Жазу тілін дамыту

"Описание материала: Бұл жұмыс қазақ тілін беретін мұғалімдерге арналып жасалған. Жазба тілін дамыту ауызша тілін дамытуға қарағанда қатаңырақ. Тіл дамытудың үш түрі берілген. Сөздік жұмысы, сөйлеммен жұмыс, байланыстыра сөйлеу. Оқушылардың тілін дамытуда мазмұнды,дәлдік, мәнерлік, анық сөйлеу түрлері анықталған. Жазба жұмыстарында салыстыру, ұғыммен жұмыс, ой қорытындысы этаптары сақталған жөн. Бұл жинақта шығарма мен мазмұндама жазуды үйретуі берілген. Тағы да байланыстыра сөйлеуге үйрету,...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп алғашқы күннен бастап балаларды оқу мен жазуға үйретеді. Оқу да, жазу да тілдің жүйесіне, оның фонетика, графика, лексика, грамматика, орфографиялық білімдеріне сүйенетін сөйлеу дағдылары. Жазбаша сөйлеу ауызшаға қарағанда қатаң. Өйткені жазғанда барлық қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады. Жазбаша жұмыстардың фразаларды құрастыруда, сөз таңдауда, грамматикалық формаларды пайдалануда көптеген ерекшеліктері бар. Жазбаша сөйлеуді меңгере отырып, балалар жанр ерекшеліктерін ұғынады. Мұны тіл дамыту методикасы қамтиды.

Сондықтан тіл дамыту жұмысын мектепте дұрыс жолға қою үшін әр мұғалім оқулықтармен методикалық құралдарды басшылыққа ала отырып, оның мазмұнын жете аңғарып, мұғалімдер өз жұмыс жоспарларын балалардың ерекшеліктерін ескере отырып жасайды.

Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1)сөздік жұмысы, 2)сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс, 3)байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір-бірімен байланыстыра қатар жүргізіледі.

Жазбаша тіл дамытуда көңіл аударатын негізгі мәселенің бірі жүйелілік, мқсаттылық екені мәлім. Әрбір жаңа жаттығу бұрынғы өтілгенмен байланысты бола отырып, сәл ғана болса да бір жаңалық қосуға тиіс. Тіл дамыту жаттығуларын мүмкіндігінше түрлендіре жүргізу, оқыту барысында жұмысты түрлендіріп берген жөн.

Тіл дамыту жұмысында мазмұнды сөйлеу шарт. Әңгіме баланың өзі анық білетін деректерден, бақылаған жағдайлардан ойлана құрастырылған болса, қызықты, тартымды, мазмұнды шығады. Мазмұн кітаптардан, суреттерден, арнайы жүргізілген бақылаулардан, өзінің ой толғаныстарынан, өзін қоршаған өмірден алынады. Мұғалім оқушыларға жинаған материалдарын дайындауға, реттеуге, белгілі бір тақырыпқа топтастыруға көмектеседі.

Оқушы ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндай алу керек. Бала өзі жақсы білетін материалды реттеп жобалап алуға тиіс. Қандай болмасын әңгіменің қорытындысы жасалуға тиіс. Бұл талаптар шығарманың мазмұны мен құрылысына қатысты. Жазба жұмысының тіліне қойылатын талаптар:

Дәлдік-тіл байлығын, түрлендірушілікті, әр жағдайда түрлі сөз таба алушылықты қажет етеді.

Мәнерлілік. Мәнерлі сөйлеу-ойды айқын, сендіре, тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білдіру шеберлігі. Мұнда да іріктеу, тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл күйді білдіре алушылық үлкен рөл атқарады.

Анық сөйлеу. Оқушылардың шығармаларында артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктер болмауы тиіс. Таза (кейбір сөздерді орысша қолдану), әдеби тіл нормасымен сөйлеуді, жергілікті жерлерде кездесетін сөздердің орын алмауын талап етеді.

Оқушылардың орындаған тіл дамыту жаттығуларын бағалауда көрсетілген талаптарды толық ескеру қажет. Олар: мазмұндылық, жүйелілік, тіл байлығы, анықтық, мәнерлілік, тазалығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі.

Сөйлеу түрлері. Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ диалогтық және монологтық болып бөлінеді. Оқушылар өз пікірлерін әуелі сөйлемді ойша құрастырып алады, кейде өзіне өзі сыбырлап айтады. Осыдан кейін ғана сыртқы сөйлеуге айналдырады.

Ішкі сөйлеу әсіресе жазбаша мазмұндама, шығарма жұмыстарына дайындық кезінде күшейеді: балалар не жөнінде жазу, қандай сөздер қолдану, сөйлемді қалай құрастыру керектігін ойланады. Мұндай ойша дайындық балалардың сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін жетілдіре түседі.

Белгілі ұстаз Т.Тәжібаев «Жазба сөз-ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айрықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы» дегенін дәлелдеген.

Жазып сөйлескенде логикалық байланыс күшті сақталуға тиіс. Логикалық байланыс арқылы оқушы жазушының ойын дәл түсінеді, пікірін толық аңғарады. Жазып сөйлескенде бір айтылғанды қайталауға, керексіз қыстырма сөз қолдануға болмайды. Сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, ауызша сөйлегендігінен толығырақ болуы тиіс.

Жазба жұмыстары (мазмұндама, шығарма жазу) бесінші сыныптан басталады. Балалар ойын екінші біреуге жүйелі түрде айтып беруге енді-енді дағдылана бастайды. Сондықтан 5-інші сынып оқушыларының тілін дамыту жұмысы үйрету сипатында болады.

Тілді меңгеру. Сөз байлығын арттыру және грамматикалық формаларды игеру ойдың дамуына алғы шарт жасайды. Ойлау жұмысы байқау, бақылау барысында, басқа да әрекеттер үстінде күрделене отырып, сөйлеуді байытады, күрделендіреді. Ойлау жұмысы сөйлеуге итермелейді. Тілдің дамуы ой дамуына қолайлы жағдай жасайды. Балалар кейбір сөздерді мағынасын білмей жаттап алады, тіпті қатесіз де жазады, бірақ сөздер олардың санасына мазмұнсыз қонған. Келесіде сол материалды әңгімелеуге келгенде бала сөз таба алмай қиналады.

