3-4 сынып оқушыларына арналған наурыз өлеңдері

3-4 сынып  оқушыларына  арналған  наурыз  өлеңдері   Наурыз  келді халайық, Қуанып қарсы алайық! Жаңа жылды тойлайық, Жыл бойы тоқ болайық!   Күн мен түн теңелген, Армысың, әз Наурызым! Жер беті бәрі көгерген, Құт әкелсің Наурызым!   Ыдыстырды үйдегі, Толтырдық наурыз көжеге. Қол жайып бата бергізген, Жасы үлкен кісіге.   Қыдыр ата даланы, Түні бойы кезеді. Ат жарыс пен думан той, Күні бойы өтеді.   Малы төлдеп қазақтың, Шаруасы кенелген. Барлық байлық бақыты, Наурыздан көрінген.   Құтты болсын ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3-4 сынып оқушыларына арналған наурыз өлеңдері

Наурыз келді халайық,

Қуанып қарсы алайық!

Жаңа жылды тойлайық,

Жыл бойы тоқ болайық!

Күн мен түн теңелген,

Армысың, әз Наурызым!

Жер беті бәрі көгерген,

Құт әкелсің Наурызым!

Ыдыстырды үйдегі,

Толтырдық наурыз көжеге.

Қол жайып бата бергізген,

Жасы үлкен кісіге.

Қыдыр ата даланы,

Түні бойы кезеді.

Ат жарыс пен думан той,

Күні бойы өтеді.

Малы төлдеп қазақтың,

Шаруасы кенелген.

Барлық байлық бақыты,

Наурыздан көрінген.

Құтты болсын Наурызым!

Аман болсын саулығың.

Тыныш болсын заманым,

Арта берсің байлығың.

Ыдыс толсын көжеге,

Көңіл толсын тілекке.

Халық келсің бірлікке,

Жалғассын осы мереке.

Пісірілсін қазанда,

Сары-сары бауырсақ.

Бүгінгідей қашан да,

Халықтармен дос болсақ.



© 2010-2022