Сын есім

Оқушыларға сын есімнің түрленуі туралы толық мағлұмат беру, жаттығулар орындату.Сын есімнің атқаратын қызметі туралы, түрленуі туралы сөйлемдерді талдата түсініктерін кеңейту. Сын есімнің түрленуіне қатысты оқушылармен топтық жұмыстар жүргізу.   Ой- өрістерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту. Дүниетанымдарын кеңейтіп, қаншалықты меңгергендерін саралау.   Зерделі де зейінді, түсінігі қалыптасқан шәкірт тәрбиелеу.Тақырыпты түсінуге, өзара мысалдар келтіріп, өз беттерімен талдай алуға, сын есімнің түрленуіне қатысты мысалдарды анықтай алатын ұғымтал да жауапкершілігі мол шәкірт тәрбиелеу.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Рубежин ауылы

Рубежин орта жалпы білім беретін мектебі

Тасимова Әлима Өтегенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сын есімнің түрленуі туралы толық мағлұмат беру, жаттығулар орындату.Сын есімнің атқаратын қызметі туралы, түрленуі туралы сөйлемдерді талдата түсініктерін кеңейту. Сын есімнің түрленуіне қатысты оқушылармен топтық жұмыстар жүргізу.

Ой- өрістерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту. Дүниетанымдарын кеңейтіп, қаншалықты меңгергендерін саралау.

Зерделі де зейінді, түсінігі қалыптасқан шәкірт тәрбиелеу.Тақырыпты түсінуге, өзара мысалдар келтіріп, өз беттерімен талдай алуға, сын есімнің түрленуіне қатысты мысалдарды анықтай алатын ұғымтал да жауапкершілігі мол шәкірт тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығулар орындау, талдау, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеу.

Сынып тазалығын шолу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Өтілген материалдарды шолу.

Жаттығуларды тексеру.

Талдауға берілген тапсырмаларды қарау.

ІІІ.Негізгі бөлім.

А) Оқулықпен жұмыс

1.Сын есім сөйлемде, әдетте, анықтауыш қызметінде болады.

2.Жіктік тұлғада тұрып, сын есім сөйлемде баяндауыш болады.

3.Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимылдың, іс әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш болады.

4.Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Сын есім атау септігінде тұрып, заттанып, бастауыш болады.

5.Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмекте септігінде заттанып, толықтауыш болады.

Мысалдар:

1.Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

2.Сен бір артық көркемсің.

3.Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.

4.Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

5.Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Ә) Дәптермен жұмыс

Оқушылар жаттығу жұмыстарын орындап, сын есімнің түрленуіне талдау жасайды.

Топтық жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөліп, сын есімнің түрленуіне мысалдар келтірту.

Жеке оқушымен жұмыс.

Үлестірмелі қағаздар таратылып, жазбаша жауап парақтары толтырылады.

ІҮ. Сабақты бекіту.

-Сын есім қалай түрленеді?

-Сын есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?

Ү. Үйге тапсырма.

65-жаттығу





© 2010-2022