Тіл дамытуда кітаптағы материалына талдау жасау, кейбір жағдайларда бақылау арқылы жинаған материалын кітап материалымен ұштастыра пайдалану балалардың ойын дамытады, тілін байытады. Тіл дамытуда мұғалім ақыл-ой жұмысының белгілі формаларына (анализ, синтез, индукция, дедукция, маңызды белгілерін табу, қорытындылау, ой міндеттерін шешу, себеп-салдар байланыстарын анықтау, салыстыру және қарама-қарсы қою) сүйенеді.

Заттың белгілерін немесе құбылысқа тән белгілерді табу байқағыштық қасиетке байланысты; бұл естің жұмысына да қатысты. Бақылау жүйелі және алуан түрлі материал бойынша жүргізіледі.

Заттар мен құбылысқа тән белгілерді таба білу грамматикамен байланыстырылады.

Белгілерді тапқызу үлгілері шамамен мынадай:

  1. Алма жөнінде не айтасыңдар? Формасы, түсі, дәмі. Шие, қызанақ, сәбіз жөнінде?

  2. Күннің, айдың, жұлдыздың белгілерін көрсет. Оларға ортақ белгі қандай?

  3. Биік, әдемі ..., ақ-қара..., ақымақ-ақылды..., тәтті-ащы....

  4. Көктем мен күздің; қарға мен сауысқанның; алма мен алмұрттың; ұшақ пен автобустың ортақ белгілерін айтыңдар.

Сонан кейін осы заттарды қандай белгілері арқылы ажырататынымыз айтқызылады.

Бір заттың бірнеше белгілері көрсетіледі. Ішінде ең бастысы қайсысы? -деп сұрақ қойылады.

Салыстыру. Мұнда заттар мен құбылыстардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Оқушылар заттарға тән белгілерді таба алатын дәрежеге жеткен кезде ғана салыстыруды жүргізүге болады. Салыстыру мақсатты болуға тиіс; мысалы, қасқырды итпен салыстырғанда сыртқы белгілеріне қарай ғана емес, мінезқұлықтарына, адамға тигізетін пайда - зиянына қарай да салыстыруға болады. Салыстырудың аяғында қорытынды жасауы керек. Бұл жұмыс әуелі екі затты немесе құбылысты салыстырудан басталып, кейін үш-төрт заттарды салыстыруға болады.

Мысалы: алма ағашы мен қарақат ағашы; тиін мен түлкіні; оқыған әңгімелеріндегі екі кейіпкерлерді; мінез-құлықтарын.

Ұғыммен жұмыс. Ұғымда заттар мен құбылыстардың жалпы және негізгі белгілері бейнеленеді.Ұғым жалпы және дара болып бөлінеді. Оқушылар дараны жалпыға айналдырып жаттығады.

Жұмыс түрлері: а)берілген суреттер, заттарды бір топқа жинақтайды.

ит, сиыр, қой, мысық, аю - аю. Бір топқа енген заттарға ортақ белгілерді тапқаннан кейін әрқайсының жеке белгілерін сипаттатып шығарма да жаздыруға болады.

б) Оқушыларға бір ұғым бойынша жалпыланған заттарды ұсынып, жеке ұғымдар анықталады. Мысалы, үй жануарларын атаңдар. Ол- ит, сиыр, қой, мысық. Қандай белгілері болады?

Ой қорытындысы. Байланыстыра сөйлеу логикалық жағынан алып қарағанда пікірден және ой қорытындыларынан құралады. Қорытынды шығару үшін пікірлерді белгілі бір тәртіпке салып, бір-бірімен байланыстыру қажет.

Жұмыс түрлері: а)оқыған әңгімелеріне жоспар жасау. Жоспар жасау әңгіменің бөліктеріне ат қоюдан басталады.

б)Оқушыларды оқиғаның уақытына қарай жүйелей, тәртіптей білуге дағдыландыру. Мысалы, бір сюжеттік бірнеше суреттер беріледі. Оларды тәртіппен, әр суретке ат қойғызу керек; онан әрі осы суреттердің барлығына жалпы ат қойғызып, әңгіме құрастыртады.

Суретті бір жүйемен реттеу әңгіменің жоспарын сурет арқылы жасау болып табылады.

Шығарма мен мазмұндама жазуды үйрету.

Оқушыларды мазмұндама мен шығармаға үйрету жүйесін жасауда мәтіннің құрылысы, баяндалатын деректің ауыр-жеңілдігі, ұсынылатын тақырыптың оқушылардың жасына лайықтылығы ескеріледі, әсіресе дайындық жұмысына баса көңіл аударған жөн.

Төменде ұсынылған жүйе жұмыс жүргізгенде мына жағдайлар ескерілу керек: Мазмұндаманың кейбір түрлері сыныптарда қайталанып келеді. Мұнда балалардың алдыңғы сыныпта алған дағдысын бекіту үшін жұмыс бірте-бірте күрделеніп жүргізіледі. Сондықтан бір түрлі жұмыс арқылы әр сыныпта көзделетін мақсат та түрлі болып келеді. Мысалы, дайын мәтін бойынша жүргізілетін мазмұндама 5-ші сыныпта балаларды мәтін түсінгендерін жазуға үйрету мақсатын көздесе, 6-ншы сыныпта мазмұндаманың бұл түрі арқылы балалар жоспар жасауға үйренеді. Ал 7-нші сыныпта оқушылар дайын мәтін арқылы ықшам немесе толық мазмұндама жазу дағдыларын меңгереді.

Мазмұндама жазуға үйрету барысында оқушылардың мәтінді есту және көру сезімдері арқылы қабылдауы алма-кезек келу жағы ескеріліп, 5-інші сынып балаларына көру сезімі арқылы қабылдау оңайырақ тиетіндіктен көпшілік жұмыс соған қарай ыңғайланады.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету

Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ең маңызды орын алатын-сөздік жұмысы. Оқушыларға жаңа сөздер үйрету, үйренген сөздерінің мағынасын меңгерту, Сөз тіркестерімен таныстыру және оның барлығын баланың активті сөзіне айналдыру маңызды да күрделі, жауапты жұмыс болып табылады. Сөздік жүргізу барысында әсіресе синонимдер, антонимдер көп мағыналы сөздер мен қанатты сөздерге көңіл аударылады.

