Эссе. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру жолдары

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе. Тақырыбы:

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалай қалыптастырдым?

Жаңа мектеп, жаңа орта, бейтаныс оқушылар. Сабақты бастамас бұрын олармен танысуым, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруым қажет. Осы орайда мен өз тәжірибемде қолданған, нәтижесін берген әдістерді ұсынбақпын. 6-сыныпта «алақан» пішінін пайдаландым. А4 парақшасына өз алақандарының сызбасын жасауды тапсырдым және парақшаға өз есімдерін жазуды ескерттім. Парақшаны сынып ішінде айналдыра үздіксіз алмастырып отырдым және әр алмастырған сайын оқушылар бір-бірінің жақсы қасиетін алақанның ішіне, ал нашар қасиетін алақанның сыртына жазып отырды. Ең соңында алақан иесі өзі жайында сыныптастарының пікірімен танысып, оған келісетіні не келіспейтіні жөнінде өз пікірін жазады. Парақшаларды жинап алдым және сол арқылы қай оқушының қандай екенін, сыныпты зерттедім. 8-сынып оқушыларымен танысу, зерттеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «менің бейнем» әдісін пайдаландым. Әр оқушыға парақшадан өз бейнелерін қайшы пайдаланбастан ойып жасауды тапсырдым. Және дайын бейненің басына өз есімдерін, кеудесіне, қолына өз бойындағы жақсы қасиеттерін, ал аяғына өзінің нашар қасиеттін жазуды тапсырдым. Және «өзім туралы кластер» жасау әдісін де қолдандым. Әр оқушы парақшаның ортасына өз есімін жазады және өзі туралы өз бағалауын кластер түрінде жазады. Бұл екі әдіс арқылы оқушының өзін-өзі қалай бағалайтынын, өз-өзіне деген сенімділігі, батылдығы, ой-пікірі, көзқарасы, өмірлік ұстанымы жайлы толық білуге болады және соған орай оқушылармен бірлесе жүргізетін жұмысты жоспарлауға болады. Сыныптың ұйымшылдығын анықтау мақсатында жасатқан социограмма мен сынып мәдениеті туралы оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі де сыныппен ынтымақтаса жұмыс жасауыма көмегін тигізді. Әрбір сабағымды жоспарлағанда сыныптағы ахуалды реттеу, жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында міндетті түрде сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңберін», «Уақыт шеңберін» қолданамын және сол арқылы сабаққа психологиялық дайындық жасалады. Осы орайда «Мені таны» әдісін қалай қолдандым? Оқушылар шеңберлене тұрды және әрқайсысының қолына стикер таратып бердім. Немесе парақшалар таратып беруге болады. Әрқайсысы өз бойындағы 3 түрлі жақсы қасиетін жазып, парақшаларды бүктеп, бір қорапқа салды. Қораптың ішіндегісін араластырдым және бір-бір парақшадан алуды тапсырдым. Балалар өз қолдарындағы парақшада жазылғандарды дауыстап оқиды және бұл жақсы қасиеттер кімнің бойында бар екенін айтады. Бұл тренинг арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрметін, бір-бірін бағалауын және ең бастысы, баланың өзін-өзі құрметтеуі мен бағалауын анықтауға болады.

© 2010-2022