Сабақ жоспары Көмекші есімдер (6 сынып)

Сабақ жоспары   1.Сабақ тақырыбы: Көмекші есімдер. 2.Сабақтың мақсаты:             1.Білімділігі: оқушылардың көмекші сөздер туралы алған білімдерін еске түсіріп, кеңейту, оны мәтіннен таба білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдылан-дыру.              2.Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін да-мыту.              3.Тәрбиелігі: оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдық-қа, ізденімпаздыққа...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Көмекші есімдер(6 сынып)Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим ауылы

№2 Новоишим орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Қалиева Жанар Кенжебайқызы



















Сабақ жоспары

1.Сабақ тақырыбы: Көмекші есімдер.

2.Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: оқушылардың көмекші сөздер туралы алған білімдерін еске түсіріп, кеңейту, оны мәтіннен таба білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдылан-дыру.

2.Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін да-мыту.

3.Тәрбиелігі: оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдық-қа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

4.Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

5.Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, «Ашық сұрақтар» әдісі.

6.Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, кесте, схема.

7.Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз-дер тілейік.

1.Елімізге тыныштық тілейік!

2.Күніміз жарық болсын!

3.Аспанымыз ашық болсын!

4.Деніміз сау болсын!

5.Нанымыз көп болсын!

6.Көк туымыз биік болсын!

7.Аналарымыз аман болсын!

Балалар бүгін-туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

Қызығушылығын ояту.

Сабағымыздын жарнамасы:

Бір мен екі алмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар,

Кілең төрттік алғандар,

Бесті ғана армандар.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

318 -жаттығу.

Ойлан, ойды бөлісу стратегиясы

-Қанеки балалар еске түсірейік. Сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жа-уап берейік:

1.Көмекші сөздердің неше түрі бар?

2.Олар: көмекші есімдер және көмекші етістіктер.

III.Жаңа сабақ.

а)Мағынаны тану кезеңі.

Көмекші сөздер туралы не білетіндерін топтастырады.

Сабақ жоспары Көмекші есімдер(6 сынып)

ә)Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

Сәуірдің жиырма бірі

Сынып жұмысы

Көмекші есімдер

Бүгінгі сабағымызда біз көмекші есімдер туралы мәліметпен танысамыз. (Мұғалім түсіндіреді).

Көмекші есімдер

Мысалдар

Сырт, іш, маң, түс, алд(ы), арт(ы), аст(ы), үст(і), қас(ы)

Ауылдың жаны терең сай.

б) Оқулықпен жұмыс.

в)"Түртіп алу"жұмысы.

Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.

Дара етістік бір сөзден тұрады. Күрделі етістік екі, үш сөзден құралады.

г) Терең танысайық. Мұнда оқушылар үлестірме қағазымен жұмыс істейді.

Дара етістік пен күрделі етістіктерді бөлек жазыңдар.

Тұр, жат, айтып тұр, сүрініп кетті, көш, тазала, қысқар, алып бер, қоя бер, дауыс берді, азай, отыр, оқып отыр, жазып отыр, жазды, келді, сөйледі, сөйлеп келе жатыр, жығылып қала жаздады.

Дара етістіктер Күрделі етістіктер






ғ) 224 - жаттығу (ауызша орындайды)

IV.Сергіту сәті.

V.Қорытындылау. «Ашық сұрақтар» әдісі.

Сыныптағы барлық оқушылар бір мезгілде тест тапсырмасының бір нұсқасын дайындап орындайды. Төмендегідей нұсқау беріліді: егер оқушы сұрақтың дұрыс жауабын білмесе, сұрақты ашық қалдырады, ешқандай сұрақ нұсқасын білгілемейді.

Тест нұсқасын орындауға 30 минут (егер сұрақтар жеңіл болса, одан да аз) уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң барлығы жауаптарды тексереді, немесе белгілеген сұрақтардың жауабын оқулықтан табады да, басқаларға оқулықтың бетін, абзацты көрсетіп айтады. Қалғандары сол бетті ашып, міндетті түрде көруі керек: білімді меңгеруде көру есі арқылы қабылдау қашан да маңызды. Әр оқушы 1-2 (сыныптағы оқушылардың санына қарай одан да көп) сұрақтың жауабын табады.

Сәйкестендіру тесті.

1. Етістік дегеніміз не? А) не істеді? Не қылды?

2. Етістік қандай сұраққа жауап Ә) заттың қимылын білдіретін төл етістік береді?

3. Етістік құрамына қарай қалай Б) оқы, шеш, хабарлас

бөлінеді?

4. Етістік тұлғасына қарай бөлінеді? В) дара етістік және күрделі етістік

5. Дара етістіктерді тап. Г) негізгі етістік және туынды етістік

6. Күрделі етістіктерді тап. Ғ) жазып отыр, келе жатыр

7. Негізгі етістік дегеніміз не? Д) заттың қимылын білдіретін сөздер

8. Туынды етістік дегеніміз не? Е) болымды етістік және болымсыз

етістік

9. Күрделі етістік қалай жасалады? Ё) етістіктің тіркесуі, қосарлануы, бірігуі

арқылы жасалады

10. Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу- Ж) түбір етістікке жұрнақ жалғану

аспауына қарай бөлінеді? арқылы жасалады

Тест кілті:

1. д

2. а

3. в

4. г

5. б

6. ғ

7. ә

8. ж

9. ё

10. е

VI. Бағалау. Түсініктеме арқылы бағалау. Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға аударуға мүмкіндік береді. Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын нұсқаулықтар берілуге тиіс. Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз - тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.

VII. Үйге тапсырма беру:

I. 1-тапсырма. (қосымша материалдан)

II. Бауыржан Момышұлы туралы әдебиет кітабын оқып, етістіктерді теріп жазу.

III. 226 - жаттығу. Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңдар.

© 2010-2022