«Оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйесі»

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйесі»

Батуова Анар Қиятолдақызы

Н.Островский атындағы №1

орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха қаласы

Мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеріп,түрлерін жетілдіре отырып оқушыларға терең де,тиянақты білім беру.Осыған орай озық тәжрибе,жаңа технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен қолдану-ұстаз шеберлігінің белгісі.Қазіргі уақытта инновациалық педогогикалық тенологиялар саны жеткілікті әзірленген.Сол технологиялардың бірі- «Оқытудын үш өлшемді әдістемелік жүйесі»(ОҮӘЖ) педагогиалық технологиясы» (авторы профессор Ж.А.Қараев) Соңғы жылдары еліміздің көп мектептері өзінің оқу тәрбие үрдісінде пайдаланып,тиімді нәтижелерге жетіп жүр. Бұл технологияның мазмұнын,ерекшеліктерін түсіну үшін,дәстүрлі оқытумен салыстырайық.Егер дәстүрлі оқытуда оқу-тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса,ал қазір белсенді қызметті оқушы атқарады,оны оқытпайды,ол өзі оқиды.Дәстүрлі оқытуда мұғалімде оқушыға дайын,дұрыс ақпаратты берген,оқушы тек тыңдап,алған ақпаратты қабылдап отырған яғни сабақта көбіне репродуктивті әдістер қолданылған(лекция,сұрақ-жауап,бақылау жұмыстары) т.б. Ал бұл технология бойынша оқушы өзі ізденіп,өзі оқып,өзі үйренеді.Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады(проблеманы шешу,балаға ой тастау(миға шабуыл»,дебат, дискуссия т.б) Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады,оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.
Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, жауапкершілігі т.б) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл технологияда жекелей және топтық оқыту формалары негізгі болып табылады.
Топтық оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Қажетті жағдайда оқушылар бір- бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т.б.
Жекелей оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педогогикалық технологиясы оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындап шығуға толық кепілдік бере отырып, одан да жоғары деңгейлерді (екінші, үшінші) орындауға мүмкіндік береді. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген әр сабақ үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзіндік шағын мақсаты болады. Бірінші кезеңде өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды үйде қаншалықты деңгейде аяқтап келгені тексеріледі. Бұл технологияның бір ерекшелігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап бермесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екінші кезеңнің шағын мақсаты: жаңа тақырыпты оқушыға өз бетімен меңгерту. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру барысында ізденіс, проблемалық және зерттеу әдістері арқылы ережелерді, анықтамаларды олардың өздері қорытып шығуына жетелейді. Теориялық білімдері тек қарапайым мысалдармен бекітіледі. Үшінші кезең (кері байланыс) - бағалау кезеңі. Сабақтың соңына дейін он екі минутта әр оқушы І деңгейден бастап, үлгергенше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңында жинаған ұпайлары саналады. Осы арқылы эксперимент сыныбындағы әр оқушының тақырып, тарау немесе тоқсан, жыл бойынша оқушы дамуын қадағалап, талдау жасап, білімдерінде жетістік-олқылықтарды дер кезінде жойып отыруға мүмкіндік алдық. Оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын «Тіркеу» немесе «Даму мониторингі» кестелерінде белгілеп отыруға болады. Бұл жағдайда әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Үш деңгейдегі тапсырмаларды сабақ үстінде орындап үлгермеген оқушылар үйде өз бетімен аяқтайды. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде игерудегі қабілеттеріне қарай , өз биігіне жетеді. Бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні бойынша жоғары шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне себеп болады.
Әр деңгейдің барлық тапсырмааларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейде игергеніне сәйкес ұпай алады. . Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. 1-деңгейдегі тапсырма - мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4 - деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды, әрине, барлық оқушылар 4 деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Бірінші деңгей үшін - 5 ұпай (сынақ), екінші деңгей - 4 ұпай, үшінші деңгей - 3 ұпай. 12 ұпай жинаған бала «5»-тік баға алады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың әр сабақта жинаған ұпайын « Даму мониторингі » кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау немесе тоқсан бойынша оқушы біліміне анализ жасап отыруға мүмкіндік береді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі бдіріншіден, оқушының әлеуметтік-психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін , нені меңгергенін , нені меңгермегендігін біледі. Соның нәтиижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалыс қалмауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

© 2010-2022