Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушылар арасындағы топтық жұмыс

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Алдабергенова Лазат Тұраровна Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушылар арасындағы топтық жұмыс

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы

№40 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

санаты жоғары.

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушылар арасындағы топтық жұмыс .

1. Топтағы өзара қарым-қатынастың ерекшелігі

Оқу үдерісінде оқушыларға өздері ойлап ізденетіндей жағдай туғызып, күнделікті сабақта оқушы қабілетін дамытатындай, қалыптан тыс ойландыратын әдіс- әсілдерді қолдануда жұмыс істеудің ең тиімді жолы - топтық жұмыс. Оқушы бойындағы мүмкіндікті, жақсы қасиеттерді ашудың бірден-бір тиімді жолы: кезекпен сойлеу; бірін-бірі мұқият тыңдау; пікірталаста өзгенің көз-қарасын түсіну үшін сұрақтың бар немесе жоқтығын сұрау; өз ойын қоса отырып, қосылатын пікірдің бар немесе жоқтығын сұрау;келіспеген жағдайда бөгде ойды мұқият тыңдау әр пікірге құлақ асу;айтылған пікірді ұжымдап талқылау; көмектесу және көмек көрсете білу; түсіндіруді сұрау; пікірталастың, әңгіменің қортындысын жасау; топпен ортақ бір пікірге келу; уақытты үнемді пайдалана білу;рөлдерді белгілеу (басшы, хатшы, репортер, бақылаушы және т.б) жұмысты орнауда келісімге келу.

Тапсырманың нақты түрі мен орындалу тәртібін білу-сапалы жұмыстың кепілі. Сол себепті, жұмыс басталмай тұрып оқушыларға олардың нені жасау керектігі жөнінде айтылып өтілуі керек.

Жұмыс барысында топтың әрбір мүшесі: өз ойын еркін жеткізуі;-ортақ іске өз үлесін қосуы;-топпен бірге бір шешімге келуі;өзгенің ойымен санасуы;мәселені талқылауда көшбасшылыққа ұмтылмауы;жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы тиіс ;

Тәжірибелік бөлім.

Мен өз тәжірбиелік жұмысымды №40 жалпы білім беретін орта мектепте 1б сыныбында «My family» атты сабағында өткіздім.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың «Отбасы» тақырыбында білімдерін пысықтау, сөздерді лексикалық және грамматикалық тұрғыдан қолдану, aғылшын тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеу дағдыларын сонымен қоса оқушылардың топпен, ұжыммен жұмыс атқару іскерлігін дамыту.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды жұппен жұмыс жасауға және ұйымшыл болуға үйрету.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І. Сәлемдесу.

Good morning ,children! I'm glad to see you .How are you, children? Sit down, please.

II. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім мен оқушы арасындағы әңгімелесу

Children ,what's the date today?, What day of the week is today?

III.Жаңа сабақ.

Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз " My family". Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасыңда өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата -әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Ал, балалар бүгін сендер 4 топқа бөлінесіңдер. Бестіктен құралған топ адамдары бір-бірімен жұмыс жасайтын болады.

1.Оқушылар«Отбасы» тақырыбында өздері білетін тақпақтарды орындайды.

Мысалы: Good night, Father!

Good night, Mother!

Kiss you little son.

Good night, sister!

Good night, brother!

Good night, everyone.

Mother! father! sister! brother!

Hand in hand with one another.

2.Сұрақ-жауап

1.T:So,Have you got a family? (Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді) Is your family big or small? What is your father's name?Have you got grandparents?

3.Диалогпен жұмыс.

- Have you got a family?

- Yes, I have got a family.

- (Жұмыс барысында бірнеше жұпты жүріп тексеріп, содан соң 2-3 жұпты тақтаға шығарып , барлығын тыңдау қажет)

2. Now tell you friend about your family. Work in pairs.

3. I know you have got many friends. Have you got a friend, Samal? And you?

Then, let's speak about your friend's family. Work in groups.

You meet a friend. He/she tells you about his/her family. Then you tell your teacher about your friend's family.

VI. Оқушыларға топпен ойындар ойнату.

1. Where is.....?

(Practising prepositions)

The group goes out of the room for 1 minute, except one children who should hide an object anywhere in the classroom. He(she) may hide it even in his pocket. Then the group returns. They can ask 20 questions ( "YES" or "NO" questions). If they fail to guess the place they will go out again.

Types of question:Is it ON the table?Is it IN the corner of the room? Words to be practised :under,behind,in front of,above,below.etc

2.Ойлан, тап!

Оқушылар қағазда жазылған сөздерді дұрыс тауып, әріптерді өз орнына қою қажет. erthMo/ herFat/rehotB/ Sisert/ouesH/liFmay/Mage/oodG

Бұл ойынның негізгі мақсаты: Сынып оқушыларын бір ортаға жинап, оқушылар арасындағы қарым- қатынасты ізгілендірудің бірден -бір жолы - әңгімелесу мен өзара сөйлесуге, талқылауға жағдай туғызу болып табылады.

Ойын барысында балалар бір- бірімен тығыз байланыста болып, негізгі мақсатыма жеттім.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде,оқушылардың ішінде жаңа ма-териалды өздігінен меңгере алатын,бірбіріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе алатыноқушылар қалыптасты. Оқушылардың пәнге деген қызығу-

шылықтары,белсенділіктері, жауапкершіліктері артты,қосымша материалдар-мен жұмыс істеуді үйренді.1-сыныпта ағылшын пәнінен өткізілген сабақтың нәтижесі жақсы болды.

ҮIІ. Сабақты қорытындылау. We have finished our lesson. you all were very active today.Thank you for your hard work.

Your marks for today's lesson are………

The lesson is over. Good bye.

Қортындылай келе,топтық жұмыстың негізгі нәтижесі оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасын арттыру, бір-біріне барынша жігерімен көмектестесуге,үйретуге, ұйымдастырушылық қабілеттерінің артуына, өз еңбегін және сыныптасының еңбегін бағалай білуге, өздерін еркін сезінуге, өз ойларын жеткізе білуге, өзін қоршаған ортада еркін сезіне білуге үйрету.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Богданова О.С., Петрова В.И., //Бастауыш жастардағы тәрбие жұмысының методикасы, Алматы, 1980.

2. Бабанский Ю.К. Педагогика. -М., 1998.

3. Қоянбаев Ж.Б.. Педагогика. -А., 1992.

4. Иманбекова Б. Оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп.Алматы,2006.
5.Абдрахманов А. Қазақстанның этнопедагогикасы,Ғылым, 1979. Әбілова 6.Этнопедагогика.Алматы,1997.
7. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика.

8. Журнал //Бастауыш мектеп. 2005. №11



© 2010-2022