски словами, разными по значению, образ которых учащиеся путают, например: lie - lay, sent - scent. Это упражнение тренирует внимание учащихся.

Все упражнения в узнавании новых слов создают предпосылки для решения смысловых задач при чтении. Они построены на отобранном для чтения пассивном словарном минимуме, тщательная отработка которого столь же обязательна, как и отработка активного словарного минимума.


© 2010-2022