Открытый урок по казахскому языку на тему: Еліктеу сөздер

Разработка открытого урока по казахскому языку в 6 классе на государственном языке обучения по теме "Еліктеу сөздер"...урок разработан в соответствии с ГОСО РК.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по казахскому языку на тему: Еліктеу сөздерСЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ: №

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Еліктеуіш сөздер туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: Еліктеу сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету. Еліктеуіш сөздердің жасалу жолдарымен танысу.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету..

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың тәртіптілігін қдағалау.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақты меңгерту.

ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек - сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал - әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз, күрең, жирен, ала, шұбар.

Өтеді ауыздығын қарш - қарш шайна. (Жамбыл). Ырғалып қарға қарқ етті. Ірімшік жерге салп етті.(Абай).

Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңқ етпеді, топ ете түсті, қор ете қалды, гүрс ете түсті, саңқ етті. т.б.

Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді.

Мысалы: тарс-тұрс етті, дүңк-дүңк етті, ырс-ырс етюді, сарт-сұрт болды, шаң-шұң болды, арс-сарс етюді, қорс-қорс етеді және қарш-қарш шайнайды, гүрс-гүрс шығады, бырт-бырт шайнайды, шарт-шұрт сынды, пыр-пыр ұйықтайды.

299-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсетіңдер.

Ү Л Г І: саңқ - саңқ етіп, гүрс етіп, сатир - сұтыр сойыл, қарш - қарш шайнап.

330-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар.

Ү Л Г І: қаңқ етер, тық-тық басып, дүрс-дүрс соғып, қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес, тарс-тұрс ете қалған, гүрс етіп- дыбысқа еліктеу.

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы.

Үйге тапсырма: 301-жаттығу.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау.



© 2010-2022