Сөйлеу барысында алуан түрлі сөз тіркесі пайдаланылады. Сөйтіп, сөз тіркесі ойдың қалыптасу процесін көрсетеді.

Сөз тіркесін меңгерту жолдары:

  1. берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

  2. Сөз тіркестерін орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі негізгі жұмыс сөйлем құрау, ойды алуан түрлі сөйлемдер арқылы білдіру.

  1. Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.

  2. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.

  3. Сөздерді реттеп, сөйлемді дұрыс құрастыру.

  4. Сөйлемдерді орыс тілінен аудару.

Байланыстырып сөйлеу логика мен грамматика заңдарына сай, бір тақырып бойынша байланыса құрастырылған бірнеше сөйлемнен тұрады. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің: сұраққа жауап беру, түрлі мәтін бойынша жаттығулар, сурет бойынша әңгімелер, шығармалар құрастыру, мәтіннің бас жағын ойлап табу, мәтінді аяқтау, мәтінді қайта құрастыру т.б. жұмыс түрлері жүргізілуі қажет.

Оқушылар байланыстырып сөйлеу жұмысында мына дағдыларға сүйенген жөн:

  • тақырыпты түсіну, оны бөліп ала білу, оның шегін ажырата алу;

  • материал жинай білу дағдысы, тақырыпқа қатысты, басты, негізгі материалдардан тақырыпқа қатысты жоқ, қосымша материалдарды ажырата алу;

  • жиналған материалды қажетті жүйемен құрастыру дағдысы, яғни әңгімені жоспарлай алу;

  • тіл құралдарын қолдана алу дағдысы, яғни әдеби нормаға сай сөйлей, жаза білу;

  • түзету, жетілдіру, жақсарта түсу дағдысы.

Мазмұндама мен шығарманың әр түрінің жүргізілу жолы мен әдісі көрсетілген. Мысалы, «Дайын әңгіме бойынша мазмұндама» жұмысының өзінің бірнеше түрі бар және жүргізілу жолы мен әдістемесі де әр түрлі.

  1. мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отырып орындалатын жұмыс,

  2. мәтіннің мазмұн тәртібі сақталып, сыртқы түрін өзгертіп жазу,

  3. мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, құрылысын өзгертіп орындау,

  4. мәтінді ықшамдау арқылы орындалатын жұмыс,

  5. мәтінді толықтырып әңгімелеу, т.б. түрлері бар.

1. Төменде көрсетілген мәтінді оқып, сол бойынша салынған суретке сүйеніп, әңгіменің мазмұнын айтқызу. 6 сынып. 3-сабақ.

ҚЖазу тілін дамытуазір күз. Күзде қараңғы ерте түседі. Аспанды қара бұлт шалады. Жаңбыр бірде қатты, бірде себелеп жауады. Құстар оңтүстікке топ-тобымен ұшып барады. Сарғайған жапырақтар

ағаштардан түсе бастайды. Бақта жемістер піседі. Адамдар көкөністерді жинап, қысқа дайындалады.

Мәтін екі рет оқылады да, тақтаға сурет ілінеді. Балалар суретке сүйеніп, түсінгендерін айтады.

2. Дайын мәтін бойынша мазмұндама. 5 сынып. 22бет.

«Біздің үй». Мәтінді орыс тіліне аударып, мазмұндама жазу.

Біздің үй Әбілқайыр көшесінде орналасқан. Біздің үй үлкен және жарық.

Үйде бес бөлме бар. Қонақ бөлмесінде үлкен кілем жатыр. Бөлмелердің едені қоңыр бояумен сырланған. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Көршілеріміз жақсы.

Бұл жұмыс бірінші мазмұндама болғандықтан, сұрақ қойылады да, балалар сол сұрақтардың орнына сөз қосып, басқа сөздерін өзгертпей, сол күйі қайталап жауап жазады.

Сұрақтар: Біздің үй қандай көшеде орналасқан?

Біздің үй қандай? Үйде неше бөлме бар? Қонақ бөлмесінде не жатыр? Бөлмелердің едені қандай ? Терезеде не ілулі тұр? Көршілерің қандай?


  1. Дайын сурет бойынша мазмұндама .

Жазу тілін дамытуЖазу тілін дамытуЖазу тілін дамыту

Мәтін: Ьір күні сиыр, ат, ит-үшеуі таласыпты. Сиыр айтты:

-Қожамыз мені жақсы көреді. Қожамыздың үй іші менің сүтімді ішеді.

Ат айтты:

-Қожамыз сендерден гөрі мені жақсы көреді. Отынды, пішенді мен тасимын.

Ит айтты:

-Жоқ, қожамыз мені жақсы көреді. Мен үй күзетемін.

Қожайын бұлардың таласын естіп:

-Сенде таласпаңдар, маған бәрің де керексіңдер,-деді.

Сөздік: үшеуі таласыпты-поспорили трое

Отынды-дрова

Пішенді-сено

Тасимын-таскаю

Үй күзетемін-охраняю дом

Талас-спор

Керексіңдер-нужны

Сұрақтар:-Сиыр, ат, ит не деп таласады?

-Оларға қожасы не деді?

  • Мәтінді бірінші рет балалар, екінші рет мұғалім оқиды.

  • Мәтін жабылып, сурет ілінеді. Балалар сурет бойынша мәтіннің түсінгендерін айтады.

  • Айтқандарын суретке қарап отырып жазады.

  • Жазғандарын тексереді.

3. Бір сюжетке жазылған бірнеше суреттің мәтіндегі сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Соны балалар тәртіппен дұрыстап жазады.

Мәтін: 1.Үсті басы су, жаурап қалған. 2.Сәния күшікті үйге әкелді. 3.Мектепте сабақ аяқталған соң, Сәния үйге келе жатыр еді. 4.Сәния жылы киініп, қолына қолшатыр ұстады. 5.Сәния күшікті қолына алып, сипады. 6.Дала салқын, жаңбыр құйып тұр. 7.Алдынан кішкентай күшік шықты. 8.Жаураған күшік дір-дір етеді. 9.Осылай Сәния өзіне жаңа дос тапты.

