Септіктер тақырыбына Тест тапсырмалары

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып.

Септіктер.


Тестік тапсырма (І деңгей).

1. ілік септігінің сұрақтарын көрсет.

а) кімнің? ненің? в) кімге? неге? с) кімді? нені? д) кім? не?

2. Ілік септігінің жалғауларын белгіле.

а) - ға, ге в) - ны, ні с) - ды, ді д) ның, нің, дың, дің.

3. Барыс септігінің сұрақтары.

а) кім? Не? в) кімді? Нені? с) кімге? Неге? д) кімде? Неде?

4. Барыс септігіндегі сөзді белгіле.

а) қалада, далада в) қалаға, далаға с) қаланы, даланы д) қала, дала

5. Табыс септігінің жалғауын белгіле.

а) - ны, ты, ті в) - мен, бен, пен с) - ға, қа, ке д) - нан, нен, тан.

6. Табыс септігінің сұрақтары.

а) кіммен? Немен? в) кімді? Нені? с) кімнен? Неден? д) кімде? Неде?

7. Жатыс септігінің жалғауларын белгіле.

а) - ға, ге в) - нан, дан с) - да, та, те д) - мен, бен, пен.

8. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле.

а) үстелде, жерде в) қалаға, ағама с) ер, адам д) менен, сенде.

9. Шығыс септігінің сұрақтары.

а) кімде? Неде? в) кіммен? Немен? с) кімнен? Неден? д) кімді? Нені?

10. Көмектес септігінің жалғаулары.

а) - мен, бен, пен в) - ға, ге, қа, ке с) - нен, нан, дан, тан д) - ның, нің, дың, дің.

---------------------------------------------------------------------------------







Тестік тапсырма (ІІ деңгей).

1. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 5 в) 7 с) 6 д) 4

2. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы?

а) атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) табыс септік.

3. Балаларыма - сөзі қай септікте тұр?

а) табыс септік в) барыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік.

4. Жатыс септіктің жалғаулары.

а) - ны, ні в) - ға, ге с) - ды, ді д) - да, де.

5. Барыс септікте тұрған сөзді белгіле.

а) балалармен в) балаларына с) балаларын д) балалардың.

6. мектептен - сөзі қай септікте тұр?

а) жатыс септік в) шығыс септік с) көмектес септік д) табыс септік.

7. үстел.... - дұрыс жалғауын қой.

а) - тың в) - нің с) - тің д) - дің.

8. Асан дүкен..... барады. Тиісті септік жалғауын қой.

а) - да в)- ге с) - нда д) - ға.

9. Қай септіктің жалғаулары жоқ?

а) Атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) жатыс септік.

10. « Н» қай септіктің жалғауы?

а) Атау септік в) барыс септік с) табыс септік д) жатыс септік.







Тестік тапсырма (ІІІ деңгей).

1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?

а) Атау септік в) ілік септік с) жатыс септік д) көмектес септік.

2. Тәуелді септелген сөзді көрсет.

а) әкеде в) әкені с) әкеме д) әкеден.

3. « Жақсы... үйрен, жаман... жирен» тиісті жалғауын белгіле.

а) - тан, мен в) - дан,- нан с) - ның, мен д) - дан, ды.

4. Бағытты білдіретін септік.

а) табыс септік в) барыс септік с) жатыс септік д) атау септік.

5. Табыс септігіндегі сөзді тап.

а) келді в) балалы с) дәптерді д) кетті.

6. Септік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле.

а) жақсыны в) жазғандарды с) келуді д) баланы.

7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігіндегі сөзді тап.

а) алманы в) алманың с) алмамен д) алмамды.

8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгіле.

а) - ға, ге, қа, ке в) - ның, нің, тың, тің с) - ны, ні, ды, ті д) - мен, бен, пен.

9. Көмектес септігінде тұрған сөзді көрсет.

а) аулға бару в) ананы тыңдау с) есіктің тұтқасы д) мұғаліммен сөйлесу.

10. - ға, ге, қа, ке, а, е - қай септіктің жалғаулары?

а) барыс септік в) табыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік.


© 2010-2022