Қазақ тілі сабағынан «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстарту

  Тіл ұстарту оқушы тілін дамытудың, сауатты жазудың негізі болып табылады.Тіл ұстарту - байланыстырып сөйлеуге, жазбаша сөйлеп, мәтін құрастыруға дағдыландыратын тіл дамытудың ең бір күрделі саласы. Мектепте тіл ұстарту үйретіліп отырған тілдік  материалдарға байланысты және арнаулы сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізу арқылы жүргізіледі. Қазақ тілі сабақтарында мектеп мұғалімдері, көбінесе, теориялық ұғым мен білім беруге назар аударады. Нәтижеде оқушылардың басым көпшілігі теория мен практи...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ тақырыбы: «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстарту

Мақсаты: Оқушыларды еркін ойлауға және терминдер арқылы тақырыпты

ашық талқылауға бағыттау, ойлау сауаттылығын жазу арқылы

үйрету.

Сабақтың барысы:

Бүгін біз жұмысқа кіріспес бұрын мына суреттерге назар аударыңдар.

Қазақ тілі сабағынан «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстартуҚазақ тілі сабағынан «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстартуҚазақ тілі сабағынан «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстарту


  • Бейнеленген суреттер арқылы қандай термин сөздер айтуға болады?

- «Дос» сөзінің лексикалық мағынасын қалай түсіндірер едіңіздер?

- «Дос» сөзінің синонимдік қатарын топтастырыңдар.(Дос, жолдас,дос-жаран, дос жора, жора-жолдас, арасынан қыл өтпейді, егіз қозыдай, бір нанды қақ бөліп жеген, сырлас,қимас, дәм-тұзы араласқан)

  • Бұл суреттерді көргенде қандай оқиға болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

  • Кәне, суреттерге сүйене отырып, болжау жасап көріңдер. (жұптық жұмыс)

Болжау кестесі таратылды.

Болжау кестесі:


Сіз не болады

деп ойлайсыз?

Оған қандай

дәлелеңіз бар?

Не болды?


Мәтін оқылады:

  • Оқиға сіз ойлағандай болды ма?

  • Екінші кезекте мәтіннің екінші бөлімінде не болады деп ойлайсыз?

(2,3,4 бөлім)


Екі дос

1- бөлім. Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.

2- бөлім. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді.

3- бөлім. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

  • Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

  • Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

4- бөлім.

  • Ол не? - дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

  • Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. - Екі көзіңді ойып аламын.

  • Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип

күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста қиынға соғады», - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. («Ел аузынан», 215 сөз)

Сөздік жұмыс: тұтқиылдан, зағип, қапыда

- Қалай ойлайсыңдар, екі достың біреуі ерлік жасады ма?

Екі түрлі түсіндірме күнделік

Қазақ тілі сабағынан «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстарту

Эссе « Шын дос болу - бақыт»

Автор орындығы

Сабақты қорытындылау.

«Кабуснамадан» дос туралы өсиет оқып, оны естелік ретінде таратып беру.

Қазақ тілі сабағынан «Екі дос» мәтіні бойынша тіл ұстарту

© 2010-2022