Суреттер:

Жазу тілін дамыту

Мәтіннің сөйлемдерінің орны ауыстырылып беріледі. Балалар суретке қарап отырып, тәртіпке келтіріп дұрыстап жазады

4. Берілген сөздер арқылы мазмұндама жазу. 6 сынып. 2-сабақ.

Мәтін: «Халықаралық әйелдер күні»

1910 жылы Данияда, Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Клара Цеткин қатысты. Ол ақ шашты, қара көзді қария адам еді. Ол жыл сайын 8 наурыз күнін әйелдер күні деп атап өтуге ұсыныс айтты. Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан қабылдады.

Ресейде Халықаралық әйелдер күні бірінші рет 1913 жылы Петербургте өтті.

Мәтін оқылады. Әр сөйлемнің мазмұны жеке талданады.

Сөздер: Данияда, Копенгаген халықаралық конференциясы, қария, ұсыныс, бірауыздан қабылдады, әйелдер күні.

Сөздер тақтаға жазылады. Оқушылар осы сөздерді кірістіре отырып, оқылған мәтін бойынша мазмұндама жазады.

Мәтін тағы бір рет оқылады. Балалар тақтадағы сөздер бойынша мазмұндама жазады.

5Жазу тілін дамыту. Оқылған мәтінді бейнелейтін сурет бойынша мазмұндама.

МЖазу тілін дамытуәтін: Бір түлкі далада жортып келе жатты. Ол абайсызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады. Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның неге апанда тұрғанын сұрады. Түлкі апанның іші сая, түбінде суы бар екенін айтты. Ешкі апанға түсті. Түлкі ешкіні басып, апаннан шыға жөнелді.

Сұрақтар: -Түлкі қайда түсіп кетті?

-Ол апаннан неліктен шыға алмады?

-Ешкі қайда келді?

-Ешкі түлкіден не сұрады?

-Түлкі ешкіге не деді?

-Түлкі апаннан қалай шықты?

Сөздік: абайсызда- нечаянно

апанға-в яму

түсіп кетті-упала

шыға алмады-не мог выйти

түбінде-на дне

сая-прохладно

6. Орны ауыстырылып берілген жоспарды мазмұнына қарай ретке келтіру. 5 сынып. 56 б. «Көмек».

Жоспар: 1.Өзен жағасында.

2.Су алуға келген Замин.

3.Заминге көмек.

Вайхир селосының жанында үлкен өзен бар. Ыстық күндері өзен жағасына балалар көп жиналады. Замин су алуға келді. Ол су ала бергенде, басы айналып өзенге құлап түсті. Замин жүзу білмейтін еді. Суға кеткен баланы көре сала 3-сыныпта оқитын Иса Мамедов суға секіріп кетті. Иса Заминнің бір қолынан ұстап жағаға сүйрей жөнелді. Жағаға әрең алып шықты. Иса үлкен ерлік жасады. Ол Заминді құтқарды.

Сөздік: құлау, жаға, жүзу білмейтін еді, секіру, әрең, құтқару.

Мәтін бір рет оқылады.

Жоспар тақтада жазулы тұрады. Бірақ жоспарды ретімен жазбай, ауыстырып жазу керек.

Мысалы: 1. Заминге көмек.

2. Су алуға келген Замин.

3. Өзен жағасында.

Балалар жоспарды оқиды, мәтінді тыңдап отырады. Жоспарды түзетеді. Жоспарды түзетіп болған соң мәтін тағы бір рет оқылады. Мәтіннің мазмұны жоспар бойынша айтқызылады.

7. Мазмұндама. III жақты I жаққа айналдырып жазу. 5 сынып.

«Айқұлақ» мәтіні бойынша мазмұндама жазыңдар.

«Айқұлақ»-ұлттық ойын. Бұл ойын көктем, жаз айларында ойналады. «Айқұлақ» ойнау үшін кешқұрым ауыл балалары жиналып, орталарынан үш баланы шығарады. Олардың бірі -қасқыр, бірі-қойшы, бірі ит болады. Қасқыр болатын баланың маңдайын орамалмен байлайды, арасына киім-кешек тығып томпайтады. Балалар қасқырды жасырады. «Қойшыға» жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізеді, қолына таяқ ұстатады. «Ит» қойшыға еріп, қойдың қасына жатады. Қалған балалар қой болады. Содан соң « қойлар» дүр етіп үркеді, «ит» абалайды, «қойшы» «қойларды» айырып алады. «Қасқыр» қайта-қайта шауып, бірде құр кетіп, бірде алып кетіп жүріп, «қойлардың» бәрін тауысады. Осылай ойын аяқталып, алғашқы тәртіппен қайта басталады.

Сұрақтар бойынша мазмұны талданады.

Сұрақтар:

  1. «Айқұлақ» ойыны қай кезде ойналады?

  2. Ойынның шарты бойынша қандай кейіпкерлер болады?

  3. «Қасқыр» болатын бала қалай киінеді?

  4. «Қойшы» болатын бала балаға не кигізеді?

  5. Қалған балалар нелер болады?

  6. Ойынның шарты қандай?

Мәтінге жоспар жасалады.

1. «Қасқыр» болатын бала.

2. «Қойшы» болатын бала.

3. «Ит» болатын бала.

Жоспар I жаққа айналдырылады. Әңгімеден түсінгендерін жазады.

Шығарма.

  1. Сурет бойынша шығарма.

6 сынып. 5-сабақ.

  • Мұғалім балалардың қыс мезгілін жақсы көретін, көрмейтіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады.

  • Жазу тілін дамытуСурет бойынша сөйлем құрастырғызылады. Оларға дұрыс бағыт беру үшін мұғалім өзі сұрақ қояды: Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар? Неліктен күн жақсы деп ойлайсыңдар? Балаларға ат қойыңдар. Балалар қалай ойнап жүр?

  • Тақтада мынадай сұрақтар жазу керек: Ауа райы қандай еді? Балалар қайда шықты? Асқар шаңғы теуіп жүріп қайтті? Қуаныш қалай ойнап жүр? Мұз үстіндегі балалар не істеп жүр? Сен қыстыгүні қалай ойнағанды жақсы көресің?

