Әдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтепова Салиха Қамбарқызы

Астана қаласындағы

№ 8 орта мектебінің

мұғалімі

Тіл ұстарту

( 6 - сынып )

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың өткен сабақтар бойынша білетіндерін жинақтау,

алған білімдерін жүйелеу;

Дамытушылық:оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын

арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін байыту, бірігіп жұмыс істеуге, ынтымақ, бірлікте болуға, бірін - бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: білімін жүйелеу сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, іздендіру, шығармашылық, көрнекілік

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, қоржын, асықтар, жалаушалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу

2. Сынып оқушыларын топқа бөлу

3.Сабақ мақсатымен таныстыру

Оқушыларды топқа бөлген соң, әр топқа ат қойып, шарттармен таныстырамын.

І топ «Атамекен» тобы

ІІ топ «Атамұра» тобы

ІІІ топ «Мұрагер» тобы

Сабақ барысында шарттарды дұрыс орындаған топқа асық беріліп отырылады.

І шарт. Шығармашылық жұмыс

Әр топтан екі оқушыдан шығады.

Бірінші оқушы сабақ барысында «Әдебиет - маржан сөздер тізбегі» атты ойтолғау жазса, екінші оқушы «Әдебиет менің қиялымда» тақырыбында сурет салады.

(Қалған оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындай бастайды).

ІІ шарт. Тест сұрақтары

Ескерту: Егер оқушы тест жауабын дұрыс таба білсе, нәтижесінде белгілі мағына-

ға ие сөз пайда болады.

1.Батырлар жырын көрсет

А) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»

Ә) «Алпамыс батыр»

Б) «Күлтегін» жыры

2.Қобыланды батырдың сүйген жары

Г) Гүлбаршын

Ғ) Қарлыға

Д) Құртқа

3. Ойды сезімді ,әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен - өзі айқын нәрсені әсерлі

леппен сұрау түрінде айту .

Е) Риторикалық сұрау

Ж) Негізгі сұрау

З) Жетекші сұрау

4.Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

( Қай өлеңнен үзінді?)

А) «Ғылым таппай мақтанба»

Ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Б) «Әсемпаз болма әрнеге».

5. «Үш бәйтерек » атанған қазақтың көрнекті ақын - жазушылары

Ж) Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев

З) А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатов

И) С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров

6.Атом бомбасының қасіреті туралы жазған қазақ жазушысы

Е) Ғ. Мүсірепов

Ж) М. Әуезов

З) С. Мұқанов

7. Не сыйлайды, несін берсін ел маған,

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар - менің таусылмайтын байлығым,

Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.

( Қандай көркемдеуіш тәсіл ?)

Р) Теңеу

С) Эпитет

Т) Метафора

Жауабы

1

2

3

4

5

6

7

Ә

Д

Е

Б

И

Е

Т

ІІІ шарт. Топтастыру стратегиясы

А. Құнанбаев,Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев,

Б. Момышұлы, М. Мақатаевтардың өмірі мен шығармашылығына байланысты

мәлімет жазып шығу.

Ақын - жазушылардың суреттері интерактивті тақтада нөмірмен көрсетіледі.

Әр топ өздері таңдаған нөмірдегі ақын - жазушылар туралы кемінде 7 мәлімет

жӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпазып шығуы шарт.

Үлгі: Ақын

Әдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

1Әдебиет Тіл ұстарту 6 сынып873- 1938ж.ж.

Әдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпАудармашы

Әдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

ирол

Әдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпӘдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

Әдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпӘдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

Мысалшы Қоғам қайраткері

Ағартушы Ғалым

ІV шарт. «Жалғастыр» ойыны

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дегендей, мақал - сөз шеберлігін ,

шешендікті талап ететін сөз өнері. Ата - бабаларымыз мақалды орынды жер-

де пайдалана біліп, қажеті болса дұшпанын да бір ауыз сөзбен тоқтата білген.

Ал бүгінгі ұрпақ аталар мұрасын қалай білетінін көрейік.

Мұғалім мақалдың бірінші жолын айтады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып,

мақалдың екінші жолын айту қажет. Қай топтың оқушысы мақалдың сыңарын

көп және дұрыс айтса, сол топтың оқушысы жеңімпаз аттанады.

