Обмен опытом Из опыта преподавания

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, ынта-жігерін, қызығушылықтарын apттыpa түседі. Сонымен қатар оқушының еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге, сыни ойлап, қарсы пікір айта алуына жетелейді. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін сабағымда пайдалануды ұйғардым.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012, 48 бет )

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, ынта-жігерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы, өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологиясының бірнеше стратегиясын пайдалана отырып сабақтар өттім. Осы сабақтарымнан оқушылардың және менің сыни ойлау қабілеттерімнің қалыптасуын байқадым. Дегенмен оқушылардың ойын ашық айта білуі, пікір айтуға үйренуі, пікір таластыруы бірден қалыптасқан жоқ.Сондықтанда сабақтарда алдымен сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп отырдым. Бұл оқушылардың ойын жинақтап, жүйеленуіне әсер етті.

«Қазақстан» тақырыбында сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдана отырып сабақ өттім. Бұл сабақтың құрылымы сын тұрғысынан ойлауға үйретудің 3 сатысынан тұрады. Қызығушылықты ояту сатысында оқушыны ынталандыру, қызықтыру жүзеге асырылды.Мұнда мен диалог әдісін пайдаландым. Диалог тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді, басқада идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі, мұғалімнің осы тақырып бойынша оқушының қандай дәрежеде екендігіне көмектеседі. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылар бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырды. Бұл үшін мен ЖИГСО стратегиясын пайдаландым. ЖИГСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Сонымен қатар оқушының еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Әдістің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Мен осы стратегияларды пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың топтық жұмыста білім денгейі басым, интелектуалдық қабілеті жағынан жоғары оқушылармен қарым -қатынас жасаған кезде ойлау және сөйлеу дағдылары қалыптасты, сонымен бірге ой-өрісінің ұлғаюына, өзгеруіне, көз-қарасының жан-жақты ашылуына қол жеткіздім.Бұл Выготскийдің «Жақын арада даму аймағы» теориясына сәйкес келеді. Толғаныс кезеңінде мен еркін жазу стратегиясын пайдаландым. Сабақ барысында оқушылар қарастырылған жаңа тақырып жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екеніндігін ақ парақ қағаз бетіне түсірді . Оқушылар жазғандарын ортаға салып, талқылап, талдап, зерттеп барып тақырыптың мағынасына, маңыздылығына ене білді. Бұл арқылы алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйреттім.

«Мінсіз оқушы» тақырыбының мазмұнын ашу барысында салынған постерлер мен постерді қорғау барысында айтылған иделардың көпшілігі ой елегінен өткізілгендігін байқадым. Бұл нәтижеге жету үшін оқушылар пікір алмасты, әр түрлі пікірлердің бар екендігін түсінді, қарсы пікір білдіре отырып, дұрыс шешімге келе білді. Тіптен сабаққа қатыспайтын оқушы да өз үлесін қосуға ұмтылды. Мұндай әдістер,әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын жетік түсіндіре алмайтын , өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Мысалы, дәстүрлі сабақтарда жеке отырып жауап беру барысында кейбір оқушылар белсенділік танытпаса, сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік берді, шығармашылық белсенділігі жоғарылады, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысты, ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқайды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласты, өз ойын жасқанбай айтуға үйренді.

Оқушы бойында сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін ең алдымен мұғалім сыни ойлай алу керек. Ол үшін мен алдымен теориялық базамды жетілдірдім, сонымен қатар оқушылардың тұжырым жасауы мен қорытындылай алуы үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдандым.

Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден маған көмектесті, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға , оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға, екіншіден оқушыға көмектесті, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын. Келешекте сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін дәстүрлі сабақтарда кеңінен пайдалануды ұйғардым, себебі, сол арқылы оқушыларға сенімділік ұялата отырып, танымдық , өзін-өзі таныта білу қабілеттерін, «Мен» тұжырымдамасын қалыптастырып, көшбасшы, дарынды және талантты тұлғаны тәрбиелеуге болатындығына көзім жетті.


Пайдаланылған әдебиетер:

«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» 2012 ж;

С.Мирсеитова «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту»;

ustaz.kz;


© 2010-2022