Мақала Үштілділік - көп тілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үштілділік - көп тілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралы

Амралина Қ.А.

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында.

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ.


Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көпмәденилік тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.

Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: "Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі -жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі", - деген болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады", - деп атап көрсеткен болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына "Тілдердің үш тұғырлылығы" мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Іс қағаздар жұмысы мемлекеттік тілге көшірілді. Іс қағаздарындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру үшін тиісінше шаралар жасалып, әкімшілік тарапынан ай сайын талданып, сарапталып отырылатын болды. Мектебімізде аудармашылар тарапынан сапалы аударма жасалып отырады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарда қабылданатын шешімдер мен қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқа да нормативтік актілер мемлекеттік тілде әзірленіп, мемлекеттік тілде қабылданады. Барлық деңгейдегі әкімшілік және мектепішілік оқу мәдени шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өзге ұлт өкілдерінің арасында "Қазақшаң қалай, балақай?", жоғары сынып оқушылары арасында (өзге ұлт балалары) "Мемлекеттік тіл - мерейім", сондай-ақ Абай оқулары, "Мемлекеттік тіл - менің тілім", "Қазақ тілінің үздік оқытушысы", "Үздік аудармашы", "Тіл - халық жанын танудың кілті" байқауларына мектебіміз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектебімізде "Тіл дарын -2015" олимпиадасы өткізілді. Байқауға үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген оқушылар қатысты. Олимпиада қорытындысын шығаруда қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы, жауаптың оралымдылығы мен сапасы, мазмұндылығы мен ерекшелігіне баса назар аударылды.

Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі - ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет.

5-жасар бүлдіршін Серикова Аяулымның «Үш тілдің патшалығы» атты жобаны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қорғау сәтінен үзінді.

Мақала Үштілділік - көп тілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралыМақала Үштілділік - көп тілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралы

Үш тілдің патшалығы

Жобаның актуалдығы: бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігі ескеріліп, ертегі бойынша баяндалып, үш елден келген қуыршақтарды сөйлету арқылы өлеңдер, әндер балаларды өздерінің таныс әлеміне - ойындар әлеміне үйіріп әкетеді. Жоба баланы әуелі сөйлеуге, одан кейін оқуға және жазуға үйретуді нысана еткен. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың табиғи-ғылыми ойларын болашақта әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі сабақтарында жеке бағытталған, деңгейлік диалогтік және жобалық оқыту технологиялары қолданылады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын іске асыру кезінде оқушылар ауызша да, жазбаша да грамматикалық құрылымдарды қолдана және айыра білуге дағдыланады. Коммуникативтік мақсаттарды іске асыру барысында оқушылардың қызығушылығын ескеруге, тілдік материалдарды дұрыс таңдауға, лексикалық сөздік қорын молайтуға, оқутанымдық әрекеттерді өз беттерімен орындауға, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға баса мән беріледі.

Мемлекет басшысы: "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады" деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, - деді.

«Көптілділік» термині (татар тілінде - күнтеллелек, ағылшын тілінде - multilingualism, mehrsprachigeit) орыс тілінен шыққан, қоғамда әртүрлі тілдердің таралуы, жеке тұлғалардың бірнеше тілдік құралдар арқылы сөйлесу мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Біздің республика көптілді болып табылады, өйткені мұнда жүзден астам халықтар және Ресейдегі 130 ұлттардың өкілдері өмір сүреді. Ал бүкіл әлемде 3 мыңға таяу тірі тілдер бар деп саналады.
Бұл жөнінде ғалым Н.Уәлиұлы: «...Ең алдымен, мемлекеттік тілдің үш тағаны (басқару, ақпарат, ғылым - білім саласындағы қызметі) түгелденуге тиіс. Үштұғырлы тіл формуласында ең бірінші осы мәселе шешімін табуы қажет және мемлекеттік тіл жоғары деңгейде болғаны абзал. Өйткені қазақ тілі мемлекет құрушы этностың тілі, мемлекеттің бірден-бір тірегі деп күллі Қазақстан жұртшылығы мойындағандықтан, Ата Заңымызда конституциялық мәртебе алды. Сондықтан оның тағдыры жөнінде жауапкершілікті, әлемдік қауымдастықтың алдында, ең алдымен мемлекет өз мойнына алуы тиіс», - деп атап көрсетеді. Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» .

Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып пәндерін оқытуда қазақ-ағылшын тілі және қазақ-орыс тілі екітілділік элементтерін біртіндеп енгізу жоспарлануда. Көптілді білімнің дамуына байланысты қазақ-орыс-ағылшын тілді ортаны кеңейту қажеттілігі туындайды.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: "...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ," - деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Бұл жағдайды қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз қажет.

Тіл саясаты саласындағы әлеуметтік зерттеу көрсеткіштері және Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шаралар, мәселен, іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде жүргізуге көшіру, мемлекеттік қызметшілерге және ересек халыққа арналған қазақ тілін үйрету курстарын ұйымдастыру, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар, жоғары оқу орындарындағы қазақша оқытатын топтар санын арттыру, қазақ тіліне инновациялық технологияларды енгізу және тағы басқа да маңызды шаралар - бұл саладағы жағдайдың жақсарып келе жатқанын көрсетіп отыр.

Елбасымыз "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" дегенде, мемлекеттік тілдің дамуы, көп жағдайда, өз қандастарымыздың ұлттық намысы мен жігеріне байланыстылығын атап өтсе керек. Мемлекеттік қызметте жүрген қазақ азаматтары немқұрайлылық танытпай, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуге белсенді атсалысуы тиіс. Алдағы уақытта, мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты талаптар күшейтілуі керек. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының "Ана тіліміз - бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден - бір арымыз да, нарымыз да" деген сөзі болашақ ұрпақтың тіліміздің құдірет-қуатын кемітпей, оның рухын биік ұстауға шақырады.

Осы арада айрықша тоқталатын мәселе, тілдің тағдырын тек заңмен, басқа да міндеттеу шараларымен, шешу мүмкін емес. Тілге қажеттілік тудыру керек.

Бүгінгі таңда тіл саясатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық және ғылыми-лингвистикалық базаны одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау жүйесін дамыту, терминологиялық базаны қалыптастыру, тарихи атауларды қалпына келтіру, т.б. салалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазақ тілі қанатын кең жаюға тиіс салалардың бірі - бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары қоғамға үштілділік саясатты дұрыс түсіндіру бағытында насихаттау жұмыстарын жүргізу керек.

Ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуде, қоғамдық татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерде ортақ шешімге келуде, жаңа инновациялық технологияларды, заманауи көзқарастар мен идеяларды енгізіп, кеңінен таратуда орыс тілінің рөлі айрықша екендігі баршаға мәлім.

Қорыта келгенде, "Тілдердің үш тұғырлылығы" бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл - қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады.

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы - замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту - заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді болу - уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі - адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі.

Қазіргі заманда әсіресе ағылшын тілін пайдалану қажеттілігі туып отыр: онсыз халықаралық қарым-қатынас, жаңа технологияларды меңгеру мүмкін емес. Ғылым мен техника салаларының бірқатарында ол біртіндеп кезінде орыс тіліне тиесілі болған кеңістікті алып келеді.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең - өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Хасенов Ә. Ті л білімі.- Алматы: Ер-дәулет, 2003.

  2. Нұртазин Т. Сөз құдіреті.- Астана: Ер-дәулет, 2007.

  3. Әлімбек Г. Қазақ тілі.- Астана: Ер-дәулет, 2007.

  4. Құрманбайқлы Ш. Терминтанушы құралы(Сөздік-оқулық) .- Астана: Ер-дәулет, 2007.

  5. Тіл туралы толғам.Құраст./ Д.Дүйсебай.- Астана:Ер дәулет, 2007.

  6. Қапасова Б.Қ. т.б. Қазақ тілін жедел оқыту.- Астана: «Арман-ПВ»,2009.


© 2010-2022