Шетел тілі сабағындағы ойындар

Раздел Иностранные языки
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Сырдария ауданы

№ 126 орта мектеп

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Дайрова Айжан





Шетел тілі сабағындағы ойындар

















































Кіріспе

Ойын, мектеп жасындағы балалар қызметінің жетекші формасы екені анық. Көптеген педагогтар оқыту процесінде ойынды тиімді пайдалануға аса назар аударған және бұл түсінікті де. Ойын барысында балалардың толық кейде күтпеген қабілеттері ашылады, анықталады.

Ойын ақыл-ой және эмоциялық күш қауырттылығын аса ұйымдастыруды қажет ететін іс-әрекет. Ойын әрдайым шешім қабылдауды болжайды қалай іс-әрекет етуді, не айтуды, қалай жеңуді. Осы сұрақтарды шешу ойыншының ойлау қабілетін жеделдетеді. Балалар үшін ойын тартымды және қызықты іс-әрекет. Ойын мұғалімдерді әсіресе шетел тілінен сабақ беретін мұғалімдерді қызықтырады. Ойын барысында барлық оқушылар тең. Ойынға әлсіз оқушылар да қатыса алады. Теңдік, қуаныш сезімі, тапсырманы орындай алу мүмкіндігі оқушылардың өзге тілді пайдалануда ұялу сезімін жеңіп шығуға және оқуда жақсы нәтижеге қол жетукізуге әсерін тигізеді. Сөйтіп, тілдік материал меңгеріледі және қанағаттану сезімі пайда болады.

Балалар ойынының мағынасы кең. Бұл рольдік немесе ережелері бұрынырақ қалыптасқан жарыс ойындары болуы мүмкін. Шетел тілі сабақтарында ойындардың мазмұны мен механизмін қарастырғанда, осындай типтес ойындардың сюжетін ережелер анықтайды.

Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу тақырыбы оқу процесінде спецификалық ойын болып табылады. ХІХ ғасырдың өзінде мектепке дейінгі балалардың тәрбиесі толғандырған интеллигенция тәрбиешілер мен ата-аналарға ойынның білімділік ролін кең ауқымда пайдалануға шақырған еді. Отандық педагогика балалар ойынын тәрбиеде және балалардың жан-жақты дамуындағы маңызды құралы ретінде қарастырды.

Негізгі бөлім

Төменгі сынып оқушылары үшін ойын ол оқу, еңбек және тәрбие түрі болып табылады. Төменгі сынып оқушыларына ойын өзінің қоршаған ортасын танып білу құралы. Ойнай отырып ол түсті, түрді, материалдың қасиетін, санды, өсімдіктер мен жануарлар жайлы оқып біледі.

А.С.Макаренко: «Ересек адам үшін жұмыс, қызмет қандай маңызды болса, балалар өмірінде ойын да осындай маңызға ие. Бала ойын барысында қандай болса, ересек болғанда жұмыста да сондай болады» деген.

Сонымен ойын бұл:

  • іс-әрекет

  • талап қоюшылықтың жоқтығы

  • жекелеген іс-әрекет

  • ұжымдағы оқу мен тәрбие

  • психикалық функциялар мен қабілеттердің дамуы

  • қызыға оқу

Шетел тілі сабақтарында ойындарды пайдалану мақсаты:

  • белгілі бір дағдыларды қалыптастыру

  • тіл қабілеттерін дамыту

  • сойлей алуға үйрету, еркін қарым-қатынасқа түсу

  • қажетті қабілеттер мен психикалық функциялардың дамуы

  • танып білу

  • тілдік материалды есте сақтау

Ойындардың түрлері

Ойындар келесі топтарға бөлінеді:

  1. Алфавиттік ойындар

  2. Лексикалық ойындар

  3. Орфографиялық ойындар

  4. Грамматикалық ойындар

  5. Фонетикалық ойындар

  6. Тілді жаттықтыруға арналған ойындар

  7. Шетел тілінде сөйлеуге үйрету ойындары

  8. Ролдік ойындар

  9. Интерактивті ойындар

  10. Психотехникалық ойындар

Алфавиттік ойындар

Оқуға үйрету ауызша жүзеге асады. Ағылшын тілін үйретудің бастапқы этапында қиылған әріптерді пайдалану алфавитті меңгертуге көмектеседі.

  1. Мұғалім оқушыларға әріп жазылған карточканы көрсетеді, әріпті атайды, оқушылар болса сол әріпті көрсетулері қажет.

  2. Мұғалім әріпті тек қана атайды, балалар жауап ретінде әріпі бар карточканы көрсетулері қажет

  3. Мұғалім сөз айтады, оқушалар әріптерден сол сөзді құрап, дауыстап оқиды.

  4. Мұғалім тақтаға сөздің бастапқы және соңғы әріптерін жазады, ал оқушылар қалып қойған әріптерді жазуы қажет.