  • Сөздік: құлап қалды, сырғанап ойнады, аққала соғу.

2. 95б. Қысқы демалысты қалай өткіздіңдер? Шағын шығарма жазу.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Жазу тілін дамыту

Сұрақтар: Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? Балалар қайда жүр? Олардың әрқайсысына ат қойып, не істеп жүргендерін айтып көрейік. Қайрат пен Анар не істеп жүр? Бір топ бала не жасап жатыр? Шаңғы теуіп, шанамен сырғанап жүрген кімдер?

3. «Жазғы демалыс»

ТЖазу тілін дамытуақтада сабаққа дейін мынадай сұрақтар жазулы тұрады.

  • Сен жазда қай жерде болдың?

  • Сендер болған жерде көл, өзен бар ма?

  • Ол жерде тағы не бар?

  • ... сен кіммен бардың?

  • Сен суға шомылдың ба? Жүгіріп ойнадың ба?

Өздері құрастырған әңгімені бір-екі бала ауызша айтып шығады. Балалар сұрақтар арқылы жазады.

4. «Өзен жағасында» суреті бойынша әңгіме.

СЖазу тілін дамытуұрақтар:

Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? Балалар қайда жүр? Олардың әрқайсысына ат қойып, не істеп жүргендерін айтып көрейік. (Қанат пен Ерлан суда шомылып,бірін бірі қуып ойнап жүр. Саша судың жағасында күнге күйіп жатыр.) Надя мен Серік не істеп отыр? (Олар құмнан үй жасап жатыр.)

5. Фильм бойынша шығарма жазу.

  • Мұғалім балаларға фильмнің мазмұнын түсіндіріп тұрады.

  • Фильм тұтас көрсетіледі.

  • Фильмнің әр кадры жеке көрсетіліп, ол туралы сөйлем құралады.

  • Фильм қайта тұтас көрсетіледі.

  • Мәтін толық әңгімеленеді.

  • Мәтіннің жоспары беріледі.

Жоспар бойынша балалар түсінгендерін жазып береді.

6. Берілген сөздерді кірістіріп шығарма жаздыру.

Тақырып: «Үй құстары».

Сөздер: тауық, әтеш, үйрек, қаз.

Жоспар: 1. Үй құстары. 2. Үй құстарының пайдасы. 3. Үй құстарын күту.


  1. Ерікті шығарма.

Оқушы шығарманың тақырыбын да, мазмұнын да өзі табады. Күні бұрын шығармаға дайындалу тапсырылады, оқушылар өз беттерімен материал жинайды, оны мұғалімнің көмегімен жүйелейді. Жинаған материалы бойынша шығарма жазады.

8. Сөйлемдерді толықтырып жазу. 5 сынып. 44 бет.

  1. Сабаққа дейін тақтаға жалаң сөйлемдерден құралған қысқа мәтін жазылып қойылады.

(Жел соғады. Жапырақтар түсе бастады. Құстар ұшып барады. Бұлт шалады. Жаңбыр жауады.)

  1. Сұрақтар: Қай жақтан қандай жел соғады? Қандай жапырақтар нелерден түсе бастады? Құстар қайда , қалайша ұшып барады? Нені қандай бұлт шалады? Жаңбыр қалай жауады?

  2. Балалар ауызша айтып шығады, құрастырылған әңгімеге ат қойылып, сұрақтар арқылы жазады.

9. Сөздерді толықтырып жазу. 6 сынып.

Үйге күз, күн, түн,жауын, шөп, бұлт, ағаш сөздеріне сөйлем құрастырып, оған жалпы ат қойып келуді тапсыруға болады.

Сөздерді толықтырып жазу. 5 сынып. 90 бет. «Қысқы киімдер» тақырыбына шығарма жазыңдар.

  • Бас киімдер түрін атаңдар:

Сөздер: тон, пима, етік, қолғап, шарф, құлақшын...

-Қыста ауа-рай қандай болады?

-Адамдар қалай киінеді?

-Адамдар аяғына не киеді?

-Үстіне не киеді?

10. Сипаттама шығарма жазу. 6 сынып. 4-сабақ. «Күзгі суретші» мәтіні бойынша.

Мәтін жабулы тұрады. Мұғалім оқушылардан күзгі көрініс туралы айтқызып, кузгі орманның суретін көрсетеді.Балалардың көңілін аудару үшін ағаштардың жапырақтарын көрсетеді.

Жазу тілін дамытуЕкі-үш бала өз әлінше суретті бейнелеп береді. Мұғалім оларға көмектесіп, сөйлемдерін түзетіп отырады. Қиын сөздер тақтаға жазылады.

Теңеулерге көңіл бөлінеді.

Жазу тілін дамытуЖазу тілін дамытуЖазу тілін дамытуЖазу тілін дамыту


Сөздер: қайың, ырғай, үйеңкі, қарағай, шырша, жөке-

8. «Көктем» тақырыбына байқау шығарма жазу.

Шығарманың жоспарын да, яғни қандай нәрселерге қөңіл аудару қажеттігін (аспан, күн, ауа райы, құстар, ағаштар, шөп, гүлдер), алдын ала хабарлап қойған дұрыс. Қазақ тілінен көктем туралы оқылған өлең, мәтінді балалардың есіне салып қою керек.

Балалар ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, соған шығарма жазады.

Тақырыптар: «Ормандағы көктем көрінісі», «Көктемдегі жұмыс», «Көктем келді».

Жазу тілін дамыту

Жазу тілін дамыту



9. Шағын әңгімені толықтыру.

Әңгіме тақтаға алдын ала жазып қойылады: Балалар орманға барды. Қорықты. Қалың жеріне жүгірді. Адасып кетті. Кеш болды. Арбаның даусы естілді. Балалар үйлеріне оралды.

Балалар мұғалімнің көмегімен толықтырады. Тақтаға мынадай сұрақтар жазады: Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? Балалар орманға не үшін барды екен? Олар неден қорықты? Балалар не істеді? Олар үйлеріне қалай қайтты?

Мұғалім: Қазір күз ғой, сондықтан сендер де күз мезгілін көрсетіңдер. Балалардың атын жазыңдар.