Мысалы:

Өз басыңды дауға берсең де,

( Жолдасыңды жауға берме.)

Ақылды адам елге қарайды,

(Ақылсыз адамға өрге қарайды.)

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

(Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.)

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

( Еменнің иілгені - сынғаны)

Ұрысқақ болса, ұлың жау,

( Керіскек болса, келін жау.)

Батыр болсаң, жауды қайтар,

(Шешен болсаң, дауды қайтар.) т.б.

V шарт. «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Бұл сайысқа да әр

топтан 1 оқушыдан шығып, өлең шумақтарын кезек - кезек жатқа айтады.

Жеңіске жету үшін, оқушы кідірмей, жаңылмай, бірі айтқан өлең шумағын

еӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпкіншісі қайталамау қажет.

VӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпI шарт. Венн диаграммасы

Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятындағы Қожа мен

Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасындағы Тұрар бейнесін салыстыру.

Қожа

Ұқсас

Тұрар

1. Әкесі майданда қайтыс

болған.

2. Көп адамдармен келісе

алмайды.

3. Анасын, ұстаздарын

көп ренжітеді.

4. Өзіне қойылған есімді

ұнатпайды.

1. Жастары шамалас

(11 -13 жас аралығында)

2. Алғыр

3. Білімге ынталы

4. Әділдікті ұнатады

5. Алдына қойған

мақсатын орындайды

1. Әкесін жазалап, жер

аудартып жібереді .

2. Жастайынан қиыншы-

лықты көп көрген .

3. Сезімтал, сыр сақтауды

біледі.

4. Әкесінің аты өшпеуін

қалайды.

VII шарт. Өлеңге теориялық талдау жасау

1 -топ . С. Торайғыров «Мен - қазақ» өлеңі

2- топ . М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі

3 - топ . Ә. Сәрсенбаев «Туған жер» өлеңі

Топ оқушылары өлеңнің буын, бунақ, ұйқас түрлері мен өлеңнің поэтикалық

көркемдік ерекшеліктерін : эпитет, теңеу, метафораны табу қажет.

Шарттар орындалып болған соң, сабақ басында берілген шығармашылық тап-

сырмаларды орындаған оқушылар өз жұмыстарын оқып, баяндап береді.

Сабақ қорытындылау: Балалар, әдебиет пәні - ата - бабаларымыздың ғасыр-

дан ғасырға ұласып келе жатқан мұрасының көрінісі. Осы пән арқылы біз баба-

лар мұрасын оқып үйренеміз. Оқып қана қоймай , бұл асыл қазынаны келешек

ұрпаққа жеткізу - міндетіміз. Өз төл әдебиетін жетік білген ұрпақ қана оның өсуіне, көркеюіне үлес қоса алады. Бүгін сендер өз білімдерің мен шеберлік-

терің арқылы еліміздің болашағын шыңдайтын ұрпақ екендеріңді көрсете

білдіңдер.

Оқушыларды бағалау:

Топ басшысының оқушыларды бағалауы

( Топ басшылары алдын ала берілген кестені толтырып, өз тобының оқушыла-

рын бағалап отырады)

Үлгі:

Оқушының аты, тегі

Шығармашылық жұмыс

Тест сұрақтары

Топтастыру стратегиясы

Мақал айту сайысы

Өлең - сөздің патшасы

салыстыру

Өлеңге теориялық талдау

1



2



3



4



5



6



7



Оқушыларды мұғалімнің бағалауы: жиналған асыққа қарап, қай топ қөп ұпай

жинаса, сол топ жеңімпаз саналады. Қалған топ жинаған ұпайына қарай бағаланады

Үйге тапсырма: «Әдебиет пәнінің маңызы» атты ойтолғау жазып келу.

Тексерілді:

әӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпӘдебиет Тіл ұстарту 6 сыныпдістеме бірлестігі төрайымы:

Бейсенбаева А. О.

ғылыми жұмыс бойынша меңгеруші:

Өскембаева Г. Ш.

Астана қаласы


Әдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

Әдебиет Тіл ұстарту 6 сынып

6 - сынып

Өткізген:

Өтепова С.Қ.


2010-2011 оқу жылы

© 2010-2022