5-сынып. Қазақ әдебиеті пәні. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Ақырғы бәйге («Ақан сері» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты:                                                                            Білімділік:«Ақан сері» романынан алынып отырған үзіндіден, Ақан сері мен аты Құлагер тағдырына тікелей бір тебіреніс қатыстылығын көрсету,Құлагерге байланысты  үзіндінің негізгі тақырыбын ашу.                                                                                      Дамытушылық: оқушыны өз пікірін пайымды жеткізуге білуге баулу,сөздік қорын молайту.                                             ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. Қазақ әдебиеті пәні.

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Ақырғы бәйге («Ақан сері» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты: Білімділік:«Ақан сері» романынан алынып отырған үзіндіден, Ақан сері мен аты Құлагер тағдырына тікелей бір тебіреніс қатыстылығын көрсету,Құлагерге байланысты үзіндінің негізгі тақырыбын ашу. Дамытушылық: оқушыны өз пікірін пайымды жеткізуге білуге баулу,сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: үзінді мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды сыншылық өнерге,атбегілік өнерге,қазақтың ұлттық өнеріне баулу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі Сабақтың көрнекілігі: автор портреті,фотосуреттер,интерактивті тақта,слайдтар,тірек сызбалар. Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ізденушілік, талдау,жинақтау.

Күтілетін нәтиже:Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан күйін,әңгіменің өзекті ерекшеліктерін ажырата білулері тиіс.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындықтарын тексеру.Қазақ тілінен, әдебиет сабағынан алған оқушылардың бұрынғы білімдері еске түсіріледі.

ІІ Сабақтың мақсат,міндетімен таныстыру:

Сабақтың мақсаты: Құлагерге байланысты үзіндінің негізгі тақырыбын ашу.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндап беру (жазушы туралы мәліметтерді хронолгиялық кестеге толтыру ұсынылады):

Жылдар

Ол кім?

Шығармалары

1934 жыл





ІІІ Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі:

1.Қызығушылығын ояту.

1.Тірек сызба арқылы оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару.

жазушы

драматург5-сынып. Қазақ әдебиеті пәні. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Ақырғы бәйге («Ақан сері» романынан үзінді)5-сынып. Қазақ әдебиеті пәні. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Ақырғы бәйге («Ақан сері» романынан үзінді)

Сәкен Жүнісов5-сынып. Қазақ әдебиеті пәні. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Ақырғы бәйге («Ақан сері» романынан үзінді)

Қазақтың атақты серісі,әншісі,ақыны,сазгері.

2.Мәтіннің мазмұнымен танысу.Сюжеттік жоспар құру. Жоспар бойынша мәтінді мазмұндау.

Тақтадан шығарманы талдаудың үлгісі көрсетіледі. Үлгі бойынша шығарманы талдау ұсынылады.

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау үлгісі:

Шығарма авторы: С.Жүнісов.

Тегі,түрі: роман (үзінді) Тақырыбы: Ақырғы бәйге Идеясы: Құлагер мен Ақан серінің трагедиялық жан күйі.

Шығарманың композициялық құрылысы:

а) Сюжеттің басталуы.... ә) Сюжеттік байланыс... б) Шиеленісуі:.... в) Шарықтау шегі ... г) Шығарманың шешімі: .... ғ) Шығармадағы кейіпкерлер: ....... д) Әдеби теориялық ұғымдар: ......

Дәптермен жұмыс: Мағынаны ажырату мақсатында,әрі қазақ тілімен байланыстыру үшін оқушылар көмегімен бес жолды өлеңді пайдаландым.

1-зат есім: Кеңөзек

2-сын есім: ащы үнге

3-етістік. жаңғырықты 4-сөзден құралған сөйлем. Кеңөзек ащы үнге жаңғырықты.

Антоним: Ащы-тұщы

V Сабақты бекіту.

1.Топпен жұмыс:

1- топ: Той жыршысының өнерін сипаттаңдар. 2- топ: Сәйгүліктердің арасындағы Құлагердің ерекшелігі.

Күреңбай сыншының Құлагерге берген сипаттары

Құлагердің Ақанның құшағына жағын төсеуі.

3- топ: І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы мен Сәкен Жүнісовтің « Ақырғы бәйге» үзіндідегі Құлагерлердің бейнелерін салыстыру, ерекшеліктері мен ортақ қасиетін анықтау.

Сәкен Жүнісовтің « Ақырғы бәйге»

Ортақ қасиеттері

І.Жансүгіровтың «Құлагер»

VІ Сабақты қорытындылау.

Жаңа сабақты қорыту «Кубизм тәсілі» арқылы жүзеге асырылды: Суреттеу: Үзіндінің композициясы.

Салыстыру: Жазушының жылқы тақырыбына жазылған шығармалары мен І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Зерттеу: Үзіндінің көркемдік ерекшелігі. Елестету: Құлагердей жылқы бейнелері. Пікір қорғау: Мәтіннің тақырыбы мен иедясы туралы. VІІ Оқушылар білімін бағалау. VІІІ Үйге тапсырма.

ІІІ деңгей

1.Сәкен Жүнісовтің « Ақырғы бәйге» үзіндісінде қандай мәселе көтерілген? 2.Үзіндінің басты кейіпкерлері кімдер? 3.Шығармада қай жерде болған оқиға суреттеледі?

ІІ деңгей 1. Шығармадағы Күреңбай кім? 2.Өнерлі бала не істеді? 3. Мөңкеге Ақанның айтқан ақылының мән-мағанасын ашып беріңдер. 4.Мәтіннен эпитеттерді дәптерлеріне жазып,мағынасын түсіндіріңдер.

І деңгей

1. Мөңкемен бірге тағы кімдер бәйгеге түседі? 2.Мертіккен Құлагер соңғы рет кімді көргісі келеді? 3.Мәтіннен теңеу,метафораларды дәптерлеріне жазып,мағынасын түсіндіріңдер. 4.Атбегі баланың өнерін жекелей сипаттап беріңдер.

Қостанай облысы Таран ауданы Тобыл орта мектебі

Мұғалім: Қасымова Ұлбике Байдрахманқызы





© 2010-2022