Күздің жылы бір күні Марат пен Ерлан орманға барды. Олар орманды араламақ болды. Бір кезде Марат «Қасқыр, қасқыр!» деді. Балалар қаша жөнелді. Олар орманның қалың жеріне кіріп кетті. Айнала ну орман. Жолдан адасып кетті. Кеш болды. Бір кезде арба доңғалағының даусы шықты. Балалар соған қарай жүгірді.

Арбамен келе жатқан адам балаларды ауылға алып келді. Балалар үйлеріне аман оралды.

Тақырып ойластырылады. «Орманда адасу».Тақтадан сұрақтар өшіріледі, оқушылардың өздері жоспар жасайды.

  1. Балалардың орманға баруы.

  2. Олардың адасуы.

  3. Үйге оралуы.

Сөздік: ну орман-густой лес

аралау-обходить

қаша жөнелді-побежали

адасу-заблудиться

Жоспар жасауға үйрету.

  1. Мәтін сабақтан бұрын тақтада жазулы тұрады. Бір бала мәтінді оқып шығады.

Мәтін: Біздің мектепте көп қоян бар. Олар қыстыгүні жәшікте тұрады. Қояндарға жәшіктің ішіне шөп салынған. Жәшіктегі қояндар бір-бірімен ойнайды.

Бұл қояндарды оқушылар күтеді. Оқушылар оларды мезгілімен далаға шығарады. Жәшіктерді ашып, ішін тазалайды. Балалар жәшіктердің шөбін жаңартады. Кейбіреулері шелекпен су әкеледі. Қояндарға су береді. Сонан соң олар қояндарды жәшікке қайта қамап, бөлмеге әкеліп қояды.

  1. Мәтіннің бір бөлігі бір балаға, екінші бөлігі екінші балаға оқытылады.

  2. Балаларға сұрақ қойылады: Осы мәтінде қояндар туралы қай сөйлемдерде айтылып отыр? Оқушылар туралы қай сөйлемде айтылған?

  3. Қояндар туралы әңгіме болып тұрған сөйлемдер оқылады, ол бөлікке ат қойылады. Екінші бөлігі де оқылып, ат қойылады.

Осы қойылған аттардың мәтіннің жоспары болып аталатыны түсіндіріліп, балалардың дәптерлеріне жаздырылады. Үйге осы жоспар бойынша мазмұндама жазып келу тапсырылады.

Мазмұндама мен шығарманың қатесін жөндеу.

Оларды сыныпта талқылау, сол арқылы балаладың бір жіберген қателерін қайталатпау.

Емле қателерін үстінен түзеледі. Сөйлемдер стиль жағынан дұрыс құрылмаған болса, оны дұрыстап жазып көрсетеді. Сөйлемдердің орны ауыстырылып немесе ішінен сөйлем түсіп қалып, ойдың жүйесі бұзылған болса, сандар, таңбалар арқылы сөйлемдердің орны көрсетіледі, түсіп қалған сөз, сөйлем жазылады.

Емле қателерін талдауда тиісті ережелер еске түсіріледі, сөздің әрпі ауысып не әріп қалдырылып жазылған болса, ол сөз буынға, дыбысқа талданады. Сол арқылы сөздің дыбыстық құрамы анықталып, қате түзетіледі. Оқушының дәптерлері қолдарына тиген соң, әрқайсысы өз қателерін көріп, теріс жазған сөздерін көшіреді.

Жазу әрекетін бағалау тәсілдері

Жазу әрекетін бағалауда ұсынылатын жұмыс түрлері:

  • көшіріп жазу;

  • белгілі бір тапсырмаларды орындай отырып көшіру;

  • естігенді жазып ала білу;

  • диктант жазу;

  • тақырып бойынша, мәтін бойынша түсінгенін немесе тиісті тапсырманы орындай отырып жазу;

  • мәтіннің мазмұнын толық жазу;

  • мазмұндама жазу;

  • шығарма, мақала жазу;

  • резюме, реферат жазу;

  • жоспар құру:

  • жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерді, төл сөздерді қолданып жазу;

  • іс қағаздарын жазу;

  • орфоэпия мен еміле нормаларын сақтап жазу.

ІІІ.Мазмұндама нормалары

Сыныбы

Мазмұндама саны

Сөздер саны

5

2

4 немесе 5 сөйлем

6

2

5 немесе 6 сөйлем

7

2

6 немесе 7 сөйлем

8

2

7 немесе 8 сөйлем

9

2

8 немесе 9 сөйлем

10

2

9 немесе 10 сөйлем

11

2

10 немесе 11 сөйлем

ІV.Шығарма нормалары

Сыныбы

саны

сыныпта

үйде

5

4

3

1

6

4

3

2

7

4

3

2

8

4

3

2

9

4

4

2

10

4

4

2

11

4

4

2

V.Бағалау нормалары.

Баға

Қателер саны

«5»

1/0 1/0 0/1

«4»

3/3 2/4 1/5

«3»

6/5 5/6 3/8

«2»

9/5 8/9

ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:

а) аз сөзге терең мағына сыйғызу (нақтылық, дәлдік);

ә) ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымдарды пайдалана отырып жеткізу (ауызша да, жазбаша да);

б) ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлілік, айқындық, нақтылық, дәлдік, жүйелілік, еркіндік;

в) жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, шешендік сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру, көркем әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен алған білімдерін әдебиетте пайдалана білу.

Шығарма жазуға үйрету жолдары

Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады.Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі.Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады.Мұғалімнің педагогтік шеберлігі мен еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.

Арнайы нұсқау:

1.Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты- жөні жазылады.

2.Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады.Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.

3.Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.

Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз.Олай болса шығарманың негізгі мақсаты - осы.Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс.Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады.Сондықтан мұндай күрделі ақыл - ой еңбегін «шығармашылық» немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз - ақ.

Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:

1.Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.

2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.

3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.

Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады.Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт.

Шығарманың құрылысына назар аударғанда мына схемалық жүйені есте сақтау керек:

І. Әңгіме түріндегі шығармалардың схемасы:

1.Кіріспе (экспозиция)

2.Негізгі бөлім

а) оқиғаның байланысы

ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері

б) шешілуі

3.Қорытынды (эпилог)

ІІ.Талдау түріндегі шығармалардың схемасы:

1.Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет) бөлімі.