«Типография»

Ойынға екі топ қатысады. Оқушылардың әрқайсысында әріптер болады. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Мұғалім бір сөз айтады. Оқушылар рет-ретімен тұрып сөзді құрастырады. Бірінші болған топ жеңіске жетеді.

«Кім жылдам?»

Ойынға қатысушылар дөңгелектеніп тұрады. Мұғалім ортада тұрып бір оқушыға доп лақтырып, алфавиттің бірінші әріпін айтады. Допты қағып алған оқушы алфавиттің екінші әріпін айтады. Содан соң мұғалім үшінші әріпті айтып, келесі оқушыға допты лақтырады. Ол төртінші әріпті айтады.

Лексикалық ойындар

«Сөз тізбегі»

Ойынға қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бірінші оқушы бір сөз айтады, екінші оқушы айтылған сөздің соңғы әріпінен басталатын сөз айтуы қажет.

«Сандар»

Ойынға екі топ қатысады. Тақтаға сандар араластырылып жазылады. Мұғалім бірінен соң бірі сандарды айтады. Топ мүшелері тақтадан санды тауып алып, сызуы қажет.

«Мақалды жина»

Алдын-ала бес-алты мақал жазылған карточкалар дайындалады. Бірінші карточкада мақалдың басы, екінщісіне соңы жазылады. Карточкалар оқушыларға таратылады. Оқушылар мақалдарды дұрыс құрау қажет.

Орфографиялық ойындар

  1. Сөзді тауып жаз

Tmrohe (mother)

Etrahf (father)

Snarept (parents)

Afimyl (family)

  1. Сөзді тап

w…..w (o, d, n, i) window

m…..r (r, o, i, r) mirror

k…..n (e, h, c, t, i) kitchen

t...ph..e (e, n, l, e, o) telephone

p….e (r, t, c, i, u) picture

  1. Бос орынды толтыр

About me

I have … eyes.

I have… ears.

I have … hands.

I have … legs.

I have … arms.

I have … tongue.

My leg … long.

My neck …

  1. Ағылшын нұсқасындағы атынды, достарыңның және туысқандарыңның атын тап. Бос орынды толтыр.

My name is …

My friend's name is …

My mom's m\name is …

My dad's name is …

Names in English: Alex, Anna, Daniel, Kate, Max, Nick, Rose.

Қорытынды

Ойынның тәрбиелік мәнін, оның бала дамуына жан-жақты әсерін бағаламау мүмкін емес.

Ойын кішкентай жастағы балаларға тән және оны дұрыстап пайдалана білсе ол таңғажайып нәрселер жасайды.

Жалқауды-еңбексүйгіш, дымбілместі-білгіш, ақсаусақты-шебер етуі мүмкін. Сиқырлы таяқша секілді ойын балалардың қарапайым, ішпыстырарлық, қызық емес нәрселерге деген көзқарасын өзгертеді. Ойын арқылы мұғалім ұялшақ, тұйық балалардың белсенді іс-әрекетке қосылуына көмектеседі.

Ойын балалардың өзара әрекеттесуінің қарапайым түрі. Ойын арқылы балаларға таңғажайып әлемдер есігі ашылады, тіпті балалар өздері ойындар ойлап табуына болады.

Сыныпта тыныштық пен тәртіпті сақтау үшін қаншама күш пен уақыт керке екенін барлық мұғалімдер біледі. Бұл қиын қызметті өз міндетіне ойын процесі алады. Ойын барысында балалар енді мұғалімнің еркіне бағынбайды, олар талқылайды, келіседі, қабылдайды кейде өздері ойын ережелерін жасауға қатысады.

Ойынға қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде мұғалім өзінің потенциалдық мүмкіндіктерін арттырады. Мұғалім - ұйымдастырушының ролі ол ойын арқылы балаларға қуаныш сыйлау және қажетті білім дағдыларын алуға көмектесу.

Дұрыс таңдалған және жақсы ұйымдастырылған ойын оқушының жан-жақты дамуына, өмірде және оқуда қажетті дағдылардың қалыптасуына, алған білімдерін жақсы меңгеруге, оқып жатқан пәнге деген қызығушылығын оятады.

Ойын балалардың ойлау, есте сақтау қабілетінің дамуына, шығармашылыққа, анализ жасауға, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйретеді.

Ойын - балалар үшін өздерін таныту құралы. Ойын барысында мұғалім оқушыларын, олардың мінез-құлқын, шығармашылық қабілеттерін жақсы танып біледі. Ойын оқушылар мен мұғалімдердің арасын жақындатады, тығыз байланыста болуға жағдай жасайды. Әрбір мұғалім сабақ барысында ойын элементтерін пайдалануы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. «Зачем детям ходить в школу?» Е.С.Гобова

  2. «От игры к знаниям» Е.М.Минскин

  3. «Методика обучения ин. языкам в средней школе» Г.В.Рогова

  4. Журнал «Иностранные языки в школе»

  5. Журнал «Первое сентября»



© 2010-2022