2.Негізгі бөлім.

а) Тақырып көтерген мәселе.

ә) Ұсынылған дәлелдер.

б) Цитат түріндегі мысалдар.

в) Өзіндік ойлар.

3.Қорытынды

Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:

1.Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.

2.Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.

3.Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.

4.Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет.

5.Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.

6.Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау қажет.

7.Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.

8.Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.

9.Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек.

10.Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.

Қазіргі кездегі оқушылардың шығарма жұмысын тексерудің екі түрі:

1.Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді.

2.Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту.

Шығарма жұмысын тексергенде қателерді түрлі шартты белгілер арқылы көрсету керек.Мұның өзіндік бір жүйесі бар:

/ - емле қатесі белгіленеді.

V - тыныс белгісінен кеткен қате.

Ζ - абзац керек деген белгі.

Ζ - артық қойылған абзац.

? - дүдамал, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан НЕМЕСЕ ТҮСІНІКСІЗ деген белгі.

?! - пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.

! - осы жерге ерекше көңіл аудар.

~~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.

־־־- стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.

... - сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.

Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды, мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін,оқушылардың осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін мұғалім осы шартты белгілерді оқушыларға үнемі таныстырып отырса, дұрыс болар еді.Сонда бұл оқушының есінде мәңгі қалады.Бұл шартты белгілер мұғалімге де өте қолайлы.Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді.Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін жеңіл.Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударалық.

І. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.

а) тазалығы;

ә) әріптердің дұрыстығы.

ІІ. Логикалық жағынан

а) тақырып пен идеяның ашылуын;

ә) пікірдің молдығын;

б) дәлелдің дұрыстығы.

ІІІ. Пікірдің жүйелігі

а) жоспардың жүзеге асуы;

ә) әрбір бөлімнің мөлшері.

ІV. Грамматикалық сауаттылығы

а) емлелік жағынан;

ә) синтаксистік жағынан.

V.Стилі

а) сөйлемдердің дұрыстығы;

ә) көркемдігі.

Осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн. Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады.

Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар

  1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы аша білуі;

  2. Жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну;

  3. Артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;

  4. Шығармадағы болған жайды баяндауда аз сөзге көп мағына сыйғызу;

  5. Шығарманың барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір - бірімен байланысты болу;

  6. Шығарманы 5 сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6 сыныптарда үйрету шығарма болып саналады;

  7. Міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;

  8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;

  9. Шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;

  10. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай бағаланады;

Шығарманы рәсімдеуге қойылатын талаптар

1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды.Тақырыпқа цитата алынғанда ғана тырнақша қойылады.

2. Эпиграф парақтың оң жағына тырнақшаға алынбай жазылады. Эпиграфқа алынған жолдардың авторының фамилиясы эпиграфтың астына жақшаға алынбай жазылады.Қай шығармадан алынғанын көрсеткен жағдайда, шығарманың аты тырнақшаға алынып, автордың фамилиясынан кейін үтір қойылып жазылады.

3. «Жоспар» сөзі бар болса, эпиграфтың астына, эпиграф болмаса шығарма тақырыбынан кейін жол ортасына жазылады. «Жоспар» сөзінен кейін нүкте қойылады.

4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.Әрбір бөлім рим цифрымен белгіленеді, онан кейін нүкте немесе жақша қойылмайды.Негізгі бөлім араб цифрларымен (жақшаға алынбай) белгіленген кемінде үш тармақтан тұрады.Әр тармақтың атынан соң нүкте қойылады.Егер шығарма көлемді болса, жоспардың кіріспе, қорытынды бөлімдері де тармақтарға бөлінеді.

5. Шығарма бөлімдерінің, тармақтарының атауларынан кейін нүкте қойылады. Келесі атау бас әріппен жазылады.Егер тармақ тармақшаларға бөлінсе, тармақшаның алдынан қос нүкте, соңынан нүктелі үтір қойылады.Бұл жағдайда тармақша атауы кішкене әріппен жазылады.Соңғы тармақшаның атауынан кейін нүкте қойылып, келесі тармақ не бөлім атауы бас әріппен басталып жазылады.

6. Шығарма бөлімінің, тармақтарының атаулары аз сөзге көп мағына сыйғызуы, мазмұны ауқымды болуы қажет.Мәселен, «Абайдың табиғат лирикасы» деген шығарма тақырыбына ұқсас жалпылама атау жоспардың бөліміне атау бола алмайды.Оның орнына «Абайдың табиғат лирикасының өзіндік ерекшеліктері» деген сияқты атау жазған дұрыс.

7. Жоспар бөлімдерінің атауларында етістік (тұйық райдан басқа) болмайды.Мәселен, «Абай қазақ халқының ұлы перзенті болып табылады» деп жазуға болмайды. «Абай - қазақ халқының ұлы перзенті» деген дұрыс.

8. Жоспар тақырыптары сұраулы сөйлем болмағаны жөн.

9. Егер жоспарда цитата қолданылса, оны тырнақшаға алып, автордың фамилиясын цитатаның соңынан жақшаның ішіне жазу қажет.

10. Шығарма жоспарға сәйкес азат жолдар арқылы жазылады.

11. Шығарма жоспардан кейін жаңа жолдан бастап жазылады.

12.Шығармада кездесетін мезгіл көрсеткіштері цифрлармен; ғасыр - рим цифрларымен; жыл, күн - араб цифрларымен, басқа сандар сөзбен жазылады.

Ғасыр атауы араб цифрымен жазылмайды, жазылып кетсе, қатеге саналмайды, ол үшін бағаны төмендетуге болмайды.

Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.

13.Цитатаны жазуда тыныс белгілерінің ережелерін басшылыққа алу қажет.Поэзиялық цитаталар, жыр шумақтары жол ортасына тырнақшаға алынбай жазылады.

14.Шығарма таза, ұқыпты әрі анық жазылуы тиіс.

Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері

Мазмұндама - оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі.Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Шығарма - оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой - пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері, сонымен бірге материалға баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.

Шығарманың бағалануы туралы

Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:

1.Мазмұндылығы мен идеялығы.

2.Ой - пікірдің жүйелігі.

3.Стилі.

4.Грамматикалық сауаттылығы.

Бұлардың қай - қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді қолдана білу, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады. Шығармаға екі баға қойылады.

Әдебиет бойынша

«5» деген баға:

  • әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе;

  • тақырыпқа толық, әрі нақты жауап берсе;

  • мәселені өзіндік ой - пікір тұрғысында дұрыс талдай білсе;

  • шығарма құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысып стиль бірлігі сақталса;

  • фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе;

  • қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса.

Мазмұнында 1, тілінде 1 елеусіз қате болса;

«4» деген баға:

  • жұмыс мазмұны негізінен тақырыпқа сай болса;

  • әдеби тілмен жазса, бірақ ойын баяндауды бірен - саран дәлсіздіктер жіберсе;

  • қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса;

  • ой жүйесінің шамалы бұзылуы байқалса;

  • стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса;

Мазмұнында 2, тілінде 2-3 кемшілік болуы мүмкін.

«3» деген баға:

  • тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;

  • материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлсіздіктер кездессе;

  • баяндау желісі аздап бұзылса;

  • сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса;

  • стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса;

Мазмұнында 4, тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін.

«2» деген баға:

  • жұмыс тақырыпқа сай келмесе;

  • көптеген фактілер бұрмаланса;

  • шығарманың барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;

  • сөздік қоры өте жұтаң, сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе;

  • стильдік біркелкілік сақталмаса.

Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін,

Қазақ тілі бойынша

«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір -бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі - екіден қателері болса;

«3» деген баға: емле және тыныс белгілерінен 4-5 - тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;

«2» деген баға: емле және тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6 - дан 10 - ға дейін қате жіберсе;

Оқушыларды дұрыс сөйлеуге (ауызша да, жазбаша да) үйрету жоспарлы, түрлендіре жүргізілетін жүйелі жұмыс болмаса, ойдағыдай нәтиже бермейді. Балалардың ойы мен тілін дамыту жұмысының табысты болуы-сөзге зейін қою, балалардың ұқыптылығына, яғни қоршаған ортаға, адамдардың дұрыс, мәнерлі сөйлеуіне байланысты. Балалардың өздерінің сөйлеу тәжірибесін ұйымдастыруға, мұғалімнің бақылауымен балалар қызыға сөйлейтін алуан түрлі жағдайлар жасай білуге байланысты.




Қолданылған материал:


  1. Мемлекеттік стандарт

  2. Бағдарлама

  3. Т.М.Артыкова, А.С.Жақанбаева, М.Х.Толеуова. Қазақ тілі. 6 сынып. Алматы «Атамұра» 2006

  4. ...Қазақ тілі. 5 сынып.

  5. С. Рахметова. Оқушылардың жазу тілін дамыту. Алматы.

  6. Ж.С.Қалиева. Мазмұндама мен шығармалар жинағы. Қостанай. «Центрально-Азиатское книжное издательство».










Кіріспе

Тіл дамыту жұмысы әр мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты күрделі жұмыс.

Қазақ тілін балалар сөйлеу әрекеті арқылы үйренеді. Сондықтан олардың тілін дамыту жұмыстарын мақсатты түрде ұйымдастырып, үздіксіз, жүйелі жүргізу міндеті туады. Балаларға сөйлеу үлгісін беру, яғни сөйлеу ортасын жасау қажет.

Ұсынылып отырған жұмыс мұғалімдерге тіл дамыту жұмысының жүйесін қалыптастыруға және бұл жұмысты, мүмкіндігінше, түрлендіре жүргізуге көмектеседі.

Мұнда мектеп оқушыларының жазу тілін дамыту, әсіресе мазұндама мен шығарма жаздырып үйрету жұмыстарына көбірек көңіл бөлінген. Көрсетілген жұмыстар оқушылардың қазақ тілі сабағында алған білімдерін, дағдыларын, шеберліктерін бекіту, жинақтау мақсатын көздейді.








Қазақ тілі сабағында оқушыларға қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді меңгертуде көп қиындықтар кездеседі. Осы әріптерді айыра алмайтындығы байқалады. Жазба жұмыстарды орындағанда ауыстырып жазып жатады. Сондықтан өтілген материалды жалаң жаттап алмай, практика жүзінде меңгерту үшін оқулықта берілген жаттығулармен ғана шектелмей, жан-жақты қосымша жұмыстар өткізген дұрыс.

Бұл кітапша-қазақ тілі мұғалімдеріне, қазақ тілін үйренушілерге дидактикалық құрал ретінде пайдалану үшін ұсынылып отыр.

Материалдың негізі-қазақ тілінің тән дыбыстары.

Әр тән дыбысқа сай өлеңдер,жұмбақтар, жаңылтпаштар,мақал-мәтелдер,т.б жинастырылды. Бұл тапсырмалар жинағы сабақтың «Дыбыстық жаттығу» кезеңінде қолдануға лайықталып жасалды.

Оқушылардың ойын ауызша, жазбаша дамыту мақсатында: «ойнай отырып, ойлай отырайық» деген тақырыпта грамматикалық ойындар мен жұмбақтарды тақырыптарды бекіту кезінде пайдалануға болады.

Қазақ тілі сабағында қолданушыларға сабақтан алған білімдерін пысықтап, бекіту үшін тапсырмалар берілген. Оқушылардың жалпы білімін көтеруде, тіл дыбыстары жайлы білімі мен дағдыларын арттыруда үлкен қызмет атқарады.

Көптеген материалдар мазмұны жағынан баланы тәрбиелеуге, дамытуға негізделген.

Үйренушілердің тілін ұстарту, сауатты жазуға машықтандыру, ойлау қабілетін арттыру мақсатында пайдаланды. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда танымдық материалдар берілген.






Қолданылған материал:


  • Іріктеліп алынған тақпақтар

  • «777 жұмбақтар»

  • Метаграммалар

  • Фразеологизмдер

  • Жаңылтпаштар

  • Тізбек сөздер

  • Ребустер






© 